Материалдар / ертегі "Үйшік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ертегі "Үйшік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі "Үйшігі" ересек топ балаларына өте қызықты.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.
Білім беру дағдысы : Қатынас
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі
Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

Ғажайып алжапқыш:

Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.
Сәлеметсіздерме балалар?
– Мынау ғажайып алжапқышп, сіздерге қонаққа келді. Үстімдегі алжапқышты не үшін киіп келдім деп ойлайсыңдар?Үйдегі аналарыннан көрген шығарсыңдар!Алжапқышты не үшін киеміз?

-Дұрыс айтасыңдар,үстіміз кір болмау үшін киеміз,таза жүру үшін және сол сияқты...

Бірақ бұл алжапқыш жай алжапқыш емес,ғажайып алжапқыш.

Алжапқышты аударып киеміз.сол кезде ертегілерге тап боламыз.Бұл алжапқышқа ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.Оның ішінде не бар екенін білгіңіз келе ме? Ол үшін біздер жұмбақ шешу керекпіз:
Жұмбақтар:
1. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
/Аю/
2. Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. /
Қоян/
3. Өзі бір қу,
Жүрген жері шу./
Түлкі/
4. Күші десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар. /
Қасқыр/
5. Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кім шалшықта
Бірін-бірі мақұлдап./
Бақа/
6. Үй-ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жыртады,
Мысықтан қорқады.
/Тышқан/
Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне ғажайып алжапқыш бізге қаншама әдемі кейіпкерлерді сыйлайды.
Ғажайып алжапқыш: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?
Алжапқыш: Дұрыс айтасыңдар. Ертегі бізге қонаққа
келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады?

Балалар: «Үйшік ертегісі»
Алжапқыш: Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Үйшік» ертегімізді тамашалайық. Ерте, ерте, ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю.
Алжапқыш: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.
Бір күні тышқан келе жатып, ән айтып:
Өзім егін екпеймін,
Егістен ұзап кетпеймін.
Мысық қуса жетпеймін,
Мен қап тесер тышқанмын деп,
орманда әдемі үйшікті көріпті, үйшік жаңа, жылы, әдемі болыпты. Үйшікті көріп қалған тышқан үйшікке жүгіріп келеді.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы үйшік. Мен енді осында тұрамын.
Сол кезде шыршалардың арасынан бақа әндетіп шығады:
Мен бақамын, бақ-бақ,
Басым менің жалпақ.
Су түбінде көп жүріп,
Басым содан жалпақ.

Бақа: Бұл үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.
Ал сен кімсің?
Бақа: Мен секек бақамын. Үйшікке мені де кіргізші.
Тышқан: Мұнда орын жетеді.
Шыршалардың арасынан қоян шығады.
Мен ақ қоянмын, ақ қоянмын,
Қалқиған ұзын құлағым.
Құлағымды жел үніне,
Тігіп жатар сақ қоянмын.
Қоян: Бұл үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?
Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де үйшікке кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.
Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.
үйшікке түлкі бикеш келеді.
Ананы да алдаған,
Мынаны да алдаған.
Жүрген жері шу,
Мен түлкімін қу.
Түлкі: Үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?
Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде үйшікке кіргізіңдерші. Мен суықта әбден тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.
Қоян. Мұнда орын жетеді. Үйшік жылы, жаңа, әдемі кел кір түлкі.
Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.
Мен қасқырмын, қасқырмын,
Қозы ұрлайтын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде,
Қозы етін жемесем.
Бұл үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады.
Түлкі: Түлкі бикеш тұрады.
Ал сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.
Шыршалардың арасынан аю шығады.
Кезген ішін орманның,
Мен аюмын қорбаңмын.
Қалың нудан бал таңдап,
Жүремін мен балпаңдап.
Аю: Бұл үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады.
Түлкі: Түлкі бикеш тұрады.
Қасқыр: Қасқыр тұрады.
Ал сен кімсің? Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.
Тышқан: Жоқ!
Бақа: мұнда орын жоқ!
Қоян: сен дәусің қалай кіресің?
Аю: — Қорықпаңдар түкте болмайды, — деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне әп – әдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады.
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, достар бір біріне
Сенімді боламыз!

Алжапқыш:Балалар ертегі ұнады ма?Олай болса сендерге көп рахмет,келесі ертегімді басқа балаларға айтып берейін.

Сау болыңдар!









ЖШС «Аяла-Бөбек» балабақшасы





Тақырыбы: «Үйшік ертегісі»

Тәрбиеші: Жакеева А.Е















2024ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!