Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегілер әлемінен.Құмырсқа мен бидай

Материал туралы қысқаша түсінік
Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп:

181 жалпы білім беретін мектеп

Мұғалім:

Жумадилова Шолпан Серикбаевна

Күні:

2021 жыл

Сынып:

2


Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

66-сабақ. Құмырсқа және бидай дәні

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;

2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

2.3.1.1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру;

Бағалау критерийлері

Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалайды.

Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқиды, рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды

Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрады.

Ойлау деңгейі

Білу; Түсіну; Қолдану;

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Ертегі халық шығармасы, халық мұрасы. Ертегі арқылы біз жақсы мен жаманды, ақымақ пен дананы айырып, армандауға, қиялдауға үйренсек, ой-өрісіміз де кеңеймек. Бүгін біздер халықтың асыл қазынасы ертегілер еліне саяхат жасамақпыз.

- Ал, сіздер ертегілер еліне саяхатқа шығуға дайынсыздар ма? Олай болса алдымен ертегі түрлерін есімізге түсірейік.


Сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін нәтижені оқушылармен бірлесе анықтау.

Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттығуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.



ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

Психологиялық ахуал.

Білім деген – мен,

Күш деген – мен,

Жақсылық деген – мен,

Мақсат деген – мен,

Жетістік деген – мен.

Бүгінгі сабақта білім жетістігіне бірге жетейік!

Ортасы

Тыңдалым.


Жұмбақ шешу.Шешуін үш тілде айту

Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі.

/құмырсқа,муравей, ant /


Ұзын  мұртты  сарылыр
Қойынында  дәні  бар.

/бидай, пшеница,wheat /


Құмырсқалар суреті. Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез- құлқы мен іс-әрекетін бағалау.

Сұрақ - жауап:

1. Балалар, құмырсқаны көргендерің бар ма?

2. Ол қандай жәндік?

3. Құмырсқадан нені үйренуге болады?

Дескриптор:

1. Жұмбақты шешеді

2. Құмырсқаны сипаттайды

3. Сұрақтарға жауап береді

ҚБ: мұғалім мадақтауы


Оқылым.

"Құмырсқа мен бидай дәні" ертегісі

Олай болса, бүгін біз Леонардо да Винчи итальян жазушысының ертегісімен танысамыз.


Леонардо да Винчи  (1452 ж. 15 ақпан -1519ж. 2 мамыр ) – қайта өрлеу дәуіріндегі Италияның аса ірі қайраткері және сол кезеңнің негізін қалаушылардың бірі. Леонардо да Винчи тек ұлы суретші ғана емес, ұлы математик, физик, астроном, архитектор және инженер болған. Леонардо да Винчи Анкиано елді мекенінде дүниеге келген. Леонардо жастайынан еңбексүйгіш болып өседі. Жас кезінде сурет пен мүсін өнерін жақсы көрген. Ол өзінің оңаша бөлмесіне шегірткелер мен кесірткелердің алуан түрін, жыландарды, көбелектерді, ірі теңіз шаяндарын, жарқанаттар мен басқа да жәндіктерді әкеліп толтырады. Осы мақұлықтарға қарап отырып шабыттанған ол әрқайсысының бейнесін ең бір фантастикалық үйлесімде пайдаланып, құз жартастардың арасынан өрмелеп шығып келе жатқан әлдебір құбыжықтардың бейнесін жасайды. Леонардо До Винчи «Мона Лиза» суретін салған. Бұл оның ең әйгілі шығармасы.


"Құмырсқа мен бидай дәні" ертегісін оқу. Негізгі ойды табу.

Дескриптор:

1. Автормен танысады

2. Мәтінді тізбектей оқиды.

3. Негізгі ойды табады.


Айтылым.

Ой қозғау

- Балалар құмырсқаларды қай кезде кездестіреміз?

- Бидай қандай дақыл?

- Ол туралы не айта аласыңдар?

- Бұл ертегінің қай түріне жатады?

- Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

- Бидай уәдесінде қалай тұрды?

Сұрақтарға жауап беру. Талқылау.

Дескриптор:

1. Тақырыпты анықтай алады, негізгі ойды табады.

2. Сұрақтарға жауап береді

3. Бидай пікірінің дұрыстығын дәлелдейді

4. Сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолданады.

ҚБ: Басбармақ


Дәптермен жұмыс. Жазылым.

1. Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру.

2. Кейіпкерлердің басты сипатын жазу.


Кейіпкерлер

Басты сипаты

Құмырсқа



Бидай дәні




Дескриптор:

1. Құмырсқаның басты сипатын табады.

2. Бидайдың басты сипатын табады.

3. Бөліктерге бөліп.

4.Жоспар құрады.



Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.


Белсенді оқу тапсырмалары

және мәтінмен жұмыс жасайды.




Сөзді буындап оқиды










Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау



ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.














Оқылым, жазылым тапсырмалары.






Соңы

-Ертегі ұнады ма?

-Ертегіден көңіліңе не түйдің?

-Еңбектің арқасында қандай жетістіктерге жетуге болады деп ойлайсың?

-Құмырсқа мен дәнге баға берейік.

-Құмырсқа қандай?

-Дән қандай?

Бәріңді құмырсқадай еңбекқор болуға шақырамын.



Сұрақтарға жауап береді


Бас бармақ



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12