400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегі терапияның балаларды адамгершілікке баулудағы маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға, мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

І Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі. Көптеген жылдар бойы өнердің, атап айтқанда әдебиеттің адамның санасына және түпсанасына әсері туралы даулар жүріп жатыр, және осы дау-дамайлардың барысында ХХ ғасырда қалыптасқан және қазір өзгеріске ұшыраған жанрлар қарастырыла бастады. Баланың дамуы үшін, әсіресе кіші мектеп жасындағы ертегі маңызды.

Ертегі баланың дамуында үлкен маңызы бар ең сүйікті әдеби жанр. Ертегі кейіпкерлері қарапайым және типтік, олар даралықтан айырылған. Жиі олар тіпті атаулары жоқ. Олардың сипаттамалары балаларға түсінікті екі-үш сипатымен аяқталады.

Ертегі халық даналығын, ұлттық сипаттағы ерекшеліктерді, жалпыадамзаттық құндылықтар мен идеалдарды сақтайды Салт-дәстүрлерде, ертегілерде, мифтерде, аңыздарда қауіпсіз және жасампаз өмірдің негіздері сипатталған. Ең бастысы - баланың жандүниесіне ой салу. Ал ол үшін оны ішкі дүниесіне үңілдіру керек.

Қазіргі балаға ертегіні оқып, суреттерді, оның кейіпкерлерін бояу, сюжет туралы айту аз. Үшінші мыңжылдықтың баласымен бірге ертегілерді ұғыну, бірге жасырын мәндер мен өмірлік сабақтарды іздеу және табу қажет.

Жұмыстың мақсаты – балаларың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу деңгейіне ертегі терапияның жағымды әсер ету дәрежесін зерттеу.

Міндеттер:

  • Ертегі – бала жандүниесінің емшісі ретінде пайдалы жақтарын айқындау;

  • Ертегі терапиясында емнің қандай қатысын танып білу;

  • Балалардың адамгершілік қасиеттерін дамытудағы ертегі терапиясының орнын анықтау;

  • Ертегі терапиясын тәжірибе жүзінде жүргізу.

Зерттеу пәні. Кіші мектеп жасындағы балаларды адамгершілік-этикалық және эмоциялық тәрбиелеу деңгейіне ертегі терапиясының әсері.

Гипотеза. Кіші мектеп жасындағы балалар, оларды тәрбиелеуде ертегі терапиясы тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі әдістерінің бірі болып табылады, осы әдіс негізгі емес тәрбиелеу болып табылатын балаларға қарағанда адамгершілік-этикалық және эмоциялық тәрбиенің жоғары деңгейі бар.

Зерттеу әдістері:

1. Бақылау.

2. Әңгіме.

3. Келесі әдістемелермен ұсынылған тестілеу:

Ғылыми-практикалық маңыздылығы. Алынған мәліметтер негізінде кіші мектеп жасындағы балалармен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен балалардың адамгершілік-этикалық және эмоциялық тәрбиесінің жоғары деңгейін қалыптастыру үшін психокоррекциялық және психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу бағдарламасын жасауға болады.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы жүргізілген зерттеу кіші мектеп жасындағы балалардың адамгершілік-этикалық және эмоциялық тәрбиесінің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің сенімділігі мен шынайылығы психологиялық ғылымның әдіснамалық принциптеріне сүйенумен, әдістемелерді қолданумен, Зерттеудің мақсаты мен объектісіне барабар әдістемелерді қолданумен, эксперименталды материалды сандық талдаумен қамтамасыз етіледі.









ІІ негізгі бөлім


2.1 Ертегі – бала жандүниесінің емшісі

  

«Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін, жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе» деп М. Жұмабаев айтып кеткендей, ертегінің бала тәрбиесінде алар орны ерекше.

Батыс пен Еуропа психологтары бала тәрбиелеу мәселесінде құрғақ ақыл айтудың, ескеру мен дауыс көтерудің жарамсыз екендігін толықтай дәлелдеді. Бұлар жаһандану қоғамына қадам басқан жаңа ғасыр үшін көнерген, өз күшін жоғалтқан әдістер деп танылған. Есесіне, ертегі терапиясы арқылы баланың санасын өздігінен кері нәрселерге қарсы тұрарлық күш деген тәсілді ұсынады. «Сабағыңды жақсы оқы, қолыңды жумай дастарқанға отырушы болма, ата-анаңды сыйла, үлкендердің әңгімесіне керіспе» дейтін ескертпелер баласы бар үйде күнде он рет қайталанады. Мың сан қайталанулардан соң бала санасы ести тұра мұндай ескертпелерді мүлдем қабылдамайтын күйге жетіп, тек өз білгенінше әрекет етеді. Өйткені, ол сабақты жақсы оқымаса не боларын немесе ата-анасын құрметтемеудің ақыры немен аяқталарын білмейді. Ал, ертегі терапия ең бірінші оған болашақ туралы сұрақтарға жауап береді, ертегінің соңында болатын нәтижелерден ол келешек туралы ой түйеді.

Ертегі терапиясы-психологияның балалар әдісі және, әрине, ең көне әдіс. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз балаларды тәрбиелеумен айналыса отырып, кінәлі баланы жазалауға асықпады,ал оған ертегі айта отырып, іс-әрекетінің дұрыс не бұрыс екенін көрсетті. Ертегі адамгершілік, жақсылық жасауға, жамандықтан бойын алшақ ұстап, өмірге үйретті.

Ертегі терапиясы-тұлғаны ашу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сананы кеңейту, қоршаған ортамен өзара әрекеттесуді жетілдіру үшін ертегі формасын қолданатын түзету әдісі.

Ертегі дегеніміз – баланың метафорлық (бейнелі) тілі. Ертегідегі орын алған түрлі жағдаяттар мен оған қатысқан кейіпкерлердің әрекеттері мен мінез-құлықтары арқылы бала күнделікті өмірде болып жатқан жағдайларға бейімделіп, өзін қоршаған әлемді тануға үйренеді. Себебі ертегі әлемінің тілі өте қарапайым болып кетеді, мұнда жақсы мен жаманды, жақсылық пен жамандықты ата-ананың бағыт-бағдарымен тез ажыратып білуге болады. Әсіресе, ертегілерде балалар әлемінде орын алатын кейбір сұрақтардың, мысалы  сараңдық пен жомарттық, жақсылық пен жамандық, жалғыздық пен достық, өзімшілдік сияқты қасиеттердің мәні ашылады. Ертегі – баланы тәрбиелеудің таптырмас бір құралы. Көбінесе, балалар өздерін ертегідегі бас қаһарманға ұқсатады, онымен бірге қиял әлеміне түскен бала бүкіл ертегі барысында алда тұрған белестерді шегеріп, асуларды бағындыруға аттанады.

Демек, баланың ой-өрісін дамытуда дұрыс таңдалған ертегіні, әрі кейбір қиын жайттарды балаларға жеңіл тілмен түсіндіруде ана-ананың маңызы зор. Мысалы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай сынды елеулі тұлғаның өмірінде әжесі Зеренің алатын орны ерекше. Кішкентай кезінде Зере әжесінің ертегілері мен әңгімелерін тыңдаған сайын бала Абайдың ақылы асқар таудай биіктей берді, ұшы-қиыры жоқ тұңғиық теңіздей тереңдей берді. Жансарайы ақылдың алтын қазынасына толы әжесінің әдемі әңгімелерін әрқашан қызыға тыңдаған бала Абай оларды көңіліндегі даналық дәптеріне дастандай жазып жүрген. Көкірегі даналықтың көз жеткісіз дариясы болған Зере әжесінің әңгімелері арқылы Абай ұлттық құнардан қуат алған, көңіл қоржынын рухани байлыққа толтырған.  « – Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен?» – деп, кішкене тақпақтап бастайтын әжесінің әңгімелері бала Абайға өмір сабақтарын түсіндірген, қоршаған дүниенің қатаң қағидаларын ұқтырған. Кішкентай кезінен ертегілерді ұнататын Абай бұрынғыдан бір үзік сыр шертетін әжесінің әңгімесін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да тыңдаудан ешқашан жалықпаған. Орыстың атақты ақыны Александр Пушкинді кішкентай кезінде қиял-ғажайып ертегілерімен әдебиет пен өнер деген рухани қазынаға қызығушылығын оятқан өзінің сүйікті бала күтушісі (няня) Арина Родионовна еді. Әйгілі жазушы Федор Достоевский балалық шағында ежелгі ертегілерімен кіршіксіз көңілін қызыққа, қуанышқа толтырған бала күтушісі (няня) Алена Фроловнаны әрқашан ерекше құрметпен, жылы лебізбен еске алғандығы жайлы деректерде айтылған. Мейірімді әжесі Елизавета Арсеньеваның ақылымен асқақ арманға талпынған ақын Михаил Лермонтов өзінің жалынды жырларымен орыс поэзиясының көгінде жұлдыздай жарқыраған. Жазушы Максим Горький әжесі Акулина Каширинаның тағылымды тәрбиесінің арқасында орыс халқы мәңгілік мақтан тұтар тұлғалардың біріне айналған. Сол себепті балаға ұйықтар алдында ертегі оқудың пайдасы мол. Ертегілерде әр істің соңы жақсылықпен аяқталатыны, жетістіктерге тек қиындықтар арқылы жететіні, адал адам бір күні жақсылыққа қол жеткізетіні жөнінде баяндалады. Қандай жағдай болса да, дұрыс шешім шығара білуге үйрететін ертегілердің өзге де пайдасы жөнінде көп айтудың қажеті шамалы.      Балаға ұйықтар алдында міндетті түрде ертегі оқыңыз. Олар аңыз-әңгіме арқылы өсіп, қиялы қарыштайды. Өмірдің қуанышты да қиын кезеңдерінде жанынан табылыңыз.

Ертегі терапиясы  тәрбие арқылы баланың көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу тәсілдері. Ер Төстік ертегісінде балақайларымыз достықтың үлкен үлгісін көреді. Оған көмек қолын созған Көлтауысар мен Желаяқ секілді алыптардың еңбегі тек достықты ғана насихаттамайды, ерекше болмыстары арқылы баланың тапқырлық деңгейін де жоғарылатады. Ер Төстік бала жер бетінде көптеген патшалықтарды көрсе, жер астында да көптеген патшалықтардың қонағы болады. Бұл бала психологиясына Отан ұғымын сіңіреді, белгілі бір мемлекеттің заңнамаларына бағыну мәселесін ұғындырады.

Қазіргі заманауи замандағы балаға ертегіні құрғақтай оқып беру немесе оның кейіпкерлерінің бейнесін бейнелеу, мазмұндары жайлы айту өте аз. Үшінші мыңжылдықтың балаларымен ертегінің мәнін талдау, онымен бірге ізденіп, өмір сабақтарын жасырын мәнін ашу керек. Бұндай жағдайда баланы ертегі ақиқат өмірге апармайды. Керісінше, ақиқат өмірде белсенді жасампаз болуға көмектеседі. Ертегі сабақтарын шешкен кезде, ертегі әңгімелер өмір процестерінің қозғалысы туралы ақпарат бар екендігін көрсетеді. Ертегіде адамның жалпы қиындықтарын және бейнелік әдіс пен шешімдерді көруге болады. Әрбір оқыған ертегілерді балалармен ойластырсақ, әңгімелесек, онда баланың санасында жасырылған жағдаяттар белсенді болады, соқыр сезімде емес санада болады. Осылай баланы өмірге дайындауға маңызды құндылықтарды реттеуге болады.

Ертегі терапиясы дегеніміз не?

Бірінші басымызға келетін нәрсе – ертегімен емдеу деген ой. Бірақ, ертегі мен ертегі терапиясы шатыстыруға болмайды. Ертегі терапиясы – бұл кез-келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі басқаша айтқанда дамыту.

Ертегі терапиясы- бұл мағынаны іздеу, әлем және ондағы өзара қарым-қатынас туралы білімдерді шешу процесі .

Ертегі терапиясы – бұл ертегі мағынасын шындыққа ауыстыру процесі, сондай-ақ жан-жақты білім беру мен тәрбиелеу процесі. Сиқырлы әлемді біртіндеп жақсартып, ішінде жүреді. Бұл мағынада ертегі терапиясы-жандүниең мен айналадағы табиғатты, әлемді жақсарту процесі.

Ертегі терапиясымен адамдар әрдайым айналысты. Рас, бұл басқаша аталды.

2. 2 Ертегі терапиясында емнің қандай қатысы бар?


Ертегі терапиясы психодиагностиканың түзетудің және даму принциптері адамгершілік, позитивтік терапияның принциптеріне жақын болып келеді. Ертегі терапия мінез-құлықтың негативтік формаларын позитивке өзгертеді. Яғни, жақсы нәрсеге ұмтылуға көптеген үлгілер ұсынылады. Бала өзін кейіпкерге санасыз түрде салыстырып болашақта болдырмауға мүмкіндік алады. Ертегі еш баланы дұрыс өмір сүруге жол көрсетіп, ойландырады.

Ертегі терапиясының бірінші кезеңі-халық ауыз әдебиеті. Оның басы ғасырлар тереңдігінде жатыр, бірақ ауызша (кейінірек және жазбаша) шығармашылық процес бүгінгі күнге дейін жалғасады.

Екінші кезең-мифтер мен ертегілерді жинау және зерттеу. Психологиялық терең аспектіде мифтер мен ертегілерді зерттеу К. Ю. Юнга, Б. Беттельхейма, В. Проппа және т. б. есімдерімен байланысты.

Үшінші кезең – психотехникалық. Мүмкін, ертегіні әдіс ретінде қолданған педагогикалық, психологиялық және психотерапиялық технологиялар. Заманауи практикалық тәсілдер ертегіні техника ретінде қолданылады .

Әсіресе ұрпақтан-ұрпаққа берілетін халық ертегісі маңызды. Ол халық енгізген өзгерістерге ұшырайды. Ертегіде миллиондаған адам еңбек етеді, қажетсіз бөлшектерді тастай отырып, оны адам даналығы, тәжірибесі, адам санасы мен түпсанасының нәтижесі. Ертегі оның өмірлік философиясын көрсете отырып, халық мәдениетінің элементі болып табылады. халық ертегілерінің зерттеушілері олардың ерекшеліктерін атап өтеді: балаларды поэтикалық өткірлігі арқылы шындыққа, ұлтшылдық, терең даналық пен өмірге шынайы көзқарасқа үйретеді.

Бүгінде ертегі терапия термині адам жанының рухани және әлеуметтік жүзеге асыру туралы білім беру тәсілі болып табылады. Сондықтан ертегі терапиясы адамның рухани табиғатына сай тәрбие жүйесі деп аталады. Көптеген адамдар ертегі терапиясы тек балаларға арналған деп санайды. Дегенмен, ертегі терапиясымен қамтылған жас ауқымына шек жоқ.

Ертегі арқылы балаға адамгершілік пен этиканың алғашқы және басты ұғымдарын түсіндіру оңай: "жақсы" деген не және "жаман"деген не? Ертегі кейіпкерлері әрқашан жақсы немесе жаман. Бұл баланың сүйкімділігін анықтау үшін, жақсылық пен жамандықты ажырату үшін өте маңызды. Бала өзін оң кейіпкермен теңестіреді. Осылайша, ертегі балаларға жақсылық әкеледі. Кейіпкерлердің бейнесінде айқын көрсетілген адамгершілік-этикалық және эмоционалдық ұғымдар шынайы өмірде және жақын адамдармен қарым-қатынаста бекітіледі. Өйткені, егер ертегілердегі зұлымдық әрдайым жазаланатын болса, онда жазалаудан қашудың жалғыз жолы – зұлым болмау.

Ертегі арқылы жаңа тәжірибе алу. Ертегі балаға мінез-құлықтың түрлі үлгілерін ұсынады. Ертегіні тыңдау, оқу немесе драматургиялау нәтижесінде бала сыртқы әлемнің ішкі моделін жасайды. Ертегі арқылы ол қиын жағдайларды шешу үшін қажетті сапаға ие болады. Әр ертегіде қарама-қайшылық, мейірімді және зұлымдық бастаудың қақтығысы бар. Жағдайдан шығу әр түрлі ресурстарды пайдалануға байланысты. Сонымен қатар, тыйым салулар мен ережелерді бұзу қажеттілігі, абсурдқа қажеттілік іске асырылуда, соның арқасында ертегі баланың ішкі әлемі мен сыртқы, объективті әлем арасында делдал болады.

Осылайша, балалар ертегісі – барлық уақытта педагогтар мен ата-аналар қолданған баланың эмоцияларын дамыту үшін ең қолжетімді құралдардың бірі. Ешқандай да, тіпті аса, білім баланың адамгершілік-этикалық және эмоционалдық дамуынан озбауы тиіс!



2. 3 Балалардың адамгершілік қасиеттерін дамытудағы ертегі терапиясының орны


Сиқырлы ертегілердегі моральдық құндылықтар жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің мысалында нақты көрсетілген. Оң кейіпкерлер, әдетте, мақсатқа жетуде батылдығы, батырлығы, табандылығы, сұлулығы, адалдығы және халықтың алдында ең жоғары құндылығы бар басқа да дене және моральдық қасиеттері бар. Қыздар үшін бұлай десе аузы бар, күн десе көзібар сұлулық, ақылдылық, шеберлік ал ұлдар үшін-мейірімді (батыл, күшті, адал, мейірімді, еңбекқор, Отанын сүйетін).

Ертегінің маңызды бөлігі қандай да бір нәрсеге тыйым салу болып табылады, сондықтан сюжеттің ішінде жағымсыз, қарсы күштер жүреді «жалмауыз кемпір, айдаһар сияқты)

Осылайша, бала өз іс-әрекеттері идеалдармен салыстыра отырып, алыс болашаққа ұмтылады. Балалық шақта қалыптастқан осы идеалдар көбінесе оны тұлға ретінде анықтайды.

Е.В. Чеховтің пікірі бойынша ертегі терапиясының бірнеше түрін белгілеуге болады:

  • ертегіні айту,

  • ертегіні сурет арқылы салу,

  • ертегі терапиялық диагностика,

  • ертегі құрау,

  • қуыршақ жасау,

  • ертегіні қою және тағы басқа.

Ертегі терапиясының дамуына, эмоциясын реттеуде маңызды екендігін З.Фрейд, Э.Эриксон, Э.Фромм, А.Маслоу, Э.Гидденс, М.Вебер, Г.Зиммель, К.Роджерс, В.И.Лубовский,  Н.М.Назарова,  В.В.Егорычев, В.Г.Петрова, М.Н.Перова, Е.А.Стребелевой, Е.Васина, А.Барыбина, Т.Д.Зинченков, қазақстандық ғалымдар С.М.Жақыпов, Ә.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова, А.Құдиярова, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде  қарастырған.

Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы, оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады [2].

Ертегі терапиясы ата-ана үшін де, балалар үшін өте тапқыр әдіс болмақ. Адам баласында нашар деп бағаланатын көптеген мінездер бар. Соның бірі – жалқаулық. Жалқаулықты қаралайтын ертегілер мол болғанымен, дені баянға құрылады. Ертегіні тыңдау бір басқа да, оны сомдаудың жөні бір басқа. Жалқаудың рөлін ойнаушы бала өзі қайталап отырған болмыстың шын мәнінде кім екенін түбегейлі ұғынады да, ондай одағай әрекеттерді қайталамауға тырысады.

Ертегі терапиясы-бұл ертегі арқылы адамға психологиялық әсер ету. Жағымды және көп қырлы тұлғаның дамуына ықпал етеді, кейбір мәселелерді түзетуге, қорқыныш пен ішкі комплекстердіі жоюға көмектеседі..

Бірінші басымызға келетін нәрсе- ертегі мен емдеу деген ой. Бірақ, ертегі мен ертегі терапияны шатыстыруға болмайды. Ертегі терапия– бұл кез-келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі. Басқаша айтақанда дамыту.

Ертегі терапиясында емнің қандай қатысы бар?

Ертегі терапиямен әсер ету ертегінің 4 түрінің көмегімен жүзеге асады:

  • Көркемдік ертегілер – халық ертегілеріне қарағанда нәзік келді. Адамның өміріндегі жеке өмірінен мағлұмат береді.

2. Халық ертегілер – оқу материалын түсіндіру үшін

қолданылады.

3. Авторлық ертегілер – баланы ертегіге қызықтыру, зейінді

дамыту.

4. Психокоррекциялық ертегілер – баланың іс-әрекетіне

жаймен түзету үшін қолданылады.

Ертегі терапияның жетістіктері:

  • Баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын байытады, дұрыс диалог құруға көмектеседі, байланысты логикалық сөйлеуі, сұрақтар қоя білу шеберлігі дамиды;

  • Баланың эмоцияларын дамытады, бала ертегі кейіпкерлерін елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ұғынуды, оларға жанашырлық танытуды үйренеді;

  • Мінез-құлық пен қарым-қатынастың негіздерін жасайды, бала жақсылықтың күшіне сенуге үйренеді;

  • Баланың қиялы, шығармашылық қабілеті артады;

  • Балаға жағымды эмоционалдық көңіл-күй сыйлайды;

  • Баланың мінез-құлқын түзетеді және жақсартады, қалыптасып келе жатқан тұлғаның жағымсыз жақтарын жеңуге көмек береді;

  • Баланың ертегі кітапқа деген сүйіспеншілігі оянып, әртістік қабілеті артады.

Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева ертегі терапиясын төмендегідей түсіндіреді:

-             емдеу (психотерапиялық болып табылатын баланың ішкі білімін ашу);

-             мағына іздеу үдерісі (әлем туралы білімнің мағынасын ашу);

-             шынайы өмірдегі және ертегідегі оқиғалар мен тәртіптердің арасындағы байланыстың білімі;

-             мәселелік оқиғаларды объективтілеу;

-             баланы тәрбиелеу және оған білім беру[3].

Ертегі терапияның бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді.

Ертегі терапиясының жетекші идеялары болып:

-             өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;

-         оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;

-        қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;

-      қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;

-      үндестік пен күшті сезіну [4].

 




 

Дидактикалық  Психокоррекциялық

 Shape1 Shape2

 

 Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады:

 Shape3 Shape4 Shape5

 

 

 

Көркемдік  Психотерапиялық Медиативті

 

 

  Сурет 1. Ертегі терапиясымен әсер ету

 

Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер балаға әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б. 

Ертегі терапиясы арқылы мынадай қасиеттерді сіңіруге болады:

  •   Баланың шығармашылығы дамиды;

  •    Ойлау қабілеті дамиды;

  •    Баланың бойында тапқырлық дамиды;

  •    Өз ойын жеткізе білу;

  •    Рөлге ене білу;

  •    Сөйлеу мәдениеті және т.б. қасиеттері дамиды.

Қазіргі таңдағы көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, ертегі терапиясы емдік мақсаттағы терапия екенін түсіндіріп, дәлелдеп отыр. Оларға қысқаша тоқталып кетер болсақ:

-          Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись, түрлі-түсті краскалармен батпақты пайдалана отырып мүсіндер жасау – адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына пайдасын тигізетін ең бір зиянсыз әдіс.

-          Психотерапияны жүргізудің вербальды түріне қарағанда, көптеген бейнелердің көмегімен ішкі уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін сыртқа шығару оңайырақ болады. Яғни, терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары осыдан байқалады. Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды жағынан ілгерілеуін тездетеді.

- Терапия жүргізу процесінде диагностикалық жұмыстармен интерпретация жасаудың негізгі мүмкіндіктерін нақты беріп отырады. Баланың жасап шығарған шығармашылық туындыларының шындықтағы бар нәрсе екенін ол өзі жоққа шығара алмайды. Клиенттің шығармашылық жұмысының стилі мен мазмұны ол жөнінде терапевтке көптеген ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар туындының авторы терапевтпен бірге интерпретация жасауда көптеген өзіндік үлесін қосады.

- Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен қиын ауыр сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің себептерін  анықтаудың, оны түсіндіре алудың бірден-бір жолы – осы вербальды емес әдіс арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады.

- Терапиялық өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің шығармашылық жұмыстарындағы кейбір элементтерінің ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен бір-біріне деген эмпатияның қалыптасуын тездетеді.

- Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді.

- Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін дамытады және нығайтады [4].

Балалар ертегіге ене отырып, нақты жағдайда шығармашылық өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинап, өздеріне жаңа ресурс аша отырып, өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, басқаша ойлай бастайды, басқа қырынан қарай бастайды және оның конструктивті әлеуметтік моделіне  кіріседі.

Ертегі терапиясының когнитивті және шығармашылық аспектілері ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты  көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады. Қиялдың шығармашылық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.

Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.









2. 4 Ертегі терапиясын тәжірибе жүзінде жүргізу



Ертегімен жұмыс жасау барысында мынадай әдістерді қолданған жөн:

1.          Ертегіні талдау. Мақсаты – арбір оқиғаны, әрбір кейіпкерді, әрбір бейнеленген сюжетті түсіне отырып шыққан қорытындыны ұғыну. Баладан көбінесе өз ойын сұрап отырған жөн.

2.          Ертегіні әңгімелеу. Бұл әдіс баланың елестете алу қабілетін, қиялын дамытады. Балаға бұл ертегіні қатысқан немесе қатыспаған кейәпкердің атынан баяндап беруді ұсынуға болады.

3.          Ертегіні қайта жазу немесе толықтыру. Ертегінің мазмұны немесе оқиғаның шиеленісуі, аяқталуы ұнамаған кезде қолданылатын әдіс. Ертегіні қайта жазып немесе кейіпкерлерін өзгертіп бала өзінің бойындағы өзгерістерді көрсетіп, шешімін таппай жүрген жағдайларды шешіп, өз ішіндегі толғаныстардан босай алады.

4.          Қуыршақтар арқылы ертегіні сахналау. Бұл баланың қимыл – қозғалыстарын неғұрлым шынайы етіп, қуыршақтың мінез – құлқын да шынайы сомдай алуына көмектеседі. Қуыршақтармен жұмыс жасау арқылы бала өз бойындағы өзгерістер мен эмоцияларды жағдайларға байланысты көзрсете алмайтын жақтарын көрсетуге мүмкіндік алады.

5.          Ертегіні құрастыру. Кез – келген қиял – ғажайып ертегілерде мазмұнның даму заңдылықтары бар. Басты кейіпкер бір отбасында дүниеге келіп, қиындықтарға тап болып, ол кедергілерді жеңеді және үйіне оралады. Сонымен, ертегі барысында кейіпкердің өмірі ғана сипатталмай, жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі айтылады.

Ертегі терапиясын адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.

Баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.

Ертегілерді өткізу түрлері:

Кітапша театры - бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді.

Сюжеттік -рөлдік көрсетілім – балалар рөлге бөлініп, ертегіні сахнаға шығып көрсетеді. Бұл көрсетілім баланы сахна төрінде ұялмай, қобалжудан өз ойын жеткізе білуге үйртеді. Балалардың көңіл-күйін көтереді. Сөздік қорын дамытады және т.б.

Көлеңкелі театр. Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрдың қойлымын көрсетуге үш педагог немесе балалар қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ақ матадан жасайды, түрлі декорация жасайды. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.

Үстел үстіндегі театры - мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады.

Суреттер (картиналар) театры - декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.

Фланелеграф театры - суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.

Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алу да үйренеді.

Мультфильм немесе мультипликациялық фильм - (лат. mult, лат. iplicatio - көбейту, ағылш. film - таспа) - көптеген суреттерден және солардың қимыл әрекетінен құралатын үздік туындылардан тұратын фильм. Ал сол экрандағы балаларды қызықтырып көздерінің жауын алатын таңғажайып туындыларды жасайтын суретші-мультипликатор деп аталады. Болашақ мультфильм кейіпкерлері солар салған суреттермен жанданады. Бірақ, оны солай жандандырудың өзі оңай емес. Олардың қимыл-қозғалыстарды суретші көптеген суреттерден құрастырады. Он минуттық фильм 115 мың суретті қажет етеді. Ол суреттерді тек ақ қағазға сала салмай, ол кейін целлулойдқа көшіріліп боялады, мультстанокте кадр-кадр боп, яғни бөлек-бөлек көріністер болып түсіріледі. Бұл өте күрделі де үлкен жұмыс. Және ол бір суретшіге тым қиын. Сондықтанда қазіргі таңда заманауи құрылғылар арқылы анимациялық мультфильмдер түсірілуде. Сол құрылғылар суретшілердің жұмысын бірнеше есе жеңілдетті.

Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз педагог айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.





























ІІІ Қорытынды


Ертегі терапиясы – бұл жай ғана бағыт емес, психологияның, педагогиканың, психотерапияның және әртүрлі мәдениеттің жетістіктерінің жинағы. Ертегі терапиясы - шынайы шығармашылық процесс. Ертегі сөзі балалар санасында мәңгілік қалып қояды. Баланың жүрегі қиял-ғажайыпқа ұмтылады. Әр түрлі ертегі-терапиялық әрекеттер барысында балалар танымдарды қабылдайды: уақыт пен кеңістік туралы, адамның табиғатпен, әлеммен байланысы туралы алғашқы түсінік; ертегі тыңдағанда бала әлемді ақылмен ғана емес, жүректермен де таниды. Тек қана танып қана қоймай, қоршаған әлемнің оқиғалары мен құбылыстарына үн қатады, жақсылық пен жамандыққа өз көзқарасын білдіреді, осылайша жеке тұлға түзетіледі, эмоциялық – мінез-құлық әрекеттері кеңейеді. Ертегіде әділеттілік пен әділетсіздік туралы алғашқы түсінік жатыр. Ертегі балаға алғашқы рет батылдық пен төзімділікті сезінуге мүмкіндік береді. Ертегі терапиясы балаға қабылдауға немесе қабылдамауға болатын балама тұжырымдама береді.

Ертегілер балаларды еңбек етуге, шыдамды болуға, жанұя мүшелеріне көмектесуге, ұйымшылдыққа, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелейді.

Осы ғылыми-зерттеу барысында ертегі терапияның балалардың тәрбиесінде тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі әдістерінің бірі болып табылатын, осы әдіс балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалы екендігі туралы ұсынылған болжам толығымен расталды.

Қорыта келгенде, ертегі терапия балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте ертегі- балалар үшін мереке, демалыс орны. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер үшін үлкен табыс.

«Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе»,- деп М.Жұмабаев айтып кеткендей, ертегінің бала тәрбиесінде алар орны ерекше.

Ұсыныстар:

  1. Ертегі терапиясы бойынша терең зерттеу жасалынып, оның бала дамуына пайдасы ғылыми түрде анықталса

  2. Ертегілердің бала дамуындағы маңызын тани отыра, оны арнайы курстарда биі қолданса.

 






















ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.      ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 13-съезінен жолдауы.

2.      Короткова Л.Д. Сказкотерапия в школе. Методические рекомендации – М.: ЦГЛ, 2006.

3.      Зинкевич-Евстигнеева Т.Д., Грабенко Т.М. Практикум по креативной терапии. СПб, 1998

4.      Ертегі терапиясы, Төлеген. А. , Қазақстан мектебі, № 8, 2012 жыл.

5.      Соколов Д.М. Сказки и сказкотерапия. –М., 1996

6. ummet.kz Толығырақ: https://ummet.kz/makalalar/353-family/4884-jy-tar-aldynda-bala-a-ertegi-o-udy-pajdasy.html


14


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1174
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі