400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі кейіпкерлерін салу. "Бауырсақ" ертегісін салу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
Сабақтың мақсаты:
1. Ертегілерді еске түсіру, елестету арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін қағаз бетіне түсіре білуге машықтандыу.
2. Тапқырлыққа, қайырымдылыққа, ұқыптылыққа, әдемілікті түсіне білуге, талғампаздыққа баулу.
3. Оқушылардың дүниетанымдарын, ақыл - ойын, шығармашылығын арттыру. Ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қасиеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: «Ертегілер елінде» ертегі кітаптар бұрышы, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
А) Алғашқы ұйымдастыру
(оқушылардың оқу құралдарын реттеп, зейіндерін сабаққа аудару)
-Алдымен өздеріңді
«Мен қандаймын?» сұрағына жауап бере отырып, таныстырып өтіңдер.
«Мен қандаймын?» сұрағына әр оқушы өз есімдерін қоса жақсы қасиеттерін айту.(өздік мен концепциясы, өзін - өзі тану) Мысалы,
Айзат ақылды, т.б.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жан-жануарларды салу
3. Жаңа материалды меңгерту.
а) Ой қозғау
- Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөрте де
Қырғауылы қызыл екен
Құйрық жүні ұзын екен – жолдары ненің бастамасы?
- Ертегі
ә) Топтау
- «Ертегі» сөзін естігенде қандай ой келеді, не естеріңе түседі, көз алдарыңа не елестейді?
Ертегі: - Ұшқыш кілем, жезтырнақ, хан, ханшайым, жағыз көзді дәу, сөйлейтін жануарлар, Айдаһар

- Олай болса, бүгінгі сабағымыз ертегі туралы болмақ. Сабақтың тақырыбы: «Ертегі кейіпкерлерін бейнелейік» деп аталады. Бұл сабақта ертегілерді еске түсіріп, ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін қағаз бетіне түсіре білуге, яғни бейнелей білуге үйренеміз.
Бұл қазақ ертегілерінің жинақтары. Бұл кітаптарда хайуанаттар жайлы, тұрмыс - салт ертегілері, шыншыл ертегілері, қиял - ғажайып ертегілердің түрлері бар. Өздерің айтып кеткен айдаһар да, жезтырнақ та, ұшқыш кілем де, хан мен ханшайымдарды да осы ертегілерден таба аласыздар.
Бауырсақ ертегісін айтып өту.
- Ертегілердегі ұнатқан кейіпкерлеріңді, ұнаған үзіндіні бейнелей
міз. Жұмыстарыңызға кірісіңіздер.
Практикалық әрекет
Сергіту сәті

(Суреттерін жалғастырып салу)
- Суреттерін аяқтаған оқушылар бейнелеген кейіпкерлерінің рөліне еніп,
саханалық қойылым.(оқушыларды тыңдау)

Қорытынды
- Ертегінің қай бөлімін салдың?
- Қай кейіпкер ұнады? Неліктен?
Бағалау
Ауызша бағаланады.
Үйге тапсырма беру.
Өздерің білетін ертегілердегі кейіпкерлерді бейнелеу.




Көкбұлақ орта мектебі









«Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу»



Ашық сабақ





3-класс




Өткізген: Аккулов Ерлан



















9.02.2015 оқу жыл




Хабарландыру!



Бүгін сағ: ............ «Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу»

Тақырыбында 3-сыныпта ашық сабақ болады.




Өткізетін: Аккулов Е.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2022
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі