Ертегі караоке

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ертегі караоке

Материал туралы қысқаша түсінік
Өте әсерлі ертегі кеші
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында «Ертегі әнім – ермегім»

Караоке

Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, жақсы мен жаманды, адалдық пен зұлымдықты, шындық пен өтіріктің арасын айыра білуге, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.



-Саламатсыздарма құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Ертегі әнім – ермегім» атты (караоке) шарамызға қош келдіңіздер!

-Әжем менің көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды.
Еліктіріп,ертегі бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.
«Айта берсе екен» деп,
Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.

- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?


- Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Әжем айтқан ертегі» әнін (караоке) орындайық.

«Ерте, ерте, ертеде...», – деп басталатын жолдар көпшілікке жақсы таныс. Одан әрмен қарай әдетте ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажырата білуге жол сілтейтін тағылымға толы әңгіме жалғасын тауып жатады.

-Балалар, сіздер әжелеріңіздің, аналарыңыздың ертегісін көп естіген шығарсыздар. Ендеше бірге еске түсірейік. (жұмбақтар жасырылады)

1.   Үйін жинап ертеңмен

Мейіз тауып алыпты

Мысығы келмеген соң

Ол өкпелеп қалыпты

Бұл қай ертегі ?


(Мақта қыз бен мысық ертегісі)


2.  Атай өзі салғанын

Көрді өсіп қалғанын

Ары тартты , бері тартты

Бірақ оны тарта алмады.

Бұл  қай  ертегі ?


(Шалқан ертегісі)


3.   Апасынан қашып кетті

Атасынан қашып кетті

Кездестіріп біраз аңды

Біраз жолдан асып кетті.

Бұл қай ертегі ?


(Бауырсақ ертегісі.)


4.  Лақтарым, шұнақтарым , ашыңдар есікті.

Аналарың келді сендерге сүт әкелді.

Бұл кай ертегі ?


( Қасқыр мен жеті лақ ертегісі.)


- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады.


Би: «Айгөлек» биі орындайтын қыздар


Ән: «Әжем айтқан ертегі» (караоке)

-Адамның балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі ертегілер бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем туралы, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырамыз. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы қаншама түсініктер жатыр.

-Ендеше, шарамызды қызықты ойындармен жалғастырайық:

 Бұл ойын «Бейнелейік көркем» деп аталады. Оқушылардың көңіл – күйін көтеріп, сергіп алу мақсатында қаламмен шарды жарғанда шардың ішінен ертегінің суреті шығады. Ол қандай ертегі екенін тауып қысқаша баяндап беру керек.


Келесі ойынымыз «Жылдам болсаң тауып көр» деп аталады. Бұл кезеңде ертегілердің суреттері қиық ретінде беріледі, соны (мозайка) құрастырып шығу керек.

Ән: «Әже әжетайым» әні орындайтын Инятхан Аяла

Көрініс: «Мақта қызбен мысық» ертегісі



Мақта қыз бен мысық

Баяғыда бір Мақта қыз болыпты.

Бір күні үйін сыпырып жүріп, бір мейіз тауып алады.



Ой, мейіз тауып алдым! — дейді қуанып.

Сөйтіп мысығын шақырады:

Мысық, мысық, кел, саған мейіз берейін!



Мысық келмейді.

Мақта қыз ашуланып:

Ендеше, келмесең келме! — деп,

мейізді өзі жеп қояды.



Біраздан соң мысық келеді де:

Маған мейіз берші, — дейді.

Бермеймін, өзің келмедің ғой, мен жеп қойдым, — дейді Мақта қыз.



Сонда мысық ренжіп:

Онда мен сенің қатығыңды төгем! — дейді де,

қатығын төгіп жібереді.



Мақта қыз ашуланып:

Сен менің қатығымды төктің бе?!

Онда мен сенің құйрығыңды кесіп алам! — дейді де,

мысықтың құйрығын кесіп алады.



Мысық жылап:

Мақта қыз, Мақта қыз, құйрығымды берші!

Құйрығыңды бермеймін, маған қатығымды әкел! — дейді Мақта қыз.



Мысық қатық іздеп жолға шығады.

Жолда сиырға кездеседі:

Сиыр, сиыр, маған қатық берші, — дейді.

Сиыр:

Маған жапырақ әкел, — дейді.



Мысық ағашқа келеді:

Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші, — дейді.

Ағаш:

Маған су әкел, — дейді.



Мысық қыздарға барады:

Қыздар, қыздар, маған су беріңдерші, — дейді.

Қыздар:

Маған сағыз әкеліп бер, — дейді.



Мысық дүкеншіге барады:

Дүкенші, маған сағыз берші, — дейді.

Дүкенші:

Маған жұмыртқа әкел, — дейді.



Мысық тауыққа барады:

Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші, — дейді.

Тауық:

Маған бидай әкел, — дейді.



Мысық тышқанға барады:

Тышқан, тышқан, маған бидай берші, — дейді.

Тышқан қорқып інге тығылады.

Мысық оны қуып жетіп,

Берші, тышқан, бір уыс бидайыңды, — дейді.



Тышқан береді.

Мысық бидайды тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді,

жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді,

сағызды қыздарға береді, қыздар су береді,

суды ағашқа береді, ағаш жапырақ береді,

жапырақты сиырға береді, сиыр қатық береді.



Мысық қатықты Мақта қызға әкеледі.

Мақта қыз қуанып, мысықтың құйрығын қайтарады.



Сөйтіп, екеуі татуласып, дос болып кетеді.

Ән: «Ертегілер» әні орындайтын Әбдіманап Айсәуле



Бүгінгі “Ертегі — әнім, ермегім” атты тамаша іс-шарамыз өз мәресіне жетті.

Бала қиялын ұштап, ізгілікке баулитын ертегілер — ұлт қазынасы, рухани байлығымыздың бастауы.

Бүгінгі қойылымдар, әндер мен ойындар сіздердің жүректеріңізге қуаныш пен жылы леп сыйлады деп сенемін.

Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!

Ертегі әлемі әрқашан сіздермен бірге болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2025
32
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі