400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

ертегі еліне саяхат "Алдар Көсе мен Бай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбиелік қойылым Алдар Көсе мен Бай туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай көрінісі 3 сынып оқушыларына арналған шағын қойылым

Автор

Бір күні Алдар Көсе, Шықбермес Шығайбайдың үйіне келді.

(Үйге кірмес бұрын тесіктен сығалап барлығы не істеп отырғандарын көріп алады.)

Алдар Көсе

Ассалаумағалейкум!

Бай

Хош, келдіңіз,Алдар! Үйде тамақ жоқ. Ашпыз.

Автор

Үйдегілер қолдарындағы барлық тағамдарын бір сәтте тыға қояды.( Бай шұжық аударып отырады, Бәйбіше қойдың басын тазалап, Тоқалы қаздың жүнін жұлып, қызы нан жәйып отырады) Алдар Көсе кіріп келгенде олар сасқалақтап қолдарындағыларын тыға қояды.

Бәйбіше

Ойбай, өзіміз аш отырмыз.

Тоқалы

Мына қу қайдан келді

Қызы

Көктен түсті ме?

Бай

Алдар әңгіме айт.

Алдар Көсе

Көренімді айтайын ба, естігенімді айтайын ба?

Жарайды! Көргенімді айтайын:

Жолда келе жатып, жылан көрдім. Дәл сіздің астыңыздағы шұжықтай. Оны Бәйбішенің астындағы қойдың басындай таспен ұрдым. Сонда қыздың көйлегінің астындағы нандай

жалп етті.

Өтірік айтсам, тоқалдың астындағы жүнін жұлған қаздай жазаласын.

Автор

Бұны күтпеген Бай ашуланып. Астындағы шұжықты, Бәйбішесі басты, тоқалы қазды, қызы нанды алып шығады.Барлығы қазанға лақтырады. Әйеліне қазан ас деп бұйырды.

Бай

Шоқ ,түссін тіліңе

Бәйбішесі

Ит жесін, ит жегірді

Тоқалы

Оңбаған, қайдан шықты?

Қызы

Мына сайтанды қарашы?

Бай

Бәйбіше, ас қазанды !

Бәйбішесі

Қайна қазан, бес ай!

Алдар Көсе

Отырайын он ай!

Автор

Алдар етігін шешіп, жайғасып отырды. Бай Алдардың ұйықтағанын күтті. Сөйтіп жатып өзі ұйықтап қалады.

Бай

Ал, енді жатайық!

Автор

Түн ортасында Алдар Көсе ақырын тұрып , піскен тамақты жеп тойып алып, қайтадан ұйықтап қалады.

Алдар Көсе

Асын қимаған аш жатады. Етін қимаған етігін жейді.(бетін сипап қояды)

Автор

Бай өте сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам болған. Үйіне кісі келсе: - Шық - әй! – дейді. Осыдан жұрт оны «Шығайбай» атап кеткен. Ел арасында Алдар көсе қанша қу болса да, Шығайбайды алдай алмас, - дейтін сөз тарайды. Алдар Көсе ашуланып байдан өшін алады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
1236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі