400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегі терапиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі арқылы тапсырмалар беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 24.02.2025

Тақырыбы: Ертегі терапиясы

Мақсаты: Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегіні көрсету үшін сұрақ-жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу. Ойындар арқылы баланың ойлау қабілетін, қол моторикасын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Үнтаспа: Ерте, ерте, ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында ата бақшаның жемісін жинап жүріп, шалқанды көреді. Шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.
Шал: - Ой бәрекелді, менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды.

(Шалқанды тарта бастайды, тартып – тартып шалқанды жұла алмай, балалардан әжені шақыруға көмек сұрайды)

-Балалар, маған әжені шақыруға көмектесесіңдер ме?

-Олай болса, суретке қарап сөздерді құрастырайық.

«Сөз құрастыр» ойыны
- Әже, маған келші көмекке, қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті. Осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сен маған көмектесші.

Әже: Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.
(Осылайша әже атаның артынан ұстап ары тартады, бері тартады бірақ орнынан қозғалта алмайды)

- Балалар, маған немеремді шақыруға көмектесесіңдер ме?

-Олай болса, менің тапсырмамды бірге орындайық.

«Әжемнің оюлары» ойыны

(Әже балалармен бірге көмекке немере қызын шақырады)
- Қызым – қызым бізге көмекке келші! Атаң екеуміз шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Немересі: Жарайды, әже сіздерге көмектесейін.

(Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет – ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді)

- Балалар, маған Ақтөс итімді шақыруға көмектесесіңдер ме?

-Олай болса, менің тапсырмамды бірге орындайық.

«Сезім мүшелері» ойыны

(Немересі балалармен бірге көмекке Ақтөс итін шақырады)

- Ақтөс, Ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші, шалқанды біз жұла алмай жатырмыз.
Ит Ақтөс: Аф - аф - аф көмектес десендер көмектесейін.
(Ит қыздың етегінен, қыз әжеден, әже атадан, ата шалқанды ұстап, ары тартады, шалқанды суыра алмайды)

- Балалар, маған мысығымды шақыруға көмектесесіңдер ме?

-Олай болса, менің тапсырмамды бірге орындайық.

Сергіту сәті : «Ритмдік жаттығу»

(Ақтөс балалармен бірге көмекке мысықты шақырады)

Ит Ақтөс: Мысық, мысық бізге көмекке келші біз шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу - мяу - мяу көмектесіп жіберейін.
(Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір атадан, ата шалқанды ұстап, әрі бері жұлқиды бірақ шалқан шықпайды)

- Балалар, маған тышқанды шақыруға көмектесесіңдер ме?

-Олай болса, менің тапсырмамды бірге орындайық.

«Сәйкестендір» ойыны

(Мысық балалармен бірге көмекке тышқанды шақырады)

Мысық: Тышқан,тышқан бізге көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
(Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір атадан, ата шалқанды ұстайды. Олар тартып – тартып, ақыры шалқанды суырып шығарады)

Мұғалім: Міне, балалар осылай Шалқан ертегісін сахналадық.Әрдайым бірігіп жасаған жұмыс оңайға түседі.Бұдан былай бәріміз қандай да жұмыс жасасақ, бірігіп бір-бірімізге қамқор болайық.

Ерсұлтан: «Досым» әні

Қорытынды







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.02.2025
170
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі