жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертегі: "Қолғап"
№3 «Гүлдер» ортаңғы тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс- қызметі.
Күні.айы.жылы:25. 02 2020
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиеті
Тақырыбы: «Қолғап » ертегісі
Мақсаты: Балаларды ауызша және байланыстырып сөйлеуге үйрету.Ертегілер жайлы білімдерін кеңейту,ойланып жауап беруге үйрету.
Жабайы жануарлар туралы білімдерін кеңейту,балаларды татулыққа,достыққа шақыру.
Керекті құралдар: жабайы жануарлардың суреттері,қуыршақ театры,
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,бекіту,жұмбақ, мақал мәтелдер,мадақтау,қорытындылау.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. |
Шаттық шеңбері Қуан шаттан алақай Қуанатын күн бүгін Қуанамын мен де Қуанасың сен де Қуанайық бәріміз Арайлап атқан күнге Балалардан жыл мезгілдерін,табиғат туралы сұрау. |
Балалар шеңбер болып жақсы көңіл күймен амандасады.
Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. |
Іздену- Ұйымдастырушы
Рефлексті Кялауоррекци
|
-Балалар бүгін біздің оқу қызметіміз күндегіден ерекше болады. Бүгінгі біздің білім беру саламыз «Коммуникация» ,оқу қызметіміз «Көркем әдебиеті» Жұмбақ жасыру: Бес балаға бір бешпент Бірге киіп бір шешпек -Қолғап бізге не үшін қажет? -Қолғапты қай кезде киеміз?. Ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Қолғап » ертегісі. Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатса ,қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты.Оны көрген тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып:: «Мен енді осында түрамын» депті.Одан кейін бақа келіп менде тұрайыншы депті.Содан екеуі қолғаптың ішінде тұрыпты.Міне.қоянда жүгіріп келіп қолғапқа жақындап: «Мына қолғапта кім ттұрады?»деп сұрапты. Тышқан,бақа: «шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын ал сен қайсы жануарсың ?»деп сұрапты.Қоян: «Мен желаяқ қоянмын,мені де кіргізіңдерші?»депті.Сойтіп олар үшеу болыпты.Одан кейін түлкі келіп : «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»депті.Олар : «Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын,желаяқ қоянмын,ал сен қай жануарсың?»депті.Түлкі: «Мен түлкі әпкелеріңмін,кіргізіңдеші мені де»депті.Сөйтіп қасқырда келіпті: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»депті.Олар :тышқан,бақа,қоян,түлкі төртеуі тұратындарын айтады.Сөйтіп қолғапқа бесеуіде сыйып кетіпті. «Хрю-хрю-хрю»-деп қабан жүгіріп келіпті.Мына қолғапта қайсысың тұрасық?- депті.Олар: тышқан,бақа,қоян,түлкі,қасқыр болып тұратындарын айтады.Сөйтіп олар алтау болып тұрады.Қолғаптың іші бұларға тар болады.Сөйтіп отырғанда Аю келіп: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»депті.Олар: «Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын,секілдеуік қоянмын, түлкімін,ал мен қасқырмын,мен қабанмын, ал сен өзің қай жануарсың?»депті.Аю: «Меніде кіргізіңдерші?»депті. Олар аюға сыймайтынын айтыпты. Сондада жылынып алсын деп аюды кіргізіпті.Қолғап жыртылуға шақ қалыпты.Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап қалады.Сөйтіп қайта кері қарай жүреді,ал ит болса атадан бұрын қолғапқа бірінші барып: «әуп әуп әуп»деп үреді.Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып жан жаққа қашып кетеді.Атай қолғабын көріп мәз болады. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы қырлы жерлермен Ытқып ытқып секірді Ертегіні қуыршақ театры арқылы сахналау.Балалардан мақал мәтелдер сұрау. |
Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беріп отырады
Қолғап
Қолымыз жылы жүруі үшін
Балалар мұқият тыңдайды
Балалар сергіту сәтін қызығушылықпен орындайды |
|
-Балалар бүгін сендермен кндай ертегімен таныстық? -Балалар сендерге ертегі ұнадыма? -Балалар ертегі не жөнінде айтылған? Иә,ертегі кейіпкерлері бірін бірі итермей бәрі сол бір қолғаптың ішіне сыйыпты.Көрдіңдер ме?Біз де осылай дос болуымыз керек.Ендеше топтастыру әдіс тәсілімен бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылаймыз. |
-Қолғап
-Ия
-Жануарлар
Балалар топтастыру жұмысын өте жақсы орындайды |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Тату болуды,дос болуды,мейірімді болуды.
Игереді: Өз ойын еркін жеткізуді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген