Ертегілер әлеміне саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топтарға арналған "Ертегілер әлеміне саяхат" атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлытау облысы білім басқармасының

Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК «Арман» бөбекжайы»

КГКП «Ясли-сад «Арман» отдела образования города Жезказгана

Управления образования области Ұлытау














Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті

«Қызыл телпек» ересек тобы

Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат»






Қазақ тілі мұғалімі: Елтайқызы Д


















2025 жыл




Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет: «Ертегі әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың ертегілер туралы түсінігін кеңейту.Рөлдерде ойнатуға үйрету, диалогты байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру: шаттық шеңбері:

Армысың көк аспан,

Армысың алтын күн,

Армысың алтын жер

Армысың жан досым.

Жылуыңа жылу қос,

Міне менің қолым! (Балалар алақан жылуымен бір-біріне тілек айтады).

Балалар, орындарына отырып жайғасындар.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? Бәрі бірге ( ҚЫС)

-Қыс мезгілінде неше ай бар? ( 3 ай)

-Қыста қандай мерекелер болады? (Тәуелсіздік күні, жаңа жыл мерекесі)

-Кім қыс туралы тақпақ айтады? (Қыс туралы тақпақ беру 1 балаға)

Далада қар жауады,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

Жұмбақ жасыру: -Балалар , мен сіздерге жұмбақ жасырамын.

Естігенде ғажайып әлеміне енесіңдер!

Барлық бала тыңдағанды ұнатады. Ол не? (ертегі)

- Балалар, дұрыс айтасыңдар! Балалар қараңдаршы сиқыршы әжей сиқырға толы киіз үй беріп жіберіпті. Ашып көреміз бе? Әжей бізге жұмбақ жасырыпты. Жұмбақтың шешуін бәріміз бірге тауып алайық.

Конверттің сыртында жазылып тұрады..... Жұмбақ жасыру.

1 жұмбақ. Қыс бойында жатады

Тәтті ұйқыға батады (аю)

2 жұмбақ. Өзі ширақ,өзі қу

Жүрген жері айқай шу (түлкі)

3 жұмбақ. Жол үстінде қу қазық

Мергеншіге жол азық (қоян)

4 жұмбақ. Аузы бейне шалғы орады

Шөп емес мал орады (қасқыр)

5 жұмбақ. Ерте тұрады

Жар шақырады (әтеш)

Тәрбиеші: аю, түлкі, қасқыр, қоян - қандай жануарлар? (Жабайы жануарлар )

Әтеш ше?

Мұғалім: Тышқан, бақа, қоян, қасқыр, түлкі, аю жайлы «Үйшік» ертегісіне саяхаттап барайықшы. Дайынсындар ма балалар? Олай болса , ертегіні тамашалайық.

Ертегіні сахналау.

Мұғалім: ерте, ерте, ертеде бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оның қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:

-Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды.

Мүғалім: Ешкім жауап қайтармайды. Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.

Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

-Сүп-сүйкімді , кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?

-Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?

-Мен бақылдауық бақамын.

-Кел бірге тұрайық.

Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді.

Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.

Мұғалім: Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.

-Сүп-сүйкімді , кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? - деп сұрайды.

-Мен тықырлауық тышқанмын.

-Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

Мен қорқақ қоянмын!

-Кел бірге тұрайық.

Мұғалім: Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүреді.

Алыстан бұл үйшікті түлкі да көреді. Ақырын басып жақын келіп қағады.

-Сүп-сүйкімді үйде кім тұрады?-деп сұрайды.

-Мен тықырлауық тышқанмын!

-Мен бақылдауық бақамын.

-Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?

-Мен қу түлкімін!

-Кел бірге тұрайық.

Мұғалім: Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болды.

Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:

-Бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды.

-Мен тықырлауық тышқанмын!

-Мен бақылдауық бақамын.

-Мен қорқақ қоянмын!

-Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?

-Мен сұр қасқырмын.

-Кел бірге тұрайық.

Мұғалім: Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де, кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді.

Мұғалім: Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшікке келеді. Ол бар дауысымен :

-Сүп-сүйкімді кіп-кішкентай үйшікте кім бар? - деп ақырады.

-Мен тықырлауық тышқанмын!

-Мен бақылдауық бақамын.

-Мен қорқақ қоянмын!

-Мен қу түлкімін!

-Мен сұр қасқырмын. Ал сен кімсің?

-Мен қорбаңбай аюмын.

-Кел бірге тұрайық.


Мұғалім: Аю арі-бері тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенмен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:

-Ендеше, мен үйшіктің шатырына тұрайын, - дейді.

Тышқан: Жоқ, сен дәусің үйді қиратасың. Кел ондаша бәріміз далаға шығып билейік. Музыка әуеніне билейді.

Балалар ертегіні сахналап болдық. Олай болса «Қай ертегі екенін тап» ойынын ойнайық.

Мақсаты: Ертегіні танып білуге үйрету.

Шарты: Қиылған ертегілерді құрастырып, қай ертегі екенін айту.

3 ертегі , 3 топ балаларға бөлінеді.

«Бауырсақ» ертегісі

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

«Үйшік» ертегісі

Сабақты қорытындылау: Ертегі кейіпкерлері бойынша сұрақтар қою:

- Олар қалай тұрады?

- Біз қандай ертегі тыңдадық?

- Қандай кейіпкерлер бар?

Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Олар қалай тұрды.?

Тышқан қайтеді? - Тықырлайды.

Бақа қайтеді? -Бақылдайды, секіреді.

Қоян қайтеді?-Қорқады

Түлкі қандай?-Қу

Қасқыр қайтеді?-Ырылдайды.

Аю қандай?- Қорбаңдайды.

Осы аңдар барлығы бірге өмір сүріпті.

Осымен ертегілер әлеміне саяхатымыз аяқталды. Сабаққа барлық бала ат салысып, жақсы қатысты. Назарларыңызға рақмет!












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2025
56
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі