Тақырыбы: «Қызыл
телпек»
Мақсаты: Ертегі туралы білімдерін күшейту.
Балаларға ертегіні суреттеп, сахналауға
үйрету.
Сөйлеу мәдениеті,еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс
жеткізу.Баланың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін
дамыту. Өтірік айтпауға,
шыншылдыққа, ұқыптылыққа, жақсыдан үйреніп,жаманнан жиреніп,баланы
жақсылыққа,үлкендерді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үйшік,ертегі
кейіпкерлерінің киімдері, гүлдер,орман
ағаштары.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелеу,сахналау.
Қатысқаны:Әжесі,немересі,қасқыр,отыншы.
I
бөлім
1.Балаларды орындыққа
жайғастырып отырғызу.
2.Ертегі кейіпкерлерімен
таныстыру.
3.Ертегіні мұқият көруге
назарын аудару.
II
бөлім
Балаларға ертегі
кейіпкелері,орманды көрсетіп
таныстыру
III негізгі
бөлім
«Қызыл телпек»
ертегісі.
IV
бөлім
Қорытынды.
1.Балалардан ертегі туралы
түсініктерін сұрау.
2.Өтірік
айтпауға,шыншылдыққа,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге,үлкендерді
құрметтеуге баулу.
3.Сұраққа жақсы жауап
берген балаларды мадақтау.
Автор:
Ертеде кішкентай бір
сүйкімді қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің
де ең сүйікті немересі еді.Бірде
әжесі немересінің туған күніне
қызыл телпек сыйлапты.Қыз іжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп
жүретін болыпты.Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл
телпек»деп атап кетіпті.
Бір күні анасы бәліш
пісіріп,қызына:
Анасы:-Қызым, мына бәліш
пен бір құты майды әжеңе апарып,жағдайын біліп
қайтшы,-дейді.
Қызыл
телпек:-Жарайды,анашым,апарып
берейін,-деп бәліш пен май салынған себетті
алады.
Автор:Анасының сөзін екі
етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі тұратын ауылға
жету үшін орман арқылы өту керек
еді.
Қызыл телпек орманда жалғыз
жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең
айтып,гүл теріп,асықпай жүрді.
Бір кезде орманның ішімен
келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға
келді.
Қасқыр:- Қызыл телпек,сен қайда барасың?-деп
сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.
Қызыл
телпек:-Мен әжемнің үйіне
барамын,оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара
жатырмын,- дейді қыз.
Автор:
Қызыл телпек қасқырдың
жаман пиғылынан бейхабар еді.
Қасқыр:
- Ал әжең қайда тұрады?-
деп сұрайды қасқыр.
Қызыл
телпек:- Әжем бе? Ол орманның ар
жағындағы ауылда,ауыл шетіндегі дейірменнің жанында,диірменнің
жанындағы бірінші үйде тұрады,-деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің
тұратын жерін дәл айтып берді.
Автор:Бұл кезде жақын маңда
отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын.Қасқыр сол отыншылардың даусын
естіп,қызға тиіспейд.Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп
алған ол алдымен әжесін жемек
болады.
Қасқыр:-Жарайды,мен сенімен
бірге сол ауылға барып,әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын,кел екеуіміз
жарысайық.Сен мына жолмен бар,мен ана жолменжүрейін,-деп қасқыр
өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап
алады.
Автор:Қасқырдың ұсынысына
келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі.Ол жол-жөнекей асықпай гүл
теріп келеді.Ал қасқыр алды-артына қарамай,тура жолға қарай бет
алады.Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті
қағады.
Қасқыр:-Тоқ-тоқ-тоқ!
Әжесі:
-Бұл кім ? – деп сұрайды
.
Автор:Қасқыр дауысын
жіңішкертіп.
Қасқыр:-Әже,бұл мен
ғой,немере қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның
пісірген бәліші мен бір құты майын ала
келдім,-дейді.
Автор:Бұл кезде
ауырып,төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп
ойлап:
Әже: Айналайын қызым,тұтқаның
жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді
дауыстап.
тти
Автор:Қасқыр үйге кіріп
әжесін жеп қояды да, өзі төсекке жатып алып Қызыл телпекті
күтеді.
Бір кезде Қызыл телпек
келеді де есікті қағады.
Қызыл
телпек:-Тоқ-тоқ-тоқ!
Қасқыр:-Бұл кім ?-деп даусын
жіңішкертіп
Қызыл
телпек:-Әже,бұл мен ғой,немере
қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәліші
мен бір құты майын ала
келдім,-дейді.
Автор:Әжесінің орнына жатып
алған қасқыр жіңішке даусымен:
Қасқыр:-Айналайын
қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді
дауыстап.
Автор:Қызыл телпек ішке
кіріп,әжесінің жанына керуетке келіп
отырады.
Қызыл
телпек:
-Әже,әже неге сіздің
көзіңіз бен құлағыңыз үлкен ?
Қасқыр:
-Мен сені жақсы көру және
есту үшін!
Қызыл
телпек:
-Әже,әже неге сіздің
тісіңіз үлкен?
-Бұл сені жеу үшін!- деп
Қызыл телпекті жеп қояды.
Автор:Осы кезде үйдің
жанынан отыншылар өтіп бара жатып айқай-шуды естіп,үйге кіріп
төсекте қарны қампыйп жатқан қасқырды көріп не болғанын түсінеді
де,қасқырдың ішін жарып Қызыл телпек пен әжесін
құтқарады.
Автор: Баяғыда бір
ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі көк майсада шөп жеп, мұп-мұздай су
ішуге орманға кетеді екен.Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің
күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен.Ешкі өрістен
келген соң, есікті қағып:
Лақтарым,
шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша
қойыңдар!
Енелерің
келді-
Сендерге сүт
әкелді
Емешегім иіп
тұр.
Аппақ сүтім
тамшылап,
Тұяғыма тиіп тұр!
–
Автор: деп өлеңдетеді
екен.
Жеті лақ есік күршегін ашып
енелерін кіргізеді.Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға
кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып
алады.
Автор:Ешкі орманға кеткенін
байқап қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен ғой!Өзінің неше
лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой.Қарным бір тоятын болды.(деп
қарнын сипап қояды.)
Автор:Ешкінің өлеңін қасқыр
тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан
даусымен.
Қасқыр: О, Лақтарым!Ой
шырақтарым!
Аша
қойыңдар,
Аша
қойыңдар!
Енелерің
келді-
Сендерге сүт
әкелді
Тұяғым шылқыған
су.
Автор: -дейді
өлеңдетіп.
Лақтар:
-Естідік, естідік-біздің
енеміздің даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. –
дейді.
Автор:Қасқыр не істесін.Ұстаға
барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды.Өлең айтқанда
даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып
береді.
Қасқыр:
О, ұста менің көмейіме жіңішке
тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын.
Ұста:Қолымнан
келмейді.
Қасқыр:Жеп қоямын, жіңішкертіп
бер дейді.
Автор:Үйшіктің жанына келеді
де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті
қағып.
Лақтар: Бұл
кім?
Ешкі:Лақтарым,
шырақтарым!
Аша
қойыңдар!
Енелерің
келді-
Сендерге сүт
әкелді
Емешегім иіп
тұр.
Аппақ сүтім
тамшылап,
Тұяғыма тиіп
тұр!-
Автор:дейді
әндетіп
Лақтар:Есік ашып, енесін
кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын
анасына айтып береді.
Ешкі
кетерінде:
-Егер біреу келіп, мен айтатын
өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар,-деп
қатты тапсырады.
Автор:Ешкі кетісімен қасқыр
есікке келеді.Содан жіп-жіңішке
даусымен.
Қасқыр:
Лақтарым,
шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша
қойыңдар!
Енелерің
келді-
Сендерге сүт
әкелді
Емешегім иіп
тұр.
Аппақ сүтім
тамшылап,
Тұяғыма тиіп тұр! –деп
әндетеді.
Лақтар анасы екен деп есікті
ашады.
Қасқыр:О, шырақтарым менен
қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда күтіп
отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре
береді.
Автор:Ешкі өрістен келеді,
өлеңін қанша рет қайталайды.Үн жоқ.Қараса есік ашық, үйге кісе, бір
лақ қалмаған.Пештің ішін қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан
айрылған ешкі есігінің алдына отырып жылай
береді.
Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр
сіздің даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік
аштық.Қасқыр бізді алдап бауырларымды орианға алып
кетті.
Автор:Ешкі орманда аңшыны
көріп жылап көмек сұрайды.
Ешкі:Аңшы, маған көмек
беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып
кетіпті.
Аңшы:О, жүр мен оның сазайын
тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына
келеді.
Қасқыр:Ой, мынау аңшы ғой,
қолындағы мылтығы ма?Қой атып тастамай тұрғанда
қашайын.
Лақтар:О, анамыз келді, апа
кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-деп
жылайды.
Автор: Ешкі лақтарымен
табысып, орманда бақытты өмір
сүреді.