жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертегі еліндегі құм патшалығына саяхат
Батыс
Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Подстепный ауылы, «Бәйтерек»
бөбекжайының тәрбиешісі
Қарабаева Құралай Нұрымжанқызы
«Ертегі еліндегі құм патшалығына саяхат»
Тақырыбы: «Ертегі еліндегі құм патшалығына саяхат».
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық».
Бөлімдері: Көркем әдебиет, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, жаратылыстану, сурет салу, мүсіндеу, аппликация
Мақсаты: Көріп сезіну арқылы балалардың сөздік қорын молайтып, танымдық қабілеттерін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Ақыл ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдылыққа, құммен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құм патшалығы. Ойыншықтар, пішіндер, зерттеу жұмысына қажетті құрал-жабдықтар, шағын құмзар әр балаға, түрлі-түсті құм.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түрлі – түсті құммен сурет салу, танымдық ойындар, коммуникативтік ойындар, ертегі элементтері, музыка
Билингвалды компонент: Құм- песок-Sand
Оқу қызметі барысы:
Балалар саппен кіруі
1.Шаттық шенбері:
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық!
Жүрек жылуын салайық!
Жиналған жылы шуақты!
Қонақтарға сыйлайық.
Балалар амандасу
- Сәлеметсіздер ме!
- Здравствуйте!
- Hello!
Балалар біздің әлемімізден бөлек, құм патшалығы, құм қалашығы болады екен, оның әдемілігін, ерекшелігін көргілерін келе ме? Алдымен құм туралы мағлұмат аламыз. Құм -нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм сусымалы зат. Құмды бір орыннан екінші орынға сусытып себуге болады.Адам құрылысқа сазбен бірге құмды пайдаланады. Құм қосылған саздан кірпіш және алуан түрлі ыдыс жасайды.
Бірақ естерінде болсын құм патшалығына тек қана білімді, өнерлі балалар кіре алады.
Тәрбиеші: -Балалар, Құм патшалығына саяхат жасағыларын келе ме?
Балалар: - Иә
Тәрбиеші: -Балалар естігендей сендерге көптеген тапсырмалар кездеседі. Дайынсындар ма, орындауға?
Балалар: - Иә
Тәрбиеші: - Олай болса Құм патшалығына дайындалайық. Алдымен балалар
экранға назар аударайық. Қарандар балалар саяхат жасайтын жеріміз міне айнала құм, ешқандай ағаштар, гүлдер жоқ, өте ыстық. Сондықтан балалар Құм патшалығына аттанбас бұрын басымызға қалпағымызды киеміз, суымызды салып алайық, дайынбыз ба балалар, жолға шығайық.
(Әуен қосулы балалар саппен құм патшалығына келеді).
Тәрбиеші, балалар:- Сәлеметсіз бе, Патша.
Сіздің патшалығыңызды аралауға келдік.
1.Құм патшасы: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Қош келдіңдер!
Құм патшалығын араламас бұрын менің сендерге тапсырмам бар. Сендердің білімдерің мен тапқырлықтарыңды көргім келеді. Менің тапсырмам құммен жасалатын тәжірибелерді көргім келеді.
Тәрбиеші: Құммен жұмыс жасау ережелермен таныстырып өтейін.
Тапсырманы орындамас бұрын қауіпсіздік ережесін айта кету.
*Алжапқыштарын кигізу.
*Жұмыс жасаған кезде бір бірімізге кедергі жасамаймыз.
*Құмды ауызға салуға болмайды.
*Шашуға да болмайды.
*Құммен жұмыс жасағаннан кейін қолмызды сүрту керек.
*Берілген тапсырманы ұқыпты орындауымыз керек.
Тәжірибе.
Құралдармен таныстыру, тәрбиеші жасап көрсету.
Құмды алақанмен тексеру.
Қандай құм?
Құрғақ па, дымқыл ма?
Тәжірибе.
Құралдармен таныстыру, тәрбиеші жасап көрсету.
Құмды құйғыш ыдыстан (варонкадан)өткізу.
Құрғақ құм тез өтіп кетеді.
Дымқыл құм өтпейді.
Тәжірибие.
Құралдармен таныстыру, тәрбиеші жасап көрсету.
Ұлғайтқыш әйнекпен қарау.
Түстерін ажырату.
Құрғақ құм сарғыш болады.
Дымқыл құм қоюлау болады.
Тәжірибие.
Құралдармен таныстыру, тәрбиеші жасап көрсету.
Құм Суда ерімейді. Құрғақ құмда, дымқыл құмда суда ерімейді.
Әр түрлі пішіндер жасау.
Құралдармен таныстыру, тәрбиеші жасап көрсету.
Дымқыл құмға пішіндерді жасай аламыз.
Құрғақ құмға пішіндерді жасай алмаймыз.
Тәрбиеші: Құм патшасы, біздің балалар Жаз ханшайымының сәлемдемесін әкелген болатын, ол қызықты жұмбақтар, тыңдап көріңіз.
2.Құм патшасы: Жарайды, менің келген қонақтарым да маған көмектесетін шығар...
1.Қош иісті, бірақ әтір емес,
Түрлі-түсті, кемпірқосақ емес,
Анаға сыйлаймыз, бірақ әшекей емес. Бұл не болды сонда? (Гүл).
2. Қанаты бар, бірақ инелік емес,
Аспанда болады, бірақ бұлт емес,
Ағаштарды емдейді, бірақ дәрі емес. Бұл не болды сонда? (Құстар).
3. Өзі доғал, бірақ көпір емес,
Түрлі-түсті, бірақ қарындаш емес,
Жаңбырдан кейін шығады, бірақ саңырауқұлақ емес. Бұл не болды сонда?
(Кемпірқосақ).
4. Гүлдерге қонады, бірақ көбелек емес,
Шағады, бірақ маса емес,
Балды жақсы көреді, бірақ аю емес. (Ара).
2.Құм патшасы: Тамаша, Балалар, Құм патшалығын араламас бұрын тағы бір менің тапсырмам - жақсы бір ертегі көргім келеді.
Тәрбиеші: - Әрине, біздің балаларымыз көптеген ертегі сомдап бере алады. Бүгін сізге «Көжектің үйшігі» атты ертегіні сахналап берсін, сіз ертегіні тамашалаңыз.
«Көжектің үйшігі» ертегісі
Автор: – Ертеде түлкі мен қоян болыпты. Түлкі үйшігін мұздан жасаса, көжек үйшігін ағаш қабығынан жасаған екен. Құлпырып көктем шықты. Түлкінің мұз үйшігін еріп кетті, ал көжектікі сол қалпында тұра береді. Қу түлкі көжектің үйіне бір түнеп шығуға рұқсат сұрайды.
Түлкі: ( Асанали)- Қоян мені бір түнеп шығайыншы.
Көжек:( Меруерт)- Жарайды кіре ғой.
Кіріп алған соң, көжектің өзін қуып шығады.
Көжек байғұс жылап бара жатып, бір күшікті кездестіреді.
Күшік: ( Ақнұр) – Әуп-әуп-әуп! Неге жылайсың , көжегім?
Көжек: (Меруерт) – Қалай жыламаймын! Мен үйшігімді ағаш қабығынан жасаған едім, ал түлкінікі мұз үйшік болатын. Бір түнеуге рұқсат сұрап, үйіме кіріп алды да, өзімді қуып шықты.
Күшік: ( Акнұр) - Жүре ғой. Жылама, бірге барайық қу түлкіге.
Автор: - Екеуі үйшікке бірге барады.
Күшік:( Ақнұр) – Әуп-әуп-әуп! Шық үйден, қу түлкі.
Түлкі: (Асанали) - Осыдан секіріп шығам да, бәріңді бытшыт етемін.
Автор: – Қорқып кеткен күшік тұра қашты.
Автор: – Көжек жылаған күйі жол бойымен әрі қарай кетіп бара жатты. Алдынан аю шығып
Аю: ( Мадияр) - Неге жылайсың көжегім?
Көжек: ( Меруерт) - Қалай жыламаймын! Мен үйшігімді ағаш қабығынан жасаған едім, ал түлкінікі мұз үйшік болатын. Бір түнеуге рұқсат сұрап, үйіме кіріп алды да, өзімді қуып шықты.
Аю: (Мадияр) – Жүр, саған бір көмегім тиер.
Автор: – Екеуі үйшікке келеді. Аю бар дауысымен ақырады.
Аю: (Мадияр) – Шық үйден, қу түлкі.
Автор: – Түлкі болса, пештің ішінен.
Түлкі: (Асанали) - Осыдан секіріп шығам да, бәріңді бытшыт етемін
Автор: – Аю да қорқып, қаша жөнеледі.
Автор: – Бір томарға отырып алып, одан бетер жылауға басты.
Айдарлы әтеш келе жатты. Ол коянға келіп.
Әтеш: (Сабина) – Неге жылап отырсың, қоян?
Көжек: (Мерует) - Қалай жыламаймын! Мен үйшігімді ағаш қабығынан жасаған едім, ал түлкінікі мұз үйшік болатын. Бір түнеуге рұқсат сұрап, үйіме кіріп алды да, өзімді қуып шықты.
Әтеш: (Сабина) – Жүр, мен оның жазасын беремін!
Көжек: (Меруерт) – Жоқ, әтешім. Күшік пен аюдың шамасы келмеді, сен не істей аласың?
Әтеш: (Сабина) – Қуып шығамын оны! Жүр!
Автор: – Екеуі үйшікке таяп келді.Әтеш аяғын тарсылдата басып, қанатын қағып қағып қойды.
Әтеш: (Сабина) – Ку-ка-ре-ку! Бар күшімді жиып, арқамдағы шалғымен түлкіні шабайын деп дайындалып келем. Әй, түлкі, пештен шық та, жоғалт көзінді!
Автор: – Оны естіген түлкі қорқанынан былай деді.
Түлкі: (Асанали) – Киініп жатырмын, аяғымды киейін...
Автор: – Әтеш тағы қайталады.
Әтеш: (Сабина) - Ку-ка-ре-ку! Бар күшімді жиып, арқамдағы шалғымен түлкіні шабайын деп дайындалып келем. Әй, түлкі, пештен шық та, жоғалт көзінді!
Автор: – Түлкі қорқанынан пештен секіріп, терезенің алдына қарғып шықты да, орманға қарай қаша жөнелді. Көжек болса, өз үйшігінде әтешпен бірге уайым қайғысыз, тату – тәтті өмір сүріпті.
Құм патшасы: - Жарайсыңдар балалар! Өте тамаша. Енді тағы бір тапсырма енді осы ертегінің кейіпкерлерін құм арқылы салып беріндерші.
Тәрбиеші: - Қалай балалар, бұл тапсырманы орындап береміз бе?
Ендеше кәнекей жақындайық .
Тәрбиеші бірінші өзі көрсетеді, бала отырып тыңдайды, содан кейін барып жұмысты бастайды.
Құм терапия-ол адамның ойлау қабілетін дамытады. Зейінін арттырады.
Күннің суретіне жиек сызығынан (контур) шығармай ПВА желімлін қылқаламмен жағып, үстіне сары құм себелеу арқылы күннің суретін жапсырып шығамыз.
Баланың жұмысын патшамен бірге мадақтау.
Патша риза болып, балаларды өз патшалығына кіргізеді.
Патша балаларға сыйлығын береді.
Құм патшалығына саяхат ұнады ма?
Онда біз не істедік?
Патша: Балалар мен сіздерге ризамын, тапсырмамды жақсы орындағандарың үшін менің сыйлығым бар, соны қабыл алыңдар. (Балаларды мадақтап смайликтер береді.)
Тәрбиеші: Олай болса Құм патшасына рахмет айтып, құм әлемін аралап, тобымызға оралайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген