Материалдар / "Ертегі жаңа жыл" атты сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ертегі жаңа жыл" атты сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада және бастауыш сыныптарда пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
3923
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ертегі жаңа жыл» атты жаңажылдық сценарий


Жүргізуші: Бүгін келді жаңарып

Би-билейік, ән салып

Жасыл шырша жанында

Сәлем бізден баршаға

Құттықтаймыз жар сала

Бүгін бізде Жаңа жыл

Қош келіпсіз шыршаға

Жаңа жылда көңілді

Шырқалады әніміз

Ата-аналар сіздерді

Құттықтаймыз бәріміз!

(Балалар музыкамен ортаға шығады.)

Құттықтау сөзі _______________________________________________ _________________беріледі.

Жүргізуші: Балалар,мен бір жұмбақ жасырамын шешуін табыңдаршы

Аяз қысып ,өрнек сызып

Терезені торлайды

Қарға омбығып,бет домбығып

Балдырғандар ойнайды

Кейде ұлып,кейде жұлып

Ұйытқып боран соғады

Білсеңіздер айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Қыс мезгілінде.

Жүргізуші:Жарайсыңдар,дұрыс.Ал осы қыс мезгілінде ерекше тойланатын мереке қалай аталады?

Балалар: Жаңа жыл.

Жүргізуші: Ән саламыз,би билеп,

Жырдан шашу төгілді

Бүгін біздің Жаңа жыл

Қандай әсем көңілді.

Балалардың орындауында «Жаңа жыл»

Би: «Аққала биі» мини-центр

Таппақ.Стихи.3 рус.пред.Зарина,Ярослав,Кира.

3 каз.пред.4 м-ц.

(Сол кезде ортаға ертегі авторы келеді)Автор: Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар,балалар және қонақтар!Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!Менің бүгін немерем келуі керек еді,соны тосып алуға келдім.Бірақ немеремді таппай тұрмын,кешігіп жатыр-ау шамасы. Кәнеки балалар немерем келгенше,сендерге қызықты ертегі айтып берейін бе?Тыңдағыларың келеді ме?

Балалар: Тыңдап тамшалағымыз келеді.

Ертегі «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

(Үй жануарлары бір жерден,жабайы жануарлары бір жерден шығады)

Автор: Бұрынғы ерте заманда хайуандар жыл басына таласыпты. Бұл оқиға былай болған екен... Орман ортасында ұйықтап жатқан қоян есінеп, ұйқыдан жаңа оянғандай, жан- жағына қарап, біреулерді іздейді. Сол сәттен бастап ешкімді көрместен өзімен -өзі билей жөнеледі. Қоянның билеп жүргенін көрген орманның түрлі хайуанаттары жиналады. Оларда билеп қоянға қосылып кетеді. Бидің аяғында сағаттың соққан дыбысын тыңдап тұрып қалады. «Бұл не? Иә, бұл – келе жатқан жаңа жыл ғой. Ал, жыл басы кім болады». 



Қоян: Қардай аппақ қоянмын, Жазда сұрға бояндым, Жылды өзім бастайтын боп, Тәтті ұйқыдан ояндым. Сол түсімде , сен болшы деп, Бәрің мені сұрадың, Не? Таңдана қарайсыңдар? Соған билеп, қуандым. 

Автор: Жыл басы тек мен болам, деп хайуандар таласты. Өз - өздерін мақтаумен, айтыстары жарасты Жануарлардың бірінші хоры: Жылды қарап тұрайық, ойын – сауық құрайық. Таңды бұрын көргенді, жыл басы деп ұғайық.

 автор: Ормандағы ашық алаңға жайланып жайғасқан хайуанаттардың әр қайсысы жыл басы болуды қалап: «Неге мен емес? Мен кімнен кеммін?» деген өзара талас басталады. Маңғаздана асықпай басып, ортаға алдымен Сиыр шығады. Сиыр: «Мө» деп мөңіредім Молшылық төңірегім Жыл басы боламын деп Ертерек келіп едім Көгалда тұрағым Дайын тұр құрағым Етіммен, сүтіммен Адамға ұнадым.

 Автор: Бір кезде ортаға жылқы шауып келіп, өзін мақтай бастайды. Жылқы: Алысқа шауып барамын. Адамның бабын табамын, Пайдасы мол жылқының. Жыл басы мен боламын, Әсем десең әсеммін, Кең далада көсіліп, Самал желдей есемін. Автор: Түйе ішінен «Мен бәрінен ақылды да сұлумын, бойым да биік, жыл басын тек мен бастауым керек» деп жан жағына менсінбей, кербездене қарайды. Түйе: Түйе, түйе түйемін, Жануармын киелі Кім таласар бойыма Жыл басына иемін. Жан – жағыма қараймын Күн мен түнді санаймын. Мен өзімді даланың Кербезіне балаймын. АвторТүйенің сөзі аяқталысымен қаһарлана ырылдап, ортаға Барыс шығады. Барыс: «Ырр, ырр» барыспын, барыспын, Бәріңе де таныспын. Айналама сыйлымын,сыйлымын, Сезімсізбен алыстым, алыстым. Күшіме сенемін, бәріңді де жеңемін. Жыл басы болуға шіреніп келемін. Ұлу: Ұлу деген мықтымын, Жарқын – жарқын шықты үнім. Ойым озар өзімнен, ақыл, ой бар сөзімде. Үйім бірге өзіммен, сабыр етем төзіммен Күш пен көріп құлпырар салиқалы сөзімде. Автор: Мір мезетте ортаға маймыл секіріп шығып, бәрін мазақтай бастайды. Ол жыланға келіп тиіседі. Жайбірақат жатқан Жылан шағып алғысы келеді. Маймыл сәл кідіріп, қайтадан мазақтауға көшеді. Басқа жануарлар екеуінің таластарын бақылап тұрады. Ақылды жылан соңында маймылмен татуласып, екеуі билей жөнеледі. Жылан мен маймылдың биі ( музыка)Жылан: Жыл басына лайық сұлу жыланмын, Күштімін де, жылдам десе жылдаммын. Шағады деп бекер жала жабады, Адамды мен умен емдей аламын. Маймыл: Эй, достарым, бекер дауды қойыңдар, Бір шындықты қайсың болсаң мойында, Бәріміздің ішімізден - мен ғана Ұқсаймын ғой, ұқсаймын ғой адамға. Қой: «Бә,бә,бә» мен қоймын, көк шөпке тойдым. Жыл басы болуға кетіп тұр ойым.Қараңдаршы қандаймын, аппақ болған таңдаймын. Жыл басына ылайық, жарқырап тұр маңдайым. Тауық: «Қо,қо, қо, қоқ» жыл әлі неге жоқ. Жұмыртқамды жеген соң, барлық бала тоқ. Құрт – құмырсқа жемтігім, жоқ ешбір кемтігім. Бәрінде бос мақтанып, шаршамаңдар ентігіп. Ит: Абалап үремін, үйді қарап жүремін , Адамның көмекші, досының бірімін. Ит болған соң үремін, Сергек өмір сүремін. Жеті қазынаның бірімін, Адамды қорғап жүремін Жануарлардың екінші хоры. Тышқан қулық ойлайды, шиқ-шиқ етіп қоймайды, Шығып алып түйенің өркешімен ойнайды. Доңыз: Қорс, қорс етемін, Қорсылдақпын онсы рас, Жылдың басы мен болмасам, Сонда өзі кім болмақ? Мен адамды мазалап, сұрамаймын тұнық су, Тамақты да талғамай жей беремін хрю-хрю. АвторТүйе мойнын созады, мен болам деп жар салып. Тышқан одан озады, жылды алғаш қарсы алып. Тышқан деген батырың, таңды көзбен атырды. Төбесінен түйенің жылды көріп қатырды. Тышқан: Алақай, алақай, күнді көрдім алақай. Қулығыммен, ақылыммен бәрін жеңдім алақай.(2 рет) Автор: Барлығың да қараңдар, енді үйге тараңдар, Жылды көрген тышқанды жыл басы деп санаңдар. Сол кезден бері жылды Тышқаннан кейін Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық , Ит, Доңыз көрген екен. Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап, ештеңені түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр алақан қалыпты. Жануарлардың соңғы хоры. Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, Мешін, тауық, ит, доңызды санап, жаттап біліп қой. Жан жануарлар достық пен сыйластықты, ақылдылықты, тапқырлықты мойындап әнге қосып, би билеп, жаңа жылды тойлаған екен.( Бәрі билеп,сахнадан кетеді)

Барлық жануаралар шығып балаларға тілек айтады.

Ит жылымен қоштасу. Доңыз жылы сөзі.

Доңыз: Келдім міне, жаңа жыл ортамызға

Құт- береке әкелсін баршаңызға

Аңсаған армандарың орындалсын

Өміріңіз бақыт пен нұрға толсын.

(Түлкі мен қасқыр келеді)

-Ойбай,мында не болып жатыр?Неге жиналып алғансыңдар? (біз жыл басын сайлап қойдық)

-Неге бізді шақырмайсыңдар?Бізде жыл басы болғымыз келеді.

Автор:-Сендер менің немерем Ақшақарды көрдіңдер ме?

-Көрдік,көрдік сіздің немереңізді.Бір жылды бізге атамасаңдар,біз Ақшақарды жібермейміз.

Автор:Олай болуы мүмкін емес.Ештеңені өзгерте алмаймыз.

-Олай болса біз бұрын соңды жаңа жылда болып көрмеп едік,бізге қалуға рұқсат беріңдер.

Жүргізуші:-Қасқыр мен түлкі балалармен бірге флешмоб билегілерің келе ме?

-Арине.

Флешмоб.

Түлкі мен Қасқыр:-Ой ,қандай көңілді!Жарайды онда біз аяз ата мен ақшақарды ертіп келеміз.

Ну,хорошо.Вы развеселили нас.Отдадим вам вашу снегурочку и деда мороза.И уходят.

Вед.:Ребята давайте позовем с Вами деда и снегурочку.

Жүр.:Кәнеки,балалар,Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

-Аяз ата,Ақшақар

-Дед Мороз,Снегурочка!

Аяз Ата

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Ақшақарларың сендерге
Шаршап келді алыстан

Ақшақар: Мінекей жасыл шырша,

Қуаныш жалпыға.

Құлпырған сүйікті шырша,

Жарқыра,жарқыра, жарқыра!

(Шырша жарқырап жанады.)

Ән: «Жасыл шырша жанында»Хоровод.

Жүргізуші: Бізде әсем әнде,би де бар

Отыр ата ,сәл демал.

Таппақ.Стихи. 3 рус.пред.Артём,Рита,Аслан.

6 каз.пред.4 м-ц.

Аяз Ата: Жарайсыңдар! Менің көңілім көтеріліп қалды.

Ақшақар:Аяз Ата,балалардың көңіл көтеріп «Игра-повторялка»ойынын ойнайық.

Ойын. «Шыршаны безендіреміз» ойыны ойналады.

Жүргізуші: Балалар, енді мерекеге арналған тақпақтарымызды айтайық.

Таппақ.8 м-ц,4 к-р

Би.Предшкола танец.

Би.Даярлық тобы.

Ән.Хоровод.

Ақшақар: Аяз ата біз қалай кетеміз? Балаларға сыйлық таратқан жоқпыз.

Аяз Ата: Әй, осы мен қартайдым. Сыйлықты ұмытып кетіппін.

( Балаларға сыйлық таратады. Балалармен қоштасып кетеді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2019 - шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жетететін, ой мақсаттар жүзеге асатын, арман тілектер ақталатын жыл болсын!

Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!