Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақмола
облысы білім басқармасының жанындағы
«Ж.Мусин
атындағы Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжі» МКҚК
Сахналық
қойылым
Тақырыбы:
«Дос
іздеген бота»
(қазақ
халық ертегісі)
Өткізген:
«Сиқырлы әлем» қуыршақ театры
Дос
іздеген бота
Мақсаты:
ертегі
мазмұны бойынша бойларына мейрімділікті,
адалдық қасиеттерін сіңіру.
Міндеттері:
Білімділік:
ертегіні
байланыстыра сөйлеуге, өз ойын толық
айтуға дағдыландыру.
Дамытушылық:
сөздік қорын молайту, тілін, есте сақтау
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
досқа адал, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Кіріспе
бөлім:
Негізгі
бөлім: Ертегі
.........Ерте,
ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол
өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына
мейірімділікті, адалдықты үйретіпті.
Мөлдір көзді бота өте ақылды болып
өседі.
Бір
күні анасы:
-Боташым, мен саған жақсы достан басқасының
бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос
тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес,
-дейді.
Бота өзіне ұқсайтын
жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні
бар дос іздеп шығады.
Жайылып
жүрген құлынды көріп:
-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін,- деп бота
боздайды. -Иһ-һ-һі, кел, екеуміз дос
болайық,-деп құлын кісінейді. - Жоқ, сен
сияқты дос емес, -дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін бұзау болар,-деп құлын ботаны
шығарып салады.
Бота
бұзауға келіп:
- Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін,- деп бота
боздайды. - Мө-ө-ө, кел, екеуміз дос болайық
- деп бұзау мөңірейді. - Жоқ, сен сияқты
дос емес, -дейді бота. - Мүмкін қозы болар,
- деп бұзау ботаны шығарып салады.
Бота
қозыға келеді:
-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп
боздайды. -Мә-ә-ә, кел, екеуміз дос болайық
– деп қозы маңырайды. - Жоқ сен сияқты
дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін
күшік болар, - деп қозы ботаны шығарып
салады.
Бота
күшікке келіп:
-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп
боздайды. - Әуп-әуп, кел, екеуміз дос
болайық – деп күшік үреді. - Жоқ сен
сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін мысық болар, - деп күшік ботаны
шығарып салады.
Бота
мысыққа келіп:
-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп
боздайды. - Мияу-мияу, кел, екеуміз дос
болайық – деп мысық мияулайды. - Жоқ,
сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін әтеш болар, - деп мысық ботаны
шығарып салады.
Бота
әтешке келіп:
-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп
боздайды. -Ку-ка-ре-ку! Кел екеуміз дос
болайық – деп әтеш айғайлайды. - Жоқ,
сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін қарға болар,- деп әтеш ботаны
шығарып салады.
Бота
қарғаға келіп:
-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп
боздайды. - Қа –а –рр , қа- а- рр, екеуміз
дос болайық – деп қарға қарқылдайды, -
Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота
күлімдеп. - Мүмкін бақа болар, - деп қарға
ботаны шығарып салады.
Бота
бақаға келіп:
-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп
боздайды. - Бақ-бақ, кел, екеуміз дос
болайық – деп бақа бақылдайды. - Жоқ,
сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін ара болар, - деп бақа ботаны
шығарып салады.
Бота
араға келіп:
-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп
боздайды. - З –з-з-зз, кел, екеуміз дос
болайық – деп ара ызылдап қуа жөнеледі.
Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы
салбырап, ерні салпиып бота өз анасына
келеді.
Анасы:
-Дос
таптың ба, ботам? – деп сұрайды.
-
Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен
сұраңыз. Тура
мен сияқты ешкім жоқ екен, - дейді.
Анасы
жымиып:
-Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды
айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен
таңдау керек, - дейді. Бота қуанып, адал
достары: құлынды, бұзауды, қозыны,
күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны
ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы
үшін қоспаған екен дейді.
Қорытынды
бөлім:
«Данышпан
үкілер»
Иллюстрациялық
бейнелеу. Ертегінің негізгі ойын сурет,
сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп
көріңіз.Үлгі боларлық қорытынды. Топта
талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл
бөлуге болатын ойларды, пікірлерді
табыңдар.