400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Ертегі кейіпкерлері балабақшада"

Материал туралы қысқаша түсінік
ертегі кейіпкерлері балабақшада
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 бөбекжай бақшасы»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны









Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

«Ертегі кейіпкерлері балабақшада»











Тәрбиеші: Ниязова А.Б.












Білім саласы: «Таным» (интеграцияланған)

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Ертегі кейіпкерлері балабақшада»

Мақсаты: балалардың жыл бойы игерген білімдерін нақтылай отырып бекіту; жыл бойы үйренген түр-түсті екі тілде қатар айтуға жаттықтыру; қосымша екі ақ және қара түсті таныстыру; екінші кіші тобына лайық алты түсті бекіту; балалардың математикалық білімін ойын арасында тапсырма беру арқылы дамыту; балаларды танымдық ойындар арқылы ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

Қолданылған инновациялық технологиялар: триз, денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы;

Билингвальды сыңар: қызыл-красный, жасыл-зеленый, сары-желтый, көк-синий, ақ-белый, қара-черный.

Заттық дамыту ортасы (пайдаланылған материалдар, көрнекіліктер): себеттер, көкөністердің суреттері (карточка), пвх материалынан дайындалған пазл жиынтығы (сәбіз, бал, балық)



Ұйымдастыру кезеңдері



Тәрбиешінің қызметі


Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Сәлемдесу

Сәлеметсіз, сәлеметсіз,

Қазақшасы осылай.

Здравствуйте, привет,

Сәлемдесу орысша.

Гуд монинг, хеллоу

Ол ағылшын сөздері.

Қош келдіңіз,

Добро пожаловать

Велкоме деп қарсы аламыз сіздерді.

Тәрбиеші:

- Балалар, мен қобалжып, уайымдап тұрмын. Себебі, бізге бүгін ертегі кейіпкерлері қонаққа келеді. Олар балалардың балабақшада үйренгендерін көреміз дейді. Қазір келіп қалатын шығар.


Көңілді әуен.

Қоян, аю, түлкі кіреді:

-Сә-ле-мет-сің-дер ба-ла-лар!


Сәлемдесу

Сәлеметсіз, сәлеметсіз,

Қазақшасы осылай.

Здравствуйте, привет,

Сәлемдесу орысша.

Гуд монинг, хеллоу

Ол ағылшын сөздері.

Қош келдіңіз,

Добро пожаловать

Велкоме деп қарсы аламыз сіздерді.


Ұйымдастырушылық

ізденістік

Қоян:

- Сендер қалайша тез өсіп кеткенсіңдер?


- Ол қандай дәрумендер? Менде біліп жүрейін.


Дидактикалық ойын.

«Дәрумендер»

Шарты: балалар көкөністер мен жемістерді бір жаққа жинап, үстел үстінде зиянды тағам түрлері қалу керек.


Қоян:

- Не деген ақылды балалар, менің сендерден үйренерім көп екен. Ал мына кола, чипсы қытырлақтары, чупа-чупс тәттілері пайдалы шығар мен көжектеріме апарып берейін.

- Олай болса балалар жеміс-жидекті жемес бұрын не істеу керек?

- Сендер маған жуынуды үйретіңдерші.


Жаттығу.

Су ағады шүмектен сылдылап, сылдырлап.

Біз жуамыз қолымызды ысқылап, ысқылап.

Бетімізді таза етіп қоямыз тазалап.

Ұртымызға су толтырып шаямыз жақсылап!


Тәрбиеші:

- Жарайсыңдар балалар!

Қоянға ұнаған секілді.

Түлкі:

- Ал мен болсам ештеңені де көрмедім.

Тәрбиеші:

- Әрине түлкі сен ұйықтап отырдың.

Түлкі:

- Менің сендерге қиын тапсырмам бар. Мына тақтады неше түрлі пішіндер, неше түрлі түстер бар. Осыны маған кім тауып береді екен?

Тәрбиеші:

- Шынымен де қиын тапсырма екен. Қандай пішін, қандай түс екенін айту керек.


Дидактикалық ойын.

«Алуан түсті пішіндер»

Шарты:

Мальбер тақтасында қызыл түсті үшбұрыш, көк түсті төртбұрыш, сары түсті дөңгелек, жасыл түсті шаршы тұрады. Және ақ түсті дөңгелек, қара түсті дөңгелек тұру керек. Соны балалар қандай пішін және қандай түсте екенін айту керек.

Түлкі:

- Балалар жарайсыңдар!

Аю:

- Маған қонжықтарым қайтарында балабақшадан бос қайтпа, көп базарлық ала кел деген. Менің мына себеттеріме, сыртында ненің суреті және қаншау салу керектігі көрініп тұр. Ал, базарлық мына жерден кім маған реттеп себетіме салып берер екен? Мен шаршап тұрғаным....

Тәрбиеші:

- Аюға көмектесеміз бе?


Триз

Ойын

«Себет толтыру»

Шарты:

Балалар үш доп, екі сәбіз, бір саңырауқұлақ, үш гүл салу керек.


Луллия әдісі бойынша ойын. «Кім не жейді?»

Шарты:

Мальбертте көрсетілген суреттерді бағытша арқылы көрсетеді.


- Түлкі, қоян, аю нені сүйіп жейді?


Сергіту жаттығуы.

(пантомима)

«Кім қалай жүреді?»

Түлкі келді қутыңдап,

Құйрығымен бұлтыңдап.

Қоян келді секіріп,

Су жүрегі дірілдеп.

Аю келді қорбаңдап,

Екі аяғы талтаңдап.


Тәрбиеші:

- Балалар қонақтардың қайтатын уақыты келді, біз оларды сыйлық жасап беріп, шығарып салайық.


Пазл құрастыру.

Шарты:

1-топ: сәбіз

2-топ: балық

3-топ: бал суретін құрастырады.




- Біз балабақшада көп дәрумен жедік. Сол себептен тез өсіп кеттік.







Балалар ойын шартын орындап, үстел үстінде тек зиянды тағм түрлерін қалдырады.




- Жоқ ол пайдалы емес, оны жеген соң тіс ауырады, іш ауырады.



- Қолды жуу керек.






Жаттығу.

Су ағады шүмектен сылдылап, сылдырлап.

Біз жуамыз қолымызды ысқылап, ысқылап.

Бетімізді таза етіп қоямыз тазалап.

Ұртымызға су толтырып шаямыз жақсылап!


























Балалар тапсырманы орындайды.

Билингвальды сыңары: қызыл-красный, жасыл-зеленый, сары-желтый, көк-синий, ақ-белый, қара-черный.







Аюдың себеттерін дайындап қояйық.



Ойынның шартына сай тапсырманы орындайды.



-Түлкі балық жейді, аю бал жейді, қоян сәбіз жейді. Балалар бағытшаны дұрыс орналастырады.



Сергіту жаттығуы.

(пантомима)

«Кім қалай жүреді?»

Түлкі келді қутыңдап,

Құйрығымен бұлтыңдап.

Қоян келді секіріп,

Су жүрегі дірілдеп.

Аю келді қорбаңдап,

Екі аяғы талтаңдап.


Рефлексивті-түзетушілік

Слайдта көрсетілген сұрақтарға жауап береді:

1. Қонаққа кімдер келді?

2. Қандай пішіндерді анықтадық?

3. Кейіпкерлерге қандай сыйлық жасадық?

Балалар сұраққа жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жануарлардың қанда азықты пайдаланатынын білуі;

Жасай алады: Пазл жиынтығын құрастыра алуы;

Қолданады: Дидактикалық ойындардың түрлі әдісін қолдана алуы;


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
643
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі