400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегі еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі мазмұнын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын сақа» ертегісі 23.01.2018

Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі
Сабақтың білімділік мақсаты:
«
Алтын сақа» ертегісі бойынша алған білімдерін пысықтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: ертегіні мазмұндау және талдай отыра ойларын тиянақты жеткізе білуде ойлау шеберліктерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ертегіні оқи отыра қазақ әдебиетінің бай мұрасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: мұғалім сөзі, сұрақ - жауап, салыстыру
Жұмыс түрлері: топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер
Пәнаралық байланыс: музыка,дене шыны
қтыру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:
1) Сәлемдесу;
2) Оқушыларды түгелдеу
II. Қайталау (1 - флипчарт)
Сұрақтар:
1) Халық ауыз әдебиетінің түрлері қандай?
2) Ертегілердің жанрларын атаңдар
3) Ертегі дегеніміз не?
4) Ертегілер бізге қалай жеткен?
5) Ертегілердің түрлерін атаңдар.
Өткен сабақта қандай ертегімен таныстық?
- Осы шығарма ертегінің қандай түріне жатады?
- Қиял - ғажайып, себебі, бұл ертегіде ғажайыптар, өмірде болмайтын оқиғалар кездеседі.
Оқушылар мысалдармен дәлелдейді.
1) «... Өкпе суға батып кетіп, жалмауыз кемпір болып шығады...»
2) «... Батыр қотыр тайды жүгендегенде қотыр тайдың ауруы жазылады...»
3) «... Кемпір бір тісін жұлып алғанда, аттың бір аяғы жұлынып түседі...» - Осының бәрі қандай көркемдегіш құралға жатады?
- Әсірелеу (гипербола)
Екі түлкі адамдардың мінезін, іс - әрекетін көрсетіп тұр.
- Пернелеу (аллегория)
«... Ат басындай алтын, көзі алақандай болу»
- Теңеу (сравнение)
III.
1) Үйде алдын ала оқыған ертегінің мазмұнын айтып беру.
2) «Алтын сақа» ертегісінің ішкі мазмұнына назар аудару.
Суреттер арқылы мазмұнын еске түсіру.
А) Жоғалған алтын сақа (қара сөзбен айтып беру) (2 - флипчарт)
Ә) Жалмауыз кемпір мен баланың кездесуі (рольдік оқу) (3 - флипчарт)
Б) Жалмауыз кемпір және екі түлкі (қара сөзбенайтып беру) (4 - флипчарт)
В) Жалмауыздан құтылу(оқу) (5 - флипчарт)
Енді ертегінің мазмұнын деңгейлік тапсырмалар арқылы қорытындылаймыз.
Негізгі деңгей
«Алтын сақа» ертегісі бойынша кестені толтыру(6 - флипчарт)
Ертегінің түрі .Кейіпкерлер. Ертегі қалай басталады ?Ертегі қалай аяқталады? жағымды жағымсыз
Орта деңгей
1.«Алтын сақа» ертегісі қалай басталып, қалай аяқталады? Орыс ертегілерімен салыстыр
2. Ертегілер неге жақсылықпен аяқталады? Ойыңды дәлелде.
Ортадан жоғары деңгей
«Алтын сақа» ертегісін неге қиял - ғажайып ертегісіне жатқызамыз? Ойыңды ертегі мазмұны бойынша дәлелде.
Жоғары деңгей
Ертегінің негізгі идеясы қандай? Дәлелдеп беріңіз.
Мұғалім сөзі: Қазақ халқының «Адам досымен, ағаш тамырымен мықты» деген мақалы бекер айтылмаса керек. Достарының көмегі арқасында бала өз мақсатына жетті. Ендеше, сендер де бір - бірлеріңнен достық көмектеріңді аямауларың керек.
Үйге тапсырма: 1. Ертегіні мазмұндау
2. Ертегі бойынша сурет салу
Қорытынды: Оқушылардың білімін бағалау.Кері қайту

Ілмек сөздер: Алтын сақа ертегісі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі