Білім беру ұйымы: №-13 «Шұғыла» бала бақшасы.
Топ атауы : «Шаңырақ» орта топ .
Тақырыбы : « Ертегі әлемі »
Білім беру ұйымының ұйымдастырылған іс-әрекетті.
Балалар ,қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр,бізге шуағын шашып тұр.Қандай шуақты ерекше күн! Бізге көптеген апайлар келіп отыр.
Қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері :
Арайлап таң атты,
Алтын сәулесін таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң ,қонақтар.
Қайырлы таң ,достарым!!!
Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.Мұқият тыңдап қазір жылдың қай мезгілі екенін білесіңдер.
Қар еріп,су көбейіп
Сай салаға ағады.
Ағаш басы бүршік атып,
Жапырақ ашып,гүл бәйшешек толады.
Балалар айтыңдаршы ,
Бұл қай мезгілде болады?
Көктем мезгілінде болады.
Ой қозғау.
Б.Серікбаев «Көктем келді
-Күн , неге күркірейді?
-Көктем келді,көктем келді!
-Жаңбыр, неге сірікірейді?
-Көктем келді,көктем келді!
-Бұлақ, неге сылдырлайды?
-Көктем келді,көктем келді!
-Құлын, неге құлдырайды?
-Көктем келді,көктем келді!
-Гүлдер, неге жайнайды?
-Көктем келді,көктем келді!-
Құстар, неге сайрайды?
-Көктем келді,көктем келді!
Суретпен жұмыс.
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктемде күн жылынады.Қар еріп сулар көбйеді.Құстар ұшып келеді.Ағаш көшетерін отырғызамыз.Ағаштар бүршік жарып,жапырақ жаяды.Жеміс ағаштары гүлдейді.Көктем мезгілінде қандай гүлдер шығады?
Байшешек,қызғалдақ гүлдері өсіп шығады.
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Үш ай: Наурыз,Сәуір,Мамыр.
АҚТ технологиясымен жұмыс.
Балалар көктем мезгілінің алғашқы күндерінде қандай мерекені тойладық?
8-Наурыз аналар мерекесі.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі жаңа жылымыз бар.
Көктемнің алғашқы айы — Наурыз. Бұл айда күн жылынып, қар еріп, жылғалардан су ағады. Бұтақтар бүршік жарып, жер көктейді. Жаңбыр жауып, күн күркірейді. Малдар төлдейді. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Күн ұзарып, түн қысқарады.
Көктем мезгілі туралы тақпақ кім айтады.
Ә.Каусар. Көктем,көктем,көктемде,
Құстар келім жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнменен қарсы аламыз.
Айкөркем: Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.
Рабия: Көктем болды алақай
Қуанды барлық балақай,
Көктемде жаңбыр болады.
Бақшаға гүлдер толады.
Мейрім: Бақшаларда гүл егіп
Жемістерді тереміз,
Дала жасыл түске еніп.
Көктем мезгілі келіпті.
Раяна: Көктем келді,көктем келді
Жадыраған жайнаған
Шашыраған сәулесімен
Жасыл көктем сайраған
Жарайсыңдар балалар.
Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар екен.
Бұл ертегілер сандығы.Кәне ашып көрейікші ішінде не бар екен.Сандық ішінде кітап пен ертегі кейіпкерлері бар екен.Бұл ертектер қалай аталады екен.Шалқан ертегісі,Үш аю ертегісі,Мақтақыз бен мысық ертегісі,Бауырсақ ертегісі,Үйшік ертегісі.
Балалар сендерге ертегі ұнайды ма?Ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме.
Ертегінің көптеген түрі бар екен:
1.Қиял ғажайып ертегілер.
2.Шыншыл ертегілері.
3.Жан-жануарлар ертегілері.
4.Тұрмыс салт ертегілері.
Шалқан ертегісі тұрмыс салт ертегісіне жатады.
Жеті лақ ертегісі,үш торай ертегісі жан жануарлар ертегі түріне жатады.
Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің тақырыбы «Ертегі әлемі» деп аталады.
Балалар бәріміз бірге «Ертегілер әлеміне» саяхтқа барамыз.Ал балалар ертегі еліне бару үшін ертегідегі бақыт құсына айналып,қанатымызды жайып ұшып көрейік.
Балалар міне ертегілер еліне ұшып келдік.Балалар қараңдаршы гүлдер бағына келдік.Гүлдер әдемі хош исті болады.Кәне ,гүлдерді искеп көрейікші.
Тамаша біз ертегі әлеміне келдік,кәне орнымызға отырамыз.
Бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарыңды білу үшін мен жұмбақ жасырамын.
-
Өзі қу жұрген жері айқай шу.(Түлкі)
-
Қалқиып ұзын құлағы,елеңдеп қорқып түрады.(Қоян)
-
Қыс бойына жатады ,тәтті ұйқыға батады.(Аю)
-
Ит сияқты пішіні,ұнатпайды ол кісіні.(Қасқыр)
-
Өзі қып-қызыл болып піседі,күнге ұқсас келеді.(Бауырсақ)
Балалар бұл қандай ертегі кейіпкерлері екен?
Бауырсақ ертегі кейіпкерлері .
Осы ертегі кейіпкерлері бізге қонаққа келді.
Кәне бәріміз бірге осы ертегі кейіпкерлерін атайықшы.
Балалар:Ата,Әже,Қоян,Қасқыр,Аю,Түлкі,Бауырсақ.
Жарайсыңдар балалар.
Құрметті қонақтар!
Ертегілер еліне қош келдіңіздер! «Шаңырақ» тобының тәрбиеленушілеріңің қиялынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші:Ерте,ерте,ертеде
Ешкі жүні бөртеде.
Сол бір ғажап өлкеде
Бір әже мен ата болыпты.Бірде ата әжеге.
Шал:Кемпірім-ау маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпірі: Неден пісірейін?Үйде ұн жоқ қой!
Шал:Әй кемпірім-ай! Қаптың түбін қырнап көресің ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Тәрбиеші:Кемпірі солай істейді.Қаптың түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да,қаймаққа шылап,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.Жата-жата жалықан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі,іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Даяна қоян: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! Егер сен менің тапсырмамды орындасаң жіберемін.
Тәрбиеші:Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?Ендеше қоянмен
Ойын: «Жақсы мен жаман» ойынын ойнаймыз.
Ойын шарты :Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтайды, жаман қасиет болса тыныш отыру.
1) Көшет отырғызу.
2) Ағаштарды сындыру.
3) Құстарға жем шашу.
4) Құстың ұясын бұзу.
5) Ағаштарға су құю.
6) Гүлдерді жұлу.
7) Құстарға ұя жасау.
Балалар қоянға біздің көктем мезгілі жайлы айтқан мәліметтеріміз ұнапты.Бауырсағымызды босатты.
Тәрбиеші: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіпті.
Ади қасқыр: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: Мені жемеші.
Қасқыр:Менің орманда ішім пысып тұр егер сен менімен ойын ойнасаң сені босатамын.
Бауырсақ: Балалар сендер маған жәрдем беріңдерші,қасқырмен бірге ойын ойнайықшы.
Тәрбиеші: Балалар қасқырмен ойын ойнаймыз ба.
Ойын: «Шалқан»ертегі кейіпкерлерін атап бер.
Ойын шарты: Люлия шеңбері арқылы ертегі кейіпкерін тауып атын атайды.
Тәрбиеші: Қасқырдың ашуы басылыпты балалар,қасқыр бауырсағымызды босатты.Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Алихан аю:Әй бауырсақ ! Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ : Аю мені жемеші.
Аю: Көктем келсе де мен ұйқымды аша алмай тұрмын,ұйқымды ашу үшін не істеуім керек.
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа жәрдем берейік.Аюдың ұйқысын ашу үшін кәне біз онымен бірге аю жайлы әнімізді айтып денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Тәрбиеші: Бауырсақ аюдан да құтылып жолда келе жатса алдынан қу түлкі шығады.
Алина түлкі :Амансың ба бауырсақ! Мен сені жеймін.
Бауырсақ: Мені жемеші өтінемін.
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы түлкі бауырсақты ұстап алыпты кәне біз бауырсақты түлкіден құтқарайық.Ол үшін түлкінің көңілін көтеріп ойын ойнайық.
Ойын: «Ұйқыдағы түлкі»
Ойын шарты:Балалар арасынан түлкі сайланады.Алаңның бір бұрышына орындық қойылып түлкі отырып ұйқыға кеткендей кейіп танытады. Балалар алаңда жан жаққа шашырап жүгіріп ойнайды.
Жүргізуші:Түлкі оянды дегенде барлық бала түлкіден үйге қарай қашады.(орындықтарына)Түлкі қуалап үстауға тырысады.
Түлкі:Бауырсақ енді мен сені жемеймін ,сенің ойының маған қатты ұнады.Сен қандай ақылдысың.Саған орманда жалғыз жүруге болмайды.Сен үйіңе қайт сені ата мен әже күтіп отыр.
Тәрбиеші: Бауырсақ мақтағанға мәз болып үйіне қайтады.Бауырсақтың келгеніне ата мен әже қатты қуаныпты.Ертегі бұл ертегі,ғажап сырлар шертеді деп бүгінгі ертегіміз соңына жетіпті.Балалар біз енді бақшамызға оралайық.
Қортындылау.
Балалар бүгінгі ертегі сендерге ұнады ма?(Ия)
Балалар бауырсақ неден жасалады?(Ұнан)
Ұн неден алынады?)Бидайдан)
Бауырсақтың түсі қандай ?(сары)
Бауырсақты кім пісірді? (Әже)
Ал енді ертегі кейіпкерлерін ретімен айтып беріңдерші?
( Ата,әже,қоян,қасқыр,аю,түлкі,бауырсақ)
Жарайсыңдар балалар .Енді қонақ апайлармен қоштасамыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегілер алемы

шағым қалдыра аласыз