жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
1 маусым - Балаларды қорғау
күніне арналған ертеңгілік
Тақырыбы: «Ертегілер
әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балаларға шын көңілден шаттық
көңіл - күй сыйлап, мереке атауларымен таныстыру. Балаларды қорғау
күні қалай аталып өтілетінін өз көздерімен таныстыру. Мерекеге
жақсы көңіл - күй керек екенін балаларға
ұғындыру.
1-жүргізуші
Шаттан
Алақай!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн де бүгін.
2- жүргізуші
Шуақ шаша,
Алтын таңда.
Мөлдір таза ауада.
Табиғатта бәрі оянды
Оян сен де, бар бала.
Екеуі:
Мерекелерің құтты болсын, достар!
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті
қонақтар, ата - аналар, сүйкімді балақайлар! 1 - маусым балаларды
қорғау күні құтты болсын. Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір,
сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз.
«Шаттық» балабақшасының өнерлі ұжымы
мен талантты балаларының мерекеге орай дайындаған «Ертегілер еліне
саяхат» атты мерекелік концерттік бағдарламасына қош
келдіңіздер!
2 -
жүргізуші:
Жаңажол ауылында дүбірлі
той,
Балаларды қорғау күні, біліп қой.
Алақай - ау, алақай!
Той тойлайық балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақай.
Мерекені бастамас бұрын « Шаттық» балабақшасының меңгерушісі
Алдабергенова Балия Темірханқызына сөз кезегін берейік.
1 -
жүргізуші:
Ендеше әдептен аспайық,
әдепсіз болмайық, ертегілер әлеміне саяхатқа барайық. Балалардың
сүйікті ертегілерінің бірі - « Қызыл телпек» ертегісін
тамашалаңыздар!
Автор:
- Ерте, ерте, ертеде орман
патшалығында Қызыл телпек өмір сүріпті. Ол анасымен бірге тұрыпты.
Бір күні анасы:
Анасы:
- Қызым, мен әжеңе арнап тоқаш пісірдім, сол тоқашты апарып бер. Жолда жүргенде сақ бол.
- Қызыл телпек:
- Жарайды апа, уайымдама , жолда абай боламын
(Қызыл телпек тоқашты алып кетеді.) Осылайша Қызыл телпек әжесіне асығып жолға шықты. Алдымен екі жол шықты бірі ну орман және екінші жол ұзақ жол.
/Алдынан желмен теңіз бетіне
шығып қалған алтын балық кездеседі/
Алтын
балық:
- Көмектесіңдер, көмектесіңдер!
Қызыл телпек:
-Ой алтын балық сен қалай бұл жерге тап болдың? Келе ғой мен сені көк теңізіңе жібере салайын
(Қызыл телпек құтқарады) –
Алтын балық:
-Рахмет. Егерде сен қиын
жағдайға тап болсаң, мына сиқырлы сөздерді айтсаң мен көмекке
келемін. (Абрака, дабрака) Осылайша Қызыл телпек алтын балықты
құтқарып жіберіп, сиқырлы таяқшаны алады./ Қызыл телпек әрі қарай
жолға шығады/
Қарақшылар:
- Қызыл телпек қайда бара жатырсың? Біз сені жібермейміз.
/Қызыл телпек шошып кетеді,
алтын балықтың сөздері есіне түседі/
Қызыл телпек сиқырлы сөздерді айтады. . (Абрака, дабрака) Сиқырлы
сөздерді айтып қарақшылардан құтылады.
Автор:-Балалар қызыл телпек
қарақшылардан қорқып кетіп көңіл күйі түсіп кетті.Қызыл телпектің
көңілін көтеру би билеп бересіңдер ме?
Би:
«Сайқымазақ» Орындайтын: ІІ кіші
топ
Автор:
-Қызыл телпектің көңілі
көтеріліп әрі қарай жолға шығады?
Қызыл телпек пен бауырсақ байқаусызда түйісіп
қалады.
Қызыл
телпек:
- Бауырсақ қайдан
келесің?
Бауырсақ:
- Атам мен әжемнен қашып келемін. Мен саған балалармен қосылып ән айтып берейінші. Жарай ма.Келіңдер балалар меркелерің құтты болсын, сендер мына өмірдің гүлісіңдер келіңдер ән шырқайық
(Бауырсақ балалармен ән
айтады)
Ән: «Біз өмірдің
гүліміз» І кіші
топ
Автор:/Қызыл телпек әрі қарай жол жүреді, оның алдынан неше түрлі алуан гүлдер шығады. Қызыл телпек қуанып кетіп, әжесіне апармақшы болып тере бастайды, бірақ гүлдер көп екен, ал қызыл телпек гүлдердің бәрін тергісі келеді, балалар сендер қызыл телпекке көмектесесіңдерме, олай болса келіңдер гүл теріп қызыл телпекті қызға көмектесейік
Ойын : Музыка әуенімен «Гүл теру» ойыны ойналады.
Қызыл телпек:
-Рахмет балалар бұл гүлдерді
мен әжеме сыйлаймын!
-Автор
-Қызыл телпек әрі қарай жүріп кетеді ұзақ жол жүрген Қызыл телпек адасып қалады. Не істерін білмей жылай бастайды. Осы кезде музыканың дыбысын естиді. Әнші балалар келіп қызыл телпекті қызды ортаға алып ән салып береді:
Ән: «Дружба» Орындайтын : «Ақбота» ересектер тобы
Автор:
-Қызыл телпек әрі қарай тағы жол жүреді, ол әбден шарашайды, өйткені ол бағаны ұзын жолға түсіп кетті, дем алмақша болып отыра кетеді, отырған жерінде ұйықтап кетіп бір әдемі түс көреді, түсінде кішкентай балалар ойыншықтармен ойнап, билеп жүр екен.
Би:
«Ойыншықтар»
Автор:
- Қызыл телпек керемет түс
көргеніне қуанып , шаттанып келе жатса алдынан кішкене көлшіктер
шығады, атап өтейін десе өте алмайды, көңілі тағы да түсіп
кетеді,балалар Қызыл телпекке көлшіктерден өтуге
көмектесесіңдерме?
Ойын :Музыка әуенімен
«көлшіктерден өту» ойыны ойналады
«Ғарыш»ІІ кіші топ
Қызыл телпек:
-Рахмет балалар ,көмектескендеріңе мен әрі қарай жол жүрейін
Балалар:
-Қызыл телпек біз сені ән салып шығарып салайық, бәлкім тезірек жетерсің
Қызыл телпек:
-Жарайды балалар, әндеріңді шырқай қойыңдар
Ән: « » Орындайтын ІІ кіші топ
Автор:
-Қызыл телпек балалардың
өнеріне тәнті болып, қайта жолға шығады.
Жолда қоян кездесіп Қызыл телпектің қасынан жүгіріп өтіп кетеді де
қайта келеді.
Қоян- /жылдам-жылдам/
-Қызыл телпек қайда бара жатырсың? Сен аласып кеттің бе?
Мен бармын,
Мен жол білемін.
Ертеңгілік жиында,
Білер қазақ баласы.
«Сәлем» сөздің анасы, Сәлем, достар! Мерекелеріңмен!
-Қызыл телпек сен мені жасыршы мені қасқыр қуып келе жатыр
Қызыл телпек:
-Ай қорқағым- ай келе ғой!/ деп жасырайын деп жатқанда қасқыр келіп қалады/.
Қасқыр:
-Әппақ қоян,
Сақ қоян.
Қорқақ қоян,
Ақ қоян.
Сен мында жүр екенсің ғой, мында кел мен сені бәрі бір жеймін
Қызыл телпек :
-Қасқыр қой қоянды жеме, біз сенің көңіліңді көтерейік, балалар маған көмектесіңдерші әйтпесе мына жауыз қасқыр қоянды жегелі тұр
Би: «Полька» орындайтын «Ақбота» ересектер тобы
Қасқыр:
- Ой көңілім бір көтеріліп қалды, балаларға рахмет , ал Қызыл телпек сен қайда асығып бара жатырсың?
Қызыл телпек:
- Мен әжеме тоқаш апара
жатырмын.
Қасқыр:- Әжең қай жақта
тұрады?
Қызыл
телпек:
-Орманның арғы жағында
тұрады.
Автор:
-Осылайша қасқыр айласын
асырмақшы болып, әжесінің үйіне бет алады. Қасқыр әжесінің есігін
қағады.
Әже: - Кім
бұл?
Қасқыр:
- Мен ғой әже Қызыл телпек
немерең. Мен сізге тоқаш алып келдім.
Әже: - Есіктегі жіпті өзіңе қарай
тартсаң есік ашылады
Автор: Есікті ашып әжені жұтып
қояды. Қасқыр әженің орнына жатып алады да, Қызыл телпекті
күтеді.
Қызыл телпек есікті қағады.
– Әже мен ғой Қызыл телпек
немерең, мен сізге тоқаш әкелдім.
Қасқыр: - Есіктегі жіпті өзіңе қарай
тартсаң, есік ашылады.
Қызыл телпек үйіне кіреді.
Әжесінің жанына барып,; - Әже көзің неге
үлкен?
Қасқыр: - Сені жақсылап көру
үшін
Қызыл
телпек: - Құлағың неге
үлкен?
Қасқыр: - Сенің сөздеріңді есту
үшін
Қызыл
телпек: - Тістерің неге
үлкен?
Қасқыр: - Сені жеу үшін
Қызыл телпекті қасқыр жұтып қояды.
Ормандағы аңшы қатты дауысты
естіп қалады да, әжейдің үйіне келіп, қасқырды көріп атып салады.
Қасқырдың іші жарылып, әжей мен Қызыл телпек шығады.
Қызыл телпек тоқашты әжесіне береді, әжесі қатты
қуанады.
-Ал бұл оқиға Жаңажол ауылындағы «Шаттық» балабақшасында болды
Бәрі ортаға
шығады «Бөбектер»
флешмоб
1-жүргізуші:
-Құрметті ата- аналар балалар бүгінгі 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «Ертегілер еліне саяхат» ертеңгілігіміз осымен аяқталды.Аспанымыз ашық, бөбектеріміз аман болсын!
«Балалық шақтың бал күні»
(1 – маусым балаларды қорғау күніне арналған мәдени шара)
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлай отырып, ойындар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Олардың бір - біріне деген достық қарым - қатынастарын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау.
Қатысушылар: 1 клоун, 2 клоун, қасқыр, қоян
1 клоун:
Шаттан
Алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн де бүгін.
2 клоун:
Шуақ шаша,
Алтын таңда.
Мөлдір таза ауада.
Табиғатта бәрі оянды
Оян сен де, бар бала.
Екеуі:
Мерекелерің құтты болсын, достар!
1 клоун:
- Балалар, менің қолымдағы не қандай зат?
- Хат.
- Иә, бұл хат.
- Қане осыны алып оқиық.
(Екі клоун бір - бірімен хатты оқуға таласады)
Сәлеметсіңдер ме, жас достар! Мен сендердің достарың орманшымын. Сендерді орманға туған жердің табиғатын тамашалауға шақырамын. Мұнда сендер орман туралы жақынырақ білетін боласыңдар. Мен сендерді күтемін. Сәлеммен: Орманшы.
1 клоун: Балалар, орманшыға қонаққа барамыз ба? Қалай барамыз жолды білмейміз ғой.
2 клоун: Иә, барайық. Бірақ біз орманға бару үшін араларыңнан орманға бару жолды білетін достар тауып алайық. Достан бұрын бізге жол картасы керек қой. 1 клоун: О, міне таптым. Мынау не екен көрші қане.
2 клоун: Ой мынау жол картасы ғой.
1 клоун: Жол картасын таптық. Енді жол сілтеуші керек. Жол сілтеуші араларыңда бар ма?
(Музыка ойналып, ортаға қоян шығады)
Қоян: Мен бармын,
Мен жол білемін.
Ертеңгілік жиында,
Білер қазақ баласы.
«Сәлем» сөздің анасы,
Сәлем, достар! Мерекелеріңмен!
Балалар орманға қонақа барамыз ба? Орманға бару үшін жолда біз көптеген кедергілерден өтеміз. Сонда сендер шыдамды, епті, төзімді болуларың керек. Соған дайынсыңдар ма?
(Музыка әуенімен «Жол көпірден өту» ойыны ойналады. Ойын аяқтала бре ортаға Қасқыр шығады)
Қасқыр:
Әппақ қоян,
Сақ қоян.
Қорқақ қоян,
Ақ қоян.
Сен мында жүр екенсің ғой. Батырсынып балаларды орманға апармақшысың ба? Ха – ха. Мынамен сендер орманға бармақшысыңдар ма? Бұл су жүрек қоян емес пе? Бұл тышқаннан да қорқады. Сендерді қайтып орманға апармақшы. Қоян (әндете жөнеледі)
Қасеке, басеке,
Сенсіз өмір жоқ бізге,
Жоқ басеке, сенімен барамыз, сен батырсың ғой, ешкімнен қорықпайсың. Бізге жол сілтеп, ортамызда жүрсең қайтеді?
Қасқыр: (мақтана)
Енді жол сілтеуші мен боламын. Ол үшін тар жолдан өтуіміз керек. Дайынсыңдар ма балалар? Ал кеттік.
(Музыка әуенімен «Тар жол» ойыны ойналады)
1 клоун: Ақ қоян, әлі талай жүреміз бе?
Қоян: Иә, жолымыз алыс. Талай өткелдерден өтеміз. Жаңа көпірден өттік, тар жолдан өттік. Енді тастардан секіріп өтеміз.
(Музыка әуенімен «Тастар» ойыны ойналады)
Қасқыр: Мына қоян қалай - қалай секіреді. Көрдіңдер ме балалар байекеңе де жан керек екен. Ал қоян, көлшік судан қалай секіреді екенсің?
(Музыка әуенімен «Көлшік жер» ойыны ойналады)
Қасқыр: Әй бала, сен дұрыс секірген жоқсың. Сен орманға бармайсың. Орманға барғың келе ме? Онда менің шартымды орында.
(Қасқыр шарт қояды. Бала соның шартын орындайды)
1, 2 клоундар: Алақай, алақай орманға да жетіп қалыппыз ғой!
Қасқыр: Талдағы дәндерді, саңырауқұлақты, тышқанды. қоянды жеп қарнымыз тоятын болды ғой.
(Талдан жапырқаты жұла бергенде салдырлаған дауыстар естіледі)
Қасқыр сасқанынан қорқып қаша жөнеледі. Сол қашқаннан мол кетеді.
1 клоун: Балалар мына жерде гүлдер де, саңырауқұлақтар да көп екен. Соларды теріп, ойын ойнасақ қайтеді.
(Музыка әуенімен «Гүл теру» ойыны ойналады)
Ойын шарты: музыка ойналып тұрғанда балалардың бәрі билейді. Музыка тоқталғанда жердегі гүлдерді жинайды. 2-3 рет қайталанады)
2 клоун: Біраз көгалға отырып демалайық. Қане көздеріңді жұмып, тыңдаңдаршы құлақтарыңа әдемі дауыстар естіледі. Ойланып, көз алдарыңа ормандағы әрекеттерді елестетіп көріңдер.
Қане, балалар кім не ойлады?
(Балалармен сұхбат жүргізіледі. Осы кезде музыка ойналып ортаға орманшы шығады)
Орманшы: Сәлеметсіңдер ме балалар? Қош келдіңдер. Менің хатымды алғансыңдар ау, шамасы.
Қоян: Иә хатыңызды алдық.
Орманшы: Келгендеріңе қуаныштымын. Орман біздің байлығымыз. Біз өмірімізге, тұрмысқа қажетті заттардың барлығын табиғат анадан аламыз. Мұны бәрің де жақсы білетін шығарсыңдар?
1 клоун: Әрине білеміз.
Орманшы: Олай болса, мен сендермен «Тізбек сөз» ойынын ойнайын. Осы ойын арқылы табиғатты қаншалықты сүйетіндіктеріңді білейін. Алдымен бәріміз шеңбер жасап алайық. Мұқият болыңдар ойын шарты мынандай: Қазір мен аң, құс, өсімдік, жануар, т. с. с. кез келген табиғаттың бір перзенті немесе бөлшегінің атын атаймын, менен кейінгі тұрған бала мен айтқан сөздің соңғы әрібінен басталатын келесі сөзді атауы керек. Мысалы: Тиін – нар – роза – аю... осылайша жалғасуы керек.
(Бәрі шеңбер жасап «Тізбек сөз» ойынын ойнайды)
Орманшы: Бәрекелді балалар! Табиғат туралы білімдерің мол екендігіне көзім жетті. Дегенмен, табиғатты мәңгілік аялаңдар!
2 клоун: Орманшы, біздің балалар әдепті, ақылды балалар. Олар өздері өскен ортасын көздерінің қарашығындай сақтайды. Солай емес пе?
- Иә.
Ал біз сенің құрметіңе деп тамаша биімізді билеп берейік.
(Бәрі «Балапандар» биін билейді. Мереке соңы көңілді биге ұласады)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген