жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертегі Қоян
Тақырыбы: «Табиғат - біздің досымыз»
Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс –тәсілдер: ТРИЗ әдісі, саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.
Көрнекі – құралдар: АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео – слайд, теледидар.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
ҰОІӘ дайындық |
Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздрімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды даламыз Жарқырайды қаламыз Қайырлы таң достарым Қайырлы таң бақшамыз |
Сәлеметсізбе! Біз де куаныштымыз
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды даламыз Жарқырайды қаламыз Қайырлы таң достарым Қайырлы таң бақшамыз |
|
ҰОІӘ өткізілуі
|
Балалар сендер отырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар. Бір жерінде ыстық Бір жерінде суық Бір жерінде күн Бір жерінде түн Керемет алып неткен -Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай? |
Жер шары Дөңгелек |
|
|
Балалар біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз. Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекедейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы:тәрбиеші «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс. |
Балалар ойынды ойнайды.
|
|
|
Жарайсыңдар балалар! Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз? Дұрыс айтасыңдар біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз. Ғажайып сәт Экраннан хатты оқу Табиғат аясындағы ақ қайың ағашынан келіп тұр екен. |
Табиғат
|
|
|
Хат Сәлеметсізбе, құрметті балалар! Мен ақ қайыңмын. Мен сендерге жазда жандарыңа сая болатын едім. Кәзіргі кезде менің қалым нашарлап бара жатыр маған адамдар көңіл бөліп қарамайды. Менің бұтақтарым сынып,сусыз қурап бара жатырмын. Мен сендерден сұрайтыным маған көмек беріңдерші. Сәлеммен Ақ қайың |
Балалар хатты мұқият тыңдайды
|
|
|
-Балалар сендер, мейрімді де ақылды, сүйкімді балаларсындар ақ қайыңға көмектесемізбе? Ендеше Табиғат аясына саяхатқа шығып ақ қайыңға көмектесейік. Табиғат аясында жүргенде ережеледі айтып жүру. Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай біліуіміз керек. Тағы қандай ережелерді білесіңдер? Тыныштық сәті: Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдау. Тәрбиеші: Балалар не естідіңдер? Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар? Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады. Табиғат – бізді қоршаған орта, туған елім, ауа, күн мен жер және су, орман мен жануарлар. Табиғат екіге бөлінеді. Ол тірі табиғат және өлі табиғат. |
Балалара өздері білетін ережелерді айтады. Желдің үрлегенің, жаңбырдың жауғанын, құстардың мен жан-жануарлардың дыбыстарын естідік.
|
|
|
Тірі табиғатқа: ағаш,шөп,гүл,адамдар,аңдар,құстар жатады, олар өседі, дем алады, көбейеді,денесінде жан бар. Өлі табиғатқа: су,тас, құм,ауа жатады, олар өспейді,дем алмайды денесінде жаны жоқ. Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.Оны мен саяхат барысында бақылап көреміз. Жерде аңдардың іздері жатады. Балалар бұл осы тірі табиғаттың бірі аңдардың іздері. Қараңдаршы табиғат аясында неше түрлі аңдар жүреді екен. Интерактивті тақтадан жердегі аңның ізінің, қай аңдікі екенін түсіндіріп көрсету. -Балалар қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен? -Дұрыс бұл су. -Ал судың қандай пайдасы бар? Су- балалар өлі табиғатқа жатады,ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп екен.Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен. Балалар біз ақ қайыңға жеткенімізше әлі біраз жол жүру керек. Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар. Бар ма, жоқпа, оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ? - Ауа не үшін керек? - Ауаның түсі қандай? - Қолмен ұстауға болама? Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен. - Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме? |
Апай мынау не жатқан?
«Су»
Ішеміз, жуынамыз.
«Ауа» Демалу үшін Түсі жоқ ,көрінбейді Жоқ олмен ұстауға болмайды.
Жоқ |
|
|
1-тәжірбие: Әр баланың қолына айна беріледі.Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткіеді 2-тәжірбие: Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып аузымызды ашпай көрейік. - Көрдіңдер ме балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен. Ендеше балалар осы табиғат аясында бойымызды сергітіп бір тынығып алайық. Сергіту сәті. Осы сәтте ақ қайыыңды бір бала көріп қалады Саламатсызба ақ қайың! Біз сіздің жіберген хатыңызды алып сізге көмек берейін деп келдік. Ақ қайың: Амансыңдар ма бүлдіршіндерім менің бұтақтарымды қатты жел соғып сындырып тамырымды кептіріп кетті. Маған су құйып, бұтақтарыма көмектесіп жіберсеңіздер жақсы болар еді. Ақ қайың рахметін айтады. Ақ қайың біздің балаларымыз табиғатты қатты құрметтейді.Олар табиғат жайлы тақпақтар да біледі. |
Балалар мұрындарын қолдарымен жабады.
Балалар қимылмен бойларын сергітеді.
Апай әне бізге хат жіберген ақ қайың анда тұр.
Балалар ақ қайыңға су құйып, түбін қопсытып көмектеседі.
|
|
|
Тақпақтар
|
Қасым: Бұтақтарды сындырмай Тазалықты сақтаймыз Гүл өсіріп су құйып Табиғатты қорғаймыз Нұрзада: Бақта гүлдер тереміз Бірге ойнаймыз күлеміз Міне біздер қандаймыз Табиғатты қорғаймыз Әдемі: От та, суда, ауа да Жан-жануар барлығы Орман теңіз тауларда Табиғаттың байлығы Мансұр: Табиғат егіз адаммен Ұқсастық табам содан мен Мәңгілік болсын егіздер Жер –Ана , көк теңіздер |
|
Қорытынды |
- Міне балалар біз табиғат аясындағы ақ қайыңғада көмектестік. Ендеше саяхатымызды аяқтап балабақшаға оралайық. Балабақшаға оралу. - Балалар сендерге саяхат ұнады ма? - Балалар бізге хат жолдаған не еді? - Балалар біз табиғат аясында нені білдік? - Тірі табиғатқа нелер жатады екен?
-Ал өлі табиғатқа ше? -Ендеше бүгінгі саяхаттан алған білімдеріңізді байқау үшін қазір «Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып,алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті фланеграфқа апарып орналастырасыздар. Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік, Бір-бір ағаш және гүл егейік. Текке отырмай жасымыз бен кәріміз, Таза ауа үшін терімізді төгейік. Балалар, біз табиғат туралы айттық. Сендерге ұнады ма! Барлығың да бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар |
Ия Ақ қайың Табиғаттың екіге бөлінетінін. Аңдар,құстар,жануарлар,ағаш,гүл шөп жатады. Тас, су, ауа, құм жатады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Өлі және тірі табиғатты айырып.
Үйренеді: Табиғатты аялауға, қамқорлықпен қарауға.
ТРИЗ ӘДІСІТАБИҒАТТАБИҒАТ БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗАКТӨЛІТІРІСАБАҚ ЖОСПАРЫТАНЫМ
Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра
отырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа
деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін
сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу. Балықтардың дене
мүшелері, тіршілігі және іс-әрекетімен таныстыру.
Сөздік жұмыс: Желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ, алтын балық. Сөздік қор: Шортан, сазан, ақ балық, алабұға, табан балық, аквариум, Көрнекіліктері: Балық түрлері, магнитті қармақ, аквариумдағы тірі балықтар,
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотиваци
ялық
қозғаушы
лық
Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан балақай Жарқырайды аспанда Күн алақай! Атқан таңға, шыққан күнге Сәлем беріп, Тілейік бақыт, баршаңызға осындай. Қайырлы таң апайлар! Біз- ерекше боламыз, Біз еңбекқор боламыз! - Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме? Шеңберге тұрып,өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.
Ұйымдаст
ырушыл
ық
Ізденістік - Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар? - Бұл - қармақ. - Қармақпен не істеуге болады? - Балық аулауға. - Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы
қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе? - Қане Бибарыс келе ғой. Балалар, қараңдаршы Бибарыстың қармағына бір балық түсіпті, ол қандай балық болды екен? Балалар, бұл- шортан балық. Қандай балық екен? - Шортан. (Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу) - Табан балық, сазан, ақ балық, алабұға, шортан. - Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді? - Суда. - Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп. Бұл балықтар өзіміздің Әйтеке би кентінде кездесетін, көріп жүрген балықтар. Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен? - Сопақша. - Балықтардың мынау несі? - Басы. - Басында желбезегі болады. (Көрсету, қайталау) Несі болады екен? - Желбезегі. - Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен? - Қабыршақтары. - Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен? - Құйрығы. - Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары. (Қайталау) Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады. Балалар балықтарды адамдар не үшін пайдаланады? (Толықтыру) - Тағам ретінде. - Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде Күз Жеміс-жидек піседі. Қайталап жаттайды. Қимылдар жасайды. Тапсырманы орындайды.
асырайтын балықтардың түрлері де болады екен. Сондай балықтарды көргілерің келе ме? - Көргіміз келеді. - Ендеше сондай тірі балықтарды көз алдымызға елестетіп көрейікші. (Балар көздерін жұмады,сол кезде буклеттің артында жасырылған аквариумды ашу) Балалар, көзімізді ашып қарайықшы, суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз? - Балықтарды. - Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен? - Шыны ыдыста. - Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады. - Аквариумдағы балықтар бағана өзіміз аулаған балықтарға ұқсайды ма? - Ұқсайды. - Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен? - Әр түрлі. - Мына үлкен балықтың түсі қандай? - Қызыл. - Бұл балық «Алтын балық» деп аталады. Тағы қандай балықты көріп тұрмыз? - Ақ балық. - Дұрыс айтасыңдар. - Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрмыз? - Тастар, шөптер, бақалшақтар, бұтақтар. - Дұрыс айтасыңдар. - Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет? - Әдемілікке. - Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың, шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Аквариум техникалық құралдармен де жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын,ауа жіберетін,жарық түсіретін құралдар бар.Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады. Балалар, қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны ашпас үшін оларға не керек? - Тамақ керек.
- Дұрыс айтасыңдар, әрине тамақ керек. Оларға арнайы дүкендерде сатылатын мынадай қалтадағы жемдерді береміз. Балалар, балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар? - Құрттар, жасыл шөптер. - Жарайсыңдар! Балалар, аквариумдағы балықтар күніне таңертең кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды. (Балалармен бірге балықты тамақтандыру) - Балалар, ертегілерде алтын балық адамдардың тілегін орындайды екен. Мүмкін біздің де тілегімізді орындап қалар. Біз де алтын балыққа тілегімізді айтып көрсек қалай қарайсыңдар? - Әрине қалаймыз. - Ендеше барлығымыз бір - бірден өз тілегімізді айтып көрейікші. (Балалар бір - бірден өз тілектерін айтады) - Жарайсыңдар, балалар. Ендеше орындарымыздан тұрып, осы жақсы тілектерімізді ішкі лебімізбен алтын балыққа үрлеп жіберейікші. - Уф, Уф, Уф.(сергіту сәті) - Жәрайсыңдар, тамаша! Балалар, аквариумдағы балықтар сендерге ұнады ма? - Ұнады.
Рефлекси
ялық-
түзетушілі
к «Балықтардың қандай дене мүшелері жоқ?» Балалар, балықтардың дене мүшелерін атайды. Мысалы: 1) Балықтың басында дем алатын несі болады? 2) Балықтың несі жоқ? 3) Балықтың денесінде нелері бар еді? 4) Балықтың денесіне жалғасқан қандай мүшесі жоқ? Қорытындылау: -- Онда біз нелермен таныстық? - Қандай балықтарды көрдіңдер? - Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс- әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар. Сендерге көп- көп рахмет!
Күтілетін нәтижесі: Білуі: Тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор бол




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген