«Балдырған» бөбек балалар бақшасы
Алақай, Жаңа жыл келді!
(ертеңгілік)

Өткізген: Ахметшина Ж.А
Мұрат А
Орман ханшайымы қысқы әуенмен залға кіріп келіп, сиқырлы таяқшасымен сермейді.
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар!
Орман ханшайымы:
Менің көмекшілерім (Түлкі мен қоян) Жаңа жыл жақындады, бізге Балдырған бақшасынан келе жатқан қонақтарды қарсы алыңдар.
Әуен ойналады. Залға балалар мен Түлкі,Қоян кіріп келеді.
Түлкі: Амансыздар ма ұстаздар, ата-аналар! Жаңа жылдарыңыз құт – береке әкелсін! Мен әйгілі айлакер түлкі өз достарымды орман Жаңа жылына әкелдім. Балалар қане, қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме !
Түлкі: Орман ханшайымы, біз сіздің шақыру билетіңізді алған соң дайындалып келіп отырмыз.
Орман ханшайымы: Балалар, қош келдіңдер, біздің Жаңа жылымыздың басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарды да барлығымыз бірге шақырып алайықшы.
Балалар: Алақай! Көптен күткен Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр!
(Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді).
Аяз ата:
Уа, халайық жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған!
Ақшақар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын! Доңыз жылы табыс, береке, бірлік әкелсін!
Балалар, мына шыршамыз
көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның
шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды
жарқырат!
Балалар: Қуант бізді, таңырқат
шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша
жарқырайды
Орман ханшайымы: Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер, бізбен бірге ән айтып, билеп балалардың өнерін тамашалаңыздар. Балалар, бізде орманда шыршалар өте көп, үлкені де, кішкентайы да бар. Сендер шырша туралы ән айтала аласыңдар ма?
Балалар: Иә.
«Шыршаға бардық» әні орындалады.
Қоян: Шырша әндеріңіз керемет екен, ал біздің мына кішкентай шыршаларымызды жаңа жыл келгенше безендіріп қояйықшы. Балалар сендер маған көмектесесіңдер ме?
Ойын: «Шыршаны безендірейік»
(Балалар екі топқа бөлінеді. Қорапшадағы ойыншақтарды бір-бірден шыршаға іліп, қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңімпаз атанады.)
Қоян: Балалар, біздің орманымыз одан да жадырап кетті. Рахмет сендерге.
Түлкі: Орман ханшайымы, біздің балалар жаңа жылға арнап тақпақтар жаттап келді.
Тақпақтар:
Аю қапшық сүйреп келеді.
Аю: Балалар, мен орман ішінде келе жатсам, бір үлкен қапшық тауып алдым. Мүмкін оның ішінде сыйлықтар ма деп алып келдім. Ішінде не бар екен ашып көрейін бе?
Қапшықтың ішінен қорапша шығады, қорапшадан қуыршақ шығады.
Ән «Қуыршақтар»
Аяз ата мен Ақшақар: Рахмет сіздерге балалар, жаңа жыл қуанышқа мол болсын!
Орман ханшайымы: Балалар, аю ұйықтап қалыпты, Жаңа жылдан кеш қалатын болды, біз оны оятайықшы, ол үшін ұлдардың биін тамашалаңыздар.
Би: «Аю-аю тұршы!»
Түлкі: Құрметті, сүйкімді балаларымыздың ата-аналары, сіздердің көмектеріңізге жүгініп, мына табиғи заттардан, жаңа жылдық киім үлгісін көрсетсеңіздер. Мен де сіздер сияқты сәнді болғым келеді. (Ата-аналар шыршаның артына барып дайындалады).
Қоян: Аяз ата мен Ақшақар, қонақтар, жаңа жылымыз қызықты жаңалықтардан басталып жатыр, осыған орай менің балаларым Жаңа жыл әнін сіздерге арнамақшы.
Ән «Жаңа жыл»
Түлкі: Мен ата –аналарымды шақырайын.
Орман ханшайымы: Ормандағы табиғи заттардан жасалған жаңа жылдық киім үлгілерін қарсы алыңыздар. (Түлкі арасында сән қой болып майысып жүреді).
(2019 Орман киім үлгісі көрсетіледі. Ата-аналарға естелік сыйлықтар беріледі).
Аңдар: Ата-аналар рахмет сіздерге, осы киім үлгілерін жыл бойы киіп жүреміз.
Ақшақар: Орман иелері, орман ханшайымы, құрметті қонақтар ақ мол болсын, қар көп болсын дей отырып, менің ізбасарларым, кішкентай қар бүршіктерінің орындауында би тамашалаңыздар.
Би «Қар бүршіктері» (қыздар билейді)
Орман ханшайымы: Керемет, айнала аппақ қарға толды!
Қоян: Айналайын, Гүлдер тобының бүлдіршіндері, сіздер бізді бақытты еттіңіздер, жиі қонаққа келіп тұрыңыздар!
Түлкі: Міндетті түрде келіп тұрамыз!
Киндер сюрприз сыйлықпен кіріп келеді:
-Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар, Жаңа жыл құтты болсын! Мен тәттілердің тәттісі, аяз атаның көмекшісі Киндер сюрпризбын! Аяз ата мен сіздің бұйрығыңызды екі етпей орындадым, «Гүлдер » тобына барлық сыйлықтарды алып келдім.
Аяз-ата: Рахмет, сыйлықтарды уақытында жеткіздің.
Сағат соғады. Аяз ата:
Ау, бүлдіршін қыздарым
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерің,
Қуанышты сыйлайын!
Орман ханшайымы: Міне, қымбатты қонақтар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым!
Түлкі: Құрметті Аяз ата мен Ақшақар біз сіздермен қоштаспаймыз, барлық қонақтарды тобымызға шақырып, жаңа жыл мерекесін жалғастырамыз!
Әуен ойнайды. Топ болып тұрып,естелік суретке түседі.
4
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегі кейіпкерлері шырша жанында

шағым қалдыра аласыз