"Ертегілер әлеміне саяхат"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ертегілер әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем әдебиет сабағына географиялық тәжірибелерді кірістіру арқылы өткен ашық ойын көрсетілімі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ертегілер әлеміне саяхат»


Мақсаты: балалардың көркем әдебиет арқылы ертегілер туралы түсініктерін пысықтау, түрлі тәжірибелер жасау арқылы баланың ертегіні табуға, тапсырмалар орындай отырып олардың қызығушылықтарын ояту.


Барлығы ортада шеңберде тұрады.

Салеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!


Балалар бүгін біздер көркем әдебиет сабағының ертегілеріне саяхат жасаймыз.

Балалар бір дыбыс шығатын сияқты тыңдап көрейікші. (біреу есікті қағады). Почтамызға бір зат келіпті, қане ашып көрейік.

Балалар мынау ертегі кітабығой, жақсы болды. Өзімізде сол ертегілерді оқиын деп жатыр едік, бізге ертегі кітап келді, қане ашып оқиық. Балалар мына ертегі кітаптың ертегілері қайда кетіп қалған? Ішінде ештеңе жоқ екен. Бірақ бір қағаз бар екен. Қане қағазды оқып көрейік.

Хат: Сәлем достар! Мен мына ертегі кітаптың ішіндегі ертегілерді жоғалтып алдым. Мында ойын тәжірибелер бар, мен қалай орындайтынын білмедім. Сол тәжірибелер дұрыс орындасаңдар, ертегі беттерін таба аласыздар. Сендер сол ертегіні тауып маған қайтадан кітапты құрап почтаға салып жібересіздер ме? Сәлеммен, ертегіші әже.

Балалар, ертегіні құраймыз ба? Оны құрау үшін тәжірибе ойындар бар екен. Сол ойындарды дұрыс ойнасақ, дұрыс тәжірибе жүргізсек ертегі беттерін таба алады екенбіз. Орындаймыз ба балалар? Тәжірибелерді орындау үшін балалар, топқа бөлініп алайық. Балаларға үш түсті шарлар салынған ыдыс беріледі. Балалар бір шарды алып түс бойынша 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ: қызыл шарлар

2-топ: көк шарлар

3-топ: сары шарлар


1-топ: қызыл шарлар

Тәжірибелік ойын: «Ненің суреті шықты»

Ойын шарты: балаларға түрлі түсті бояу жағылған ақ қағаз беріледі. Фломастермен суреті салынған майлықты қағаздың үстіне қойып, оған қылқаламмен су құямыз. Су сіңіп сурет пайда болады. Ертегі кейіпкерлерінің суреті шығып, қай ертегі екенін тауып айтады.

Жарайсыңдар балалар! Бұл кейіпкерлер «Шалқан» ертегісі, «Үйшік» ертегісі. Ертегі туралы қысқаша әңгімелеп, ертегі беттерін кітапқа салып қояды.


2-топ: көк шарлар.

Тәжірибелік ойын: «Күлкілі кейіпкерлер»

Ойын шарты: балаларға ішінде көпіршігі бар қоспа кейіпкерлердің ыдысы беріледі.

Балалар қоспаға сода салып түрлі кейіпкерлердің күлкісін көреді. (ыдыс, су, ыдыс жуғыш фейри, түс, лимон қышқылы, сода 1 қасық)

Қандай ертегі кейіпкерлері екенін табу керек. «Бай мен Алдар Көсе», «Түлкі мен қоян» ертегісі. Ертегіні әңгімелеп, сол ертегіні кітапқа салып қояды.


3-топ: сары шарлар.

Тәжірибелік ойын: «Қандай түс шықты?»

Ойын шарты: балаларға су құйылған ыдыс беріледі. Ыдысқа судың үстіне май құйылады. Оның үстіне май құйылады. Оның үстіне түс кұйылады. Судың түсі өзгерді ме? Қандай түс шыққанын айтады.

Жарайсыңдар балалар! Балалар шыққан түсті айтады. Әрі қарай тапсырма бойынша қандай түстер шықса сондай түсті қорапты ашып ішінен ертегіні алады. Ертегі туралы «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Қажымұқан», «Жеті лақ» ертегілерін әңгімелеп кітап бетін құрастырады.


Бәріміз енді бір топ болып тағы тәжірибе жасап көрейік.

Тәжірибелік ойын: «Неге ұқсайды?»

Ойын шарты: екі бос ыдыс беріледі. Ыдысқа уксус құйылады. Екі шар беріледі. Шарға содай құйылады. Уксус кұйылған ыдысқа шарды кигіземіз. Шар сонда үріледі.

Балалар, шар неге ұқсайды?

Дұрыс айтасыңдар жұмыртқаға ұқсайды. Бізде жұмыртқа салынған қорап бар екен. Қане көрейік. Міне балалар ішінде тағы бір ертегі кітаптың беті жатыр екен. Бұл «Шұбар тауық» ертегіні әңгімелеп кітап бетін құрастырады.

Жарайсыңдар балалар. Ертегі кітаптың беттерін тауып құрастырдық. Енді бұл кітапты әжемізге беріп жіберейік.

Қорытынды:

  • Біз не құрастырдық?

  • Қандай тәжірибелер жасадық?

  • Қандай ертегілерді таптық?

  • Сендерге қай тәжірибе ұнады?

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Балалар сұрақтарға жауап беріп кері байланыс айтады. Қонақтармен қоштасып, сау болыңыз деді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2023
343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі