«Ертегілер әлемінде»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ертегілер әлемінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, ертегілер арқылы тілін дамыту. Диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы










Қорытынды ашық қаралым №6 «Болашақ» ересек топ Тақырыбы: «Ертегілер әлемінде»

Тәрбиеші:Бекбаева А.А.

















2024-2025жж

Көкшетау қ.

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер әлемінде»

Сабақтың түрі: Кіріктірілген: тіл дамыту, көркем әдебиет, Инновациялық технология Круги Луллия.

Формалары: фронтальды-ұжымдық, жеке, ұжымдық.

Әдіс-тәсілдер: Ауызша, көрнекілік, өз бетінше, ойын.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, жеке карточкалар,

Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға

қызықты тапсырмалар орындата отырып, ертегілер арқылы тілін дамыту. Диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтуға үйрету.

Тәрбиеші: Қанекей, балалар барлығымыз шеңбер болып ортаға тұрып, бір-бірімізбен амандасып алайық.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жылулық шеңбер.

Қайырлы таң алтын күн,

Қайырлы таң жер ана.

Қайырлы таң достарым,

Сендерді көргеніме қуанамын.

Балалар, бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Ертегілер әлемінде»

Тәрбиеші: Қанекей балалар 4 топқа бөлініп отырайық.

Тәрбиеші: Мына жердегі суреттен таңдап аламыз, қай кейіпкер түседі сол жерге барып отырамыз.

  1. топ: Түлкі тобы

  2. Топ: Барыс тобы

  3. Топ: Ит тобы

  4. Топ: Қоян тобы

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырамыз.

Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

Тәрбиеші: Балалар қазір бізде қандай мезгіл?

Балалар: Көктем

Тәрбиеші: Көктем мезгілінің қай айы?

Балалар: Сәуір айы.

Тәрбиеші: Балалар көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: Көктем мезгілінде күн жылиды, кейде жаңбыр жауады, құстар жылы жақтан қшып келеді, ағаштың жапырақтары шыға бастайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Олай болса сабағымызды бастайық.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы жан-жағымызда не көріп тұрмыз?

Балалар: Жануарлар,аңдар.

Тәрбиеші: Иә балалар дұрыс айтасыңдар, біз ертегілер әлеміндеміз. Ертегілер әлемінде сендерге деген түрлі тапсырмалар бар екен. Ертегі әлемі сендерге «Луллия» әдісі арқылы тапсырмалар дайындаған.

Тәрбиеші: Олай болса балалар 1-ші тапсырманы орындау үшін мына жердегі стрелканы айналдырамыз, стрелка қай аңға түседі сол аңнын дайындаған тапсырмасын орындайтын боламыз.


  1. тапсырма: Есектің тапсырмасы: Заттарды тиісті орнына қой.

  1. тапсырма: Иттің тапсырмасы: Дидактикалық ойын «Кім жылдам»

Ойынның шарты: Қиындылардан суреттерді құрастырады. Және сұрақтарға жауап береді. Либо кубик арқылы

  1. Қандай ертегі?

  2. Ертегі кейіпкерлерін ата?

Тәрбиеші: Ал балалар сендер шаршаған боларсың, бір бойымызды жазып алайық.

Сергіту сәті: Бейнетаспадан қарап қимылды іс-әрекет жасайды.

Рахмет балалар жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар.

3-тапсырма: «Круги Луллия» әдісі. Аңдар немен қоректенеді?


4-тапсырма: Дидактикалық ойын «Артығын тап»

Рефлексия кезеңі: Жарайсыңдар балалар барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе қарастырған ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйлерін бірге қайталап көрейік. Экранға назар аударамыз.

Тәрбиеші: Қоян бізде қандай?

Балалар: Қорқақ

Тәрбиеші: Түлкі қандай?

Балалар: Таң қалып қарап тұр.

Тәрбиеші: Аюдың көңіл-күйі қандай?

Балалар: Көңілсіз.

Тәрбиеші: Қасқырдың көңіл-күйі қандай?

Балалар: Ашулы.

Қорытынды: Балалар, бүгін ойындарымыз сендерге ұнады ма?Біз қандай ойындар ойнадық?

Балалар:Жауап береді қандай ойын ойнағанын , не үйренгендерін ,немен айналысқандарын айтады.

Тәрбиеші: Ендеше бүгінгі сабағымыз аяқталды, сендерге көп рахмет, сау болыңдар.

Тосын сый балаларға.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Балалар көптеген ертегілерді біледі және кейіпкерлерін ажырата алады.

Игереді: Балалардың ертегілер туралы түсініктерін еңейту.

Меңгереді: Еркін жауап беру ,топпен жұмыс жасауды, шығармашылық дағдыларын менгереді.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.11.2025
19
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі