400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегі "Дос іздеген бота"

Материал туралы қысқаша түсінік
ертегі мазмұны бойынша бойларына мейрімділікті, адалдық қасиеттерін сіңіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК













Сахналық қойылым


Тақырыбы: «Дос іздеген бота»

(қазақ халық ертегісі)




Shape1











Өткізген: «Сиқырлы әлем» қуыршақ театры














Дос іздеген бота

Мақсаты: ертегі мазмұны бойынша бойларына мейрімділікті, адалдық қасиеттерін сіңіру.

Міндеттері:

Білімділік: ертегіні байланыстыра сөйлеуге, өз ойын толық айтуға дағдыландыру.

Дамытушылық: сөздік қорын молайту, тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: досқа адал, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім:

  • Балалармен амандасу.

  • Балаларды ұйымдастыру.

  • Сайқмазақ шығып балаларға сыйқыр көрсетеді.

Негізгі бөлім: Ертегі

  • Балалар сендерге ертегі ұнай ма? Мен сендерге қызықты ертегі алып келдім ал олай болса

.........Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.

Бір күні анасы: -Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес, -дейді. 
Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.

Жайылып жүрген құлынды көріп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін,- деп бота боздайды. -Иһ-һ-һі, кел, екеуміз дос болайық,-деп құлын кісінейді. - Жоқ, сен сияқты дос емес, -дейді бота күлімдеп. - Мүмкін бұзау болар,-деп құлын ботаны шығарып салады. 

Бота бұзауға келіп: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін,- деп бота боздайды. - Мө-ө-ө, кел, екеуміз дос болайық - деп бұзау мөңірейді. - Жоқ, сен сияқты дос емес, -дейді бота. - Мүмкін қозы болар, - деп бұзау ботаны шығарып салады. 

Бота қозыға келеді: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. -Мә-ә-ә, кел, екеуміз дос болайық – деп қозы маңырайды. - Жоқ сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін күшік болар, - деп қозы ботаны шығарып салады.

Бота күшікке келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. - Әуп-әуп, кел, екеуміз дос болайық – деп күшік үреді. - Жоқ сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін мысық болар, - деп күшік ботаны шығарып салады.

Бота мысыққа келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. - Мияу-мияу, кел, екеуміз дос болайық – деп мысық мияулайды. - Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін әтеш болар, - деп мысық ботаны шығарып салады. 

Бота әтешке келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. -Ку-ка-ре-ку! Кел екеуміз дос болайық – деп әтеш айғайлайды. - Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін қарға болар,- деп әтеш ботаны шығарып салады.

Бота қарғаға келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. - Қа –а –рр , қа- а- рр, екеуміз дос болайық – деп қарға қарқылдайды, - Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін бақа болар, - деп қарға ботаны шығарып салады.

Бота бақаға келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. - Бақ-бақ, кел, екеуміз дос болайық – деп бақа бақылдайды. - Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін ара болар, - деп бақа ботаны шығарып салады.

Бота араға келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. - З –з-з-зз, кел, екеуміз дос болайық – деп ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді.

Анасы: -Дос таптың ба, ботам? – деп сұрайды.

- Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен, - дейді.

Анасы жымиып: -Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек, - дейді. Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен дейді.

Қорытынды бөлім:

«Данышпан үкілер»

Иллюстрациялық бейнелеу. Ертегінің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.Үлгі боларлық қорытынды. Топта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
806
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі