Түлкі, қоян және әтеш (ертегі)Автор:Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан,ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты. Көктем келіп күн жылынғанда түлкінің үйшігі бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді. Түлкі -Ұлбибі: -Қоян,қоян! Мені үйіңе кіргізші,жылынып алайын!Автор: Жылпос түлкі осылай алдап-сулап,аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып,ақыры оны үйінен қуып шығады. Қоян жылап келе жатып,иттерге кезігеді.Иттер-Света,Құндыз: Қоян,қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?Қоян-Аяна: -Қалай жыламаймын түлкінің мұз үйі еріп кетіп менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне,баспанасыз тентіреп жүргенім.Иттер-Света-Құндыз: Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз!Автор: Иттер жиналып қоянның үйіне келеді.Иттер-Света-Құндыз: -Ау-ау-ау! Әй,түлкі шық қане! Босат,қоянның баспанасын!Түлкі -Ұлбибі: -Аха! Шықсам шығайын! Бірақ,мен далаға шықсам,сендерге жақсы болмайды ,ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын!Автор: дейді түлкі қорқытып. Иттердің үрейі ұшып кетті.Басы аманда қашып құтылуды ойлап,тайып тұрды. «Үйі жоқтың –күйі жоқ»деген. Қоян қаңғи қаңғи шаршап,тағы да жылай бастайды. Алдынан аю шығады.Аю-Ағарыс:-Қоян-ау не болды? Сонша неге жылайсың?Қоян-Аяна: -Қалай жыламаймын түлкінің мұз үйі еріп кетіп менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне,баспанасыз тентіреп жүргенім.Аю-Ағарыс:- Жылама! Мен оны қуып шығамын.Қоян-Аяна:-Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады.Аю-Ағарыс:- Көресің қуып шығамын.Автор: Аю үйшіктің алдына келіп:Аю-Ағарыс:-Түлкі,шық! Босат,қоянның үйін!Автор: -деп ақырды. Түлкі болса пеш үстінен:Түлкі -Ұлбибі: -Шықпаймын. Шықсам,сендерге жақсы болмайды ,ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын!Автор:-деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлайды. Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастайды. Қараса жанынан алтын айдарлы Әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.Әтеш-Мағжан:- Қоян-ау не болды? Сонша неге жылайсың?Қоян-Аяна: -Қалай жыламаймын түлкінің мұз үйі еріп кетіп менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне,баспанасыз тентіреп жүргенім.Әтеш-Мағжан:-Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!Қоян-Аяна:-Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады. Аю да қуды қуа алмады. Сенде қуа алмайсың.Әтеш-Мағжан:-Жүр,көресің! Қуамын!Автор: -Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастайды. Әтеш-Мағжан:- Шөп шабамын,шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса Оны да шалғынша шабамын!Автор:-түлкі қорқып кетіп. Түлкі -Ұлбибі: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын»Автор: -дейді түлкі. Әтеш-Мағжан:- Шөп шабамын,шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса Оны да шалғынша шабамын!Автор:-дейді әтеш. Әтеш қайта әндете бастайды. Түлкі сасқалақтап:Түлкі-Ұлбибі:-«Қазір-қазір тонымды киіп жатырмын!»Автор:-Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп,қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.