Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегі кейіпкерлері

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: Қазақ тілі

Уақыты: Сыныбы: 1

Тақырыбы: Ертегі кейіпкерлері

Мектеп: М.Мәметова атындағы ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Кабдушева А.Е.

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар саны:-

Белгілі бір оқу мақсаты:

Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

Тыңдалым

        1. Тыңдаған шағын мәтінді қаншалықты түсінгенін қимыл мен қысқа жауап арқылы білдіру және сұрақ қою

Жазылым

1.4.1.1. Берілген суретке (зат) қатысты сипаттау сөздерін жазу


Бағалау критерийлері:

-Тыңдаған мәтіндерін қимыл арқылы көрсетеді

-Кейіпкерлерді қай ертегіден екенін ажыратады

-Кейіпкерлерге сипаттама жазады

Дескриптор

-Қимыл арқылы ертегі кейіпкерлерін бейнелей алады

-Ертегі кейіпкерлеріне сипаттама жаза алады

-Үзіндіден ертегінің атын таба алады

Тілдік міндеттер

Мыстан, түлкі, желаяқ, дәу,жын, кейіпкер

Алдыңғы білім


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Оқыту ресурстары








Басы

-Балалар, бүгінгі сабағымыз алдыңғы сабаққа қарағанда сәл өзгеше. Өйткені біз әдемі әлемге барамыз. Ол үшін мен сіздерге мынадай сұрақ қоямын.

-Ерте,ерте, ертеде

Ешкі жүні бөртеде

Қырғауылы қызыл екен

Құйрық жүні ұзын екен- деген өлең жолдары ненің бастамасы?

«Ертегі» сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді? Қандай бейнелер елестейді?

Оқушыларды «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлеміз.

-Балалар, құрастырған суреттеріңде қандай ертегілер бейнеленген?


Сөздікпен жұмыс жүргіземіз.

Мыстан- Баба яга

Жын- Джин

Бауырсақ- Колобок

Шалқан-Репка

Дәу- Великан

Түлкі- Лиса

Кейіпкер-Герой

-Балалар, енді мына әдемі текшені лақтырамын.Бұл текшедегі кейіпкерлер қандай ертегіде кездеседі?

Shape1

Мақта қыз

Мысық

Ағаш

тышқан













Ертегі кейіпкерлерінің суреттері
















Текше














Ортасы


-Балалар, енді барлығымыз тақтаға назар аударамыз.Тақтадағы бейне-роликті мұқият тыңдаңыздар.Бейне-роликті тыңдаған соң, мен сіздерге тапсырмалар беремін.

(2 рет тыңдатамыз)

-Балалар, қандай кейіпкерлерді көрдіңіздер?

1-тапсырма

Мына үстелде ертегілер кейіпкерлері жазылған қағазды суырамыз.Осы кейіпкерлерді бір-біріңе қимыл арқылы жасырасыздар.


2- тапсырма

«Қарым-қатынас» аймағы.Мыстан кемпір қандай?

Қу,арам,жауыз,ұсқынсыз,іші тар,қатігез

Shape4 Shape3 Shape2

Мыстан кемпір


Түлкі






Сергіту сәті: (Ә.Қалаубаева «Ертегілер» минусы)


Кәне, бәріміз көзімізді жұмып, ертегілер әлеміне ойша саяхат жасаймыз. Айналамызда жап-жасыл ағаштар, жайқалған әдемі гүлдер. Әдемі көбелектер ұшып жүр. Мөп-мөлдір, тап- таза бұлақ ағып жатыр. Мұнда ғажайып ертегі кейіпкерлері бір-бірімен дос болып, тату-тәтті өмір сүруде. Енді, балалар көздеріңді жәйлап ашыңдар.

-Ертегі елі сендерге ұнады ма?

-Ия

-Ендеше мен сіздерге ертегілерден үзінді оқимын.Бұл үзінді қай ертегіден екенін табасыздар.

3- тапсырма

1-топқа

1.Қасқыр өте аш болатын. Ол алдымен қыздың әжесін жеп, сосын қызды әжесінің үйінде күтіп алып, оны да жеп қояйын деп ойлады. Сондықтан ол қыздың әжесінің үйіне ең қысқа жолмен жорта жөнелді. Қасқырдың жегісі келген қызы кім еді? Бұл ертегі қалай аталады?

(«Қызыл телпек» ертегісі)

2- топқа

2.Мысық тышқанды шақырады. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың бұрымынан ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды. Бұл қандай ертегіден үзінді?

( «Шалқан» ертегісі)

3- топқа

3.Шұнақтарым,

Шырақтарым, есікті аш,

Енең келді көріңдер,

Бауырына еніңдер!  Қандай ертегідегі, қай кейіпкердің сөзі?

(«Қасқыр және 7 лақ» ертегісіндегі қасқырдың сөзі)











бас бармақ




















Ә.Қалаубаева «Ертегілер»













Парта, гүл,отырғыш, мұғалім суреттері


бас бармақ





















Соңы

Формативті бағалау. «Бас бармақ» әдісі

Кері байланыс: Не білдің? Не ұнады?

Үй тапсырмасы: ертегі кейіпкерінің суретін салу

Бас бармақ әдісі арқылы






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
2671
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12