Ертегі еліне Саяхат
Тақырыбы: Ғарыш әлемі
(Балаларға арналған қысқа көрініс
сценарийі)
КЕЙІПКЕРЛЕР:
•Айдар – батыл ғарышкер
•Бобик – Айдардың ақылды иті
•Тоша – көңілді жасыл динозавр
•Тото – кішкентай ұшатын робот
1-КӨРІНІС: ҒАРЫШ КЕМЕСІНІҢ
ІШІ
(Айдар мен Бобик ғарыш кемесінде отырады.
Терезеден жұлдыздар көрінеді. Борттағы робот – Тото да ұшып
жүр.)
Айдар:
— Біз
жаңа планетаға жақындап қалдық! Бобик, дайынсың
ба?
Бобик (құлағын қасып):
— Ғав! Мен әрқашан дайынмын!
Тото:
— Есеп бойынша, бұл планетада үлкен тіршілік иелері
бар!
(Кеме жұмбақ қызыл планетаға
қонады.)
(Сахнаға кішкентай жұлдыздар жүгіріп шығып, би
билейді.)
Жұлдыздар (бірге):
—
Біз – жарық шашатын
жұлдыздармыз!
(Жұлдыздар айналып билейді, балалар олармен
бірге қозғалады.)
Тото:
—
Жер – көгілдір планета, онда адамдар, жануарлар
және өсімдіктер бар.
Жұлдыздар:
—
Қандай қызық! Маған Жер туралы көбірек айтып
беріңдерші!
(Балалар Жер туралы айтып береді, ал Зета
өзінің планетасын көрсетеді. Олар бірге ойнайды, айналасын
зерттейді.)
2-КӨРІНІС: БЕЛГІСІЗ
ПЛАНЕТА
(Айдар мен Бобик сыртқа шығады. Айнала биік
көк шөптер, үлкен ағаштар, аспан күлгін түсті. Бір кезде жер
шайқалғандай болады.)
Айдар:
— Бұл
не? Жер сілкінісі ме?
(Кенеттен алып қоңыр динозавр – Тоша пайда
болады! Ол ашулы көрінеді.)
Тоша (ашулы дауыспен):
— Сендер кімсіңдер?
Бобик (шошып, Айдардың артына
тығылады):
— Ғав! Бұл үлкен!!!
Айдар (сенімді):
— Сәлем, Тоша! Біз Жерден келдік. Біз
ғарышкерміз!
Тоша:
— Жер? Қызық екен! Сендермен дос болғым
келеді!
(Тоша Бобикті иіскейді, ал Бобик оны ақырын
түртіп көреді.)
Бобик:
— Сен
қорқынышты емессің ғой!
Тоша (күліп):
— Әрине! Біз бұл жерде бәріміз достықты жақсы
көреміз!
(Тото ұшып келіп, бәрін суретке
түсіреді.)
Тото:
— Жаңа достық тіркелді!
3-КӨРІНІС: ДОСТЫҚ
МЕРЕКЕСІ
(Айдар, Бобик және Тоша бірге секіріп,
ойнайды. Тоша Айдар мен Бобикті арқасына отырғызып, үлкен серуен
жасайды. Олар планетаның түрлі ғажайыптарын
зерттейді.)
Айдар:
— Достық – ғаламдағы ең керемет
нәрсе!
Тоша мен Бобик
(қосылып):
— Достық жасасын!
(Музыка ойналады, көрініс достықпен
аяқталады.)
ҚОРЫТЫНДЫ:
Ғарышта да достар табуға болады! Айдар, Бобик
және Тоша бір-біріне көмектесіп, нағыз достықтың не екенін
түсінеді.
(Балалар қол
шапалақтайды.)