15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегілер әлеміне саяхат
ІІ кіші «Көгершін»топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні:
Тәрбиеші:
Білім саласы:Таным
Пән: Құрастыру
Өтпелі тақырып: Ғажайып әлем
Тақырыбы: Ағаш
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ағаштарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың қол икемділігін арттыру, табиғи материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Оқыту: Табиғаттағы тіршілік,қысқы ағаштартуралы білімдерін кеңейту.
Педагогикалық технология: ойын технологиясы.
Блингвалдық компонент:ағаш- дерево,қыс- зима
Ресустармен қамту: Ағаштар суреттері,жыл мезгілдері суреттері,үлгі сурет,қылқалам,субояу.Қол сүртетін сүлгі,қылқалам,мақта.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тосын жағдай:
Орман арасынан аңдардың дыбыстары естіледі.
- Балалар бұл ненің дыбысы?
- Аю,қасқыр,қоян
Бір кезде қоян келеді.
- Сәлеметсіңдер ме? балалар
- Мен сендерге қонаққа келдім
- Мен жай келген жоқпын сендерге тапсырмалар ала келдім.
Қане бірге орындайық.
Қоян: сендер мына жұмбақты тапсаңдар сабақ соңында сыйлық беремін.
ІІ Негізгі кезеңі
Жұмбақ
Күн жылынса киінеді,
Суытса шешті киімді.
Жел соқса тербеледі,
Желге күш береді. (Ағаш)
1.Әңгімелесу.
Ағаштар туралы мағұлымат беру.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс
Ерте,ерте ертеде жыл мезгілдері бір үйде өмір сүріпті.Олар өз мезгілдеріндегі ағаштарды іздеуге жолға шығады.Бірақ таба алмайды.
Олар өз ағаштарын табу үшін жыл мезгілдерін сипаттайды.
Солай ағаштарын тауып алады қуанады.Сол сәтте тентек бала ағаш бұтасын сындырып тастайды.Бұған жыл мезгілдері ренжіп жылайды.
Қоян: Жыл мезгілдері одан да бұл ағашты таңып байлап су құйып баптайық.
Тентек бала: Жыл мезгілдері мен қоянан кешірім сұрайды.
Бәрі біргешеңбер құрып:
Тентек бала болмаймыз
Ағаштарды қорғаймыз
- Олай болса бүгін қысқы ағашты құрастырып көрейік.
Бұл да қоянжанның бір тапсырмасы болып есептеледі.Сондықтан қоянды ренжітпейік. Жұмысты бастамас бұрын қолымызды жаттықтырып алайық.
2.Саусақ жаттығуы.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
болып шықты оң саусақ.
3. Үлгі көрсету
1. Балаларға мақта мен қара құмық ұсынылады.
2. Тақтаға ілінген екі бөлікті ағашты құрастыру
3. 1-ші бөлігі ағаштың діңі қара құмықтан құрастыру
4. 2-ші бөлігі ағаш бұталары немесе басы мақтадан жасалады
4. Жұмыс барысы.
Тапсырма қиын тиген балаларға көмектесу.
ІІІ. Қорытынды.
Балалар жұмыстарын қолдарына алып, бірбірінің жұмыстарына баға береді.
ІІ кіші «Көгершін» топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Білім саласы: Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: Ғажайыптар әлемі
Тақырыбы: Ағаш суретін саламыз
Мақсаты:
Тәрбиелік:Табиғатты сүйе білуге, оны аялап, қорғай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Балаларға саусақ ұшымен, бастырмамен, қылқаламмен, бүктеу тәсілімен, сурет салу іскерлік дағдыларын дамыту.
Оқыту:Бояумен жұмыс істеуге,ағаштың бейнесін қағаз бетіне дұрыс бейнелеуге үйрету.
Педагогикалық технология: ойын технологиясы.
Блингвалдық компонент:
Ресустармен қамту:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Аяз
қысып, өрнек сызып,
Терезені
торлайды.
Кейде, ұлып, кейде
ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы
балалар,
Бұл қай кезде болады?
-
Балалар, бұл қай кезде болады?
ІІ Негізгі кезеңі
1.Әңгімелесу.
-
Қыс айларын атап айтайық
- Желтоқсан,
қаңтар, ақпан.
- Қыста табиғатта қандай
өзгерістер болады?
- Күн суытып, аяз
қысып, боран соғып, қар жауады. Жердің
бетін, айналаның бәрі аппақ қар басады
екен. Ағаштар да аппақ қар жамылады.
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Құстар
неге жылы жаққа ұшады?
- Қорегі жоқ,
азық тауып жей алмай қалатын болады.
Қыстап қалатын құстарға қамқор болуымыз
керек.
Балалар,
біз бүгін сурет сабағынан қысқы ағаш
түрлерін саламыз. Олардың суреттерін
салуды үйренеміз.
- Қандай ағаш
түрлерін білесіңдер?
- Шырша, аққайың,
тал, терек және жеміс ағаштары.
Мына
терезенің алдындағы ағаштарға қараңдаршы.
Бұл қандай ағаш?
- Аққайың
Дұрыс
айтасыңдар балалар ағаштың діңі, бұтағы
болады.
Ағаштың бұтақтары әртүрлі
орналасады екен. Мына шыршаның бұтағы
діңіне көлбеу орналасқан. Ал тал
теректердің бұтағы жоғары қарай
орналасады екен. Ағаш діңі төменгі жағы
жуан, жоғарғы жағы жіңішкеріп кетеді
екен. Түсі қоңыр болады.
Шырша қыста
да, жазда да жасыл түсті, қылқан жапырақты
болады.
2.Жұмыс
барысы
Балалар,
3 топқа бөлініп отырамыз.
І топ –
саусақ ұшымен салады. ( қарағаш) ағаш
ІІ
топ – бастырмамен суретті салады. (
шырша)
ІІІ топ – қылқаламмен бүктеу
тәсілі арқылы суретті салғызу. Балаларға
көмектесу.
Ақ қағаздың дәл ортасына
сала білулерін қадағалау, көмектесу.
3.Сергіту
сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп кішкентай ағаштар,
Үп үлкен болып өседі.
ІІІ. Қорытынды.
Ал,
балалар дайын болған суреттерден іліп
көрме ұйымдастырайық қысқы орман
көрінісін тамашалайық.Қане, ормандағы
ең әдемі ағаш кімдікі екен, қайсысы
екен, таңдап көрейік – деп еңбек
нәтижесіне талдау жасап, мадақтау.
ІІ кіші «Көгершін»тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: Ғажайып әлем
Тақырыбы: Алтын балық
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: мүсіндеуде саусақ қимыл-қозғалыстарын ептілке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балаларға балық туралы жан-жақты түсініктерін дамыту.
3.Оқыту: Тіршілік ортасымен таныстыру, ермексазды алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау,есу тәсілдерін жалғастыру,
Педагогикалық технологиялар:
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Ғажайып сәт:
Есік қағылады. Алтын балық кіріп келеді.
-Сәлеметсіңдерме балалар! Мен ертегідегі алтын балықпын. Мен су патшалығынан сендеге арнайы ұсыныспен келдім. Маған шәкірт керек. Маған алтын балық мүсінін жасап бересіңдерма?
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу.
-Алтын балық "Сендердің тілектеріңді орындау үшін, мені әдемілеп мүсіндеп, үйлеріңе алып барып, бір жақсы жерге қойып қойыңдар" дейді. Келіңдер, оны ермексаздан әдемілеп жасайық.
2. Сергіту сәті
Бір, екі - еңкей
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай,
Иілмесің тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты соз, жасқанба.
3.Түсіндіру
Балаларды үш топқа бөліп, 1 топқа
Алтын балықты мүсіндеу жолдарын көрсетіп, бірге жасатады:
сары түсті ермексаздан сопақша пішін жасату;
сопақша пішінді жалпақтату арқылы балық денесіне ұқсату;
кішкентай қызыл түсті ермексаздың бөлігінен аузын, қоңырқай түсті сәл кішірек бөлігінен құйрығы мен қанатын жасату;
жасалған балық денесіне аузы мен құйрығын, қанатын жапсырту.
2 топқа қағаздағы балық суретіне ермексаздан жабыстырып, үстіне жылтыр моншақтарды жабыстырады.
3 топқа мүсіндеу тақтасына құм ермексазын пайдалана отырып балықты мүсіндейді.
3 топтағы балалар жұмыстарын ауыстырады.
Тәрбиешіні тыңдап, алтын балықты мүсіндеуге қызыға келіседі.
Сары түсті ермексаз бөлшектрін алады.
4. Жұмыс барысы.
Ермексазды жібітіп, алақан арасында домалатып, жалпақтату әдісі арқылы сопақша пішінді мүсіндейді.
Айналдырып жібітіп, шымшу, созу әдістері арқылы құйрығы мен қанатын, аузын мүсіндейді.Құйрығы мен қанатын, аузын жасап, балықтың денесіне бекітеді.
Сары түсті құм ермексазын мүсіндеу тақтасына себу арқылы балық бейнесін жасайды.
Өлеңді айтып, мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмыстарын мақтайды.
Алтын балық балаларға естелікке сыйлығын ұсынады. Жасаған жұмыстарын көрмеге қойып, тамашалайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген