400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ертегі елінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету. 5 көлемінде сандық есептеуге, сандарды тура және кері санауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келісілді:

Әдіскер: Шаримбаева Э.Ш.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»

Білім бөлімі: Көркем әдебиет,ҚМТҚ , Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы : «Ертегі елінде»

Мақсаты:

Білімділік: - Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету. 5 көлемінде сандық есептеуге, сандарды тура және кері санауға үйрету.

Дамытушылық: Ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін, білімділігін, сөздік қорын дамыту, құрал-жабдықтарды құрастыра отырып, саусақ моторикасын жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, татулыққа, қамқорлыққа, адамгершілікке, бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. 

Қажетті құрал-жабдықтар: В.Воскобововичтің дамытушы ойындары : «Жұмсақ төртбұрыштары», «Күлгін орман» дамыту ортасы, Кейіпкерлер:Балақай Гео, Метр Қарға, Долька қыз.

Сөздік жұмыс: данышпан,зұлым, қамал

Билингвальды компонент: орман-лес, қыс-зима, үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, пішіндер-фигуры, қамал-замок, гүл-цветок

Іс- әрекет бөлімі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотива-

циялық қозғаушылық











Ұйымдастырушылық- ізденістік



































































































































Рефлексивті түзетушілік






Тәрбиеші балалардан көңіл күйлерін сұрайды :

  • Сәелметсіңдер ма, балалар.

  • Балалар, сендердің көңіл-кұйлерің қандай?

  • Оқу қызметімізды бастауға дайынбіз ба?

  • Ондай болса,менің сүйкімді балақайларым,шаттық шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбер

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Здравствуй, солнце золотое! (Ручки вверх).

Здравствуй, небо голубое! (Ручки в стороны).

Здравствуйте, мои друзья! (Все берутся за руки).

Очень рад вас видеть Я! (Раскачивают ручки).




-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? 
-Ал қазір жылдың қай мезгілі? 
-Ал,
күз мезгілін орыс тілінде қалай атаймыз? 
-
Далада ауа-райы қандай?



-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын жауабын тапсаңдар бүгін біз қайда саяхат жасайтынымызды білетін боласыңдар. Жұмбақ

1. Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан,

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан

2. Үй жинаған ұқыпты,

Бір қыз бопты ертеде

Тыңдамаған мысықты

Салыпты ғой әлекке

-Дұрыс айтасыңдар. Балалар, сендер білесіңдер ме, алыс,алыс шетелде «Күлгін орман патшылығы» бар екен. Сол патшылықты Зұлым сиқыршы сиқырлап тастапты. Патшалықтың тұрғындарына көмек керек екен.

-Барып көмектесеміз бе?

Ал,енді менің кішкентай балақайларым, ертегі еліне барғыларың келема?

- Ертегі еліне бару үшін қандай болу керек?

Дұрыс, олай болса ортамыздан көшбасшыны таңдайық. Ол бізге алдымызда кездесетін кедергілерден қорықпай өтуге көмектеседі./ көшбасшыны таңдап алу./

Балалар, көшбасшымызды таңдап алдық, ал «Күлгін патшалықтағы» сиқырлардан қорғану үшін бір зат болу керек. Мысалы, мен өзіме «Күлгін жамылғы» алдым, ал, сендер мына күлгін мойын орағыштарды тағындар. Ол сендерді Сиқыршының жаман сиқырларынан қорғайды.

-Балалар, ал енді айтыңдаршы маған, «Күлгін орман патшалығына» немен жетуге болады?

-Менде «Ұшатын кілем» бар, сонымен барсақ қайтеді? / кілемшені көрсетеді/.

Мына кілемшенің шеттерінен ұстаймыз да 5- ке дейін үш тілде санаймыз. Біз «Күлгін орман патшалығына» жеттік. Кілемді түсіріңдер. /теледидардан Метрқарға көрсетіледі/

  • Метрқарға: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен қарға Метр боламын. Біз тұратын «Күлгін орман патшалығын» Зұлымдар сиқырлап тастады. Сендер ары қарай жүру үшін тау-тастардан өтулерің керек. Ол тау-тастардан өту үшін мына тапсырмаларды орындаңдар:

  • Ұшатын кілемше үстінде жапырақтарды көрдіңдер ме?

  • Осы жапырақтар жәй емес, олар Ғажайып , әр ұлпанын астында сиқырланған тастар жатыр. Сол жұмсақ тастардан сендер геомериялық пішіндерді жасауларың керек.

  • Тәрбиеші: Кәне, балалар, кілемдегі ұлпаларды көрейікші. Расымен де қараңдаршы мына тастарды сиқырлап тастапты. Ендеше біздің бірінші тапсырмамыз осы «Жұмсақ шаршылардан» геомериялық пішіндерді жасап көрейік.

1 тапсырма: Жұмсақ шаршылардан» геомериялық пішіндерді жасау.

/ Теледидардан Патша сарайы – қамал көрсетіледі/

-Жарайсыңдар, балалар кедергіден өттік ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.

  • Долка қыз : сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сондай далаға шығып гүлдерді теріп, ойнағым келіп тұр, бірақта есіктердің бәрін сиқырлап тастады. Мен алаңқайыма жете алмай тұрмын.

  • Сендер маған көмектесесіңдер ме?

  • Алаңқайда бөренені көріп тұрсыңдар ма?

  • Сол бөрененің ішіне мен «Сиқырлы тақтайшаларымды» тығып қойғам. Сендер оларды

  • алып маған гүдін суреттерін жасап беріңдерші.

  • Жасап береміз бе, балалар?

2 тапсырма: «Геоконт» тақтайшасында гүлді жасау.



  • / Теледидардан Гүлзар көрсетіледі/

  • Рахмет сендерге, балақайлар!!

-Ал балалар саяхатымызды жалғастырайық.

/ теледидардан орман ішіндегі Гео Балақай /

Гео Балақай : Сәлеметсіңдер ме балалар, менде Күлгін патшалығына бара жатыр едім, алдымнан Зұлым сиқыршы шығып жолымды шыршалармен жауып тастады. Сендер мына тапсырманы орыңдасаңдар сиқыр жойылады. Алдарыңда тұрған шырша астында сандық тұр, сандықтың ішінде сиқырлы ұлпалар бар, сол ұлпалардағы дыбыстардан сөздерді дұрыс құрап шыршаға ілсеңдер жол ашылады.

3 тапсырма: Дыбыстардан сөз құра

/ Теледидардан «Күлгін орман» суреті көрсетіледі/

  • Балалар, қараңдаршы «Күлгін орман патшалығына» жеттік. Сендер көмектескен кейіпкерлермен Сергіп алайық.

Сергіту сәті

Музыка ырғағымен.

Д/о «Ертегі құрастыр»

Шарты: Өткен ертегі кейіпкерлерінің арасынан қысқы баспана ертегісінің кейіпкерлерін тауып құрастыру.

- Балалар қандай ертегі құрастырдық. Осы жасаған жұмыстарыңды көшбасшы қорғап берсін.

-Жарайсыңдар, балалар.

-Балалар бүгін біз қайда саяхат жасадық?

-Кімдерге көмек көрсеттік?

-Қандай ертегіні құрастырдық?

Балаларды мадақтау, бағалау

Қоштасу шеңбері

-Балалар шеңбер жасап келген қонақтарымызбен қоштасып, жасаған сыйлығымызды қонақтарға берейік.

Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстассақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!



Сәлемдеседі

Жақсы , \ қолдарын алдыға созып көрсетеді\

Иә,\қолдарын көтеріп бұлғайды\


Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Здравствуй, солнце золотое! (Ручки вверх).

Здравствуй, небо голубое! (Ручки в стороны).

Здравствуйте, мои друзья! (Все берутся за руки).

Очень рад вас видеть Я! (Раскачивают ручки).

4

-Күз мезгілі

- осень

- күн суытты, жапырақтар сарғайды,жаңбыр жауады.




Жұмбаққа қызығушылық танытады.



-Бауырсақ





-Мақта қыз бен мысық



Тәрбиешіні мұқият тыңдайды

-Иә

-батыл, ержүрек, мықты.

Балалар көшбасшыны таңдап алады







-Машинамен, атпен, сиқырлы ұшақпен.

-Болады.



Балалар кілемшенің шетінен ұстап, 1ден 5ке дейін үш тілде санайды.

қарғаМетр ға қызығушылықтары оянады.





-Иә көрдік





Ұшатын кілемшеге келіп ұлпалардың астынан «жұмсақ шаршыларды» тауып алады.

«Жұмсақ шаршылардан» геомериялық пішіндерді жасайды.











  • ия

  • ия





-жасап береміз

Балалар «Геоконт» тақтайшасында гүлді жасайды







Гео Балақайды тыңдайды





ұлпалардағы дыбыстардан сөздерді дұрыс құрап шыршаға іледі.





Музыка ырғағымен қимылдарды көрсетеді.



Шашылып жатқан суреттерден ертегі құрастырып, қандай ертегі екенін айтады.

Көшбасшы Жансая жасаған жұмысты қорғап береді.



Сұрақтарға жауап береді.

Орнымыздан тұрайық 
Әдепті бала болайык 
Көріскенше күн жақсы. 
Сау –саламат болайық. 

Любим, любим, любим, Любим мир вокруг,

Рады, рады, рады,

Что рядом с нами друг! 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5 көлемінде сандық есептеуді, сандарды тура және кері санауды біледі.

Игереді: өздеріне берілген тапсырманы мұқият орындауды игереді.

Меңгереді: өткен ертегілерді еске түсіріп, ертегі құрастырып, оны әңгімелеп беруді меңгерді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі