Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегілер бойынша сабақтан тыс шара Мектепалды даярлық сыныбы «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегіні тыңдата отырып, қарлығаш адамға дос құс екенін, дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру.Балаларды достарына, құстарға қамқор болуға, бір- біріне мейірімді болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертегілер бойынша сабақтан тыс шара


Мектепалды даярлық сыныбы


«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі


Мақсаты: Балаларға ертегіні тыңдата отырып, қарлығаш адамға дос құс екенін, дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру.Балаларды достарына, құстарға қамқор болуға, бір- біріне мейірімді болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

Білімділік: балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға, сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық: балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу.
Тәрбиелік: достарына көмектесуге, сый-құрмет көрсетіп және достарына қамқор болуға тәрбиелеу;

-Балалар бүгінгі оқу қызметімізге келген қонақтармен сәлемдесейік үш тілде амандасу

Жарайсыңдар, балалар ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешуін тауып көріндерші

Жұмбақ жасыру:

Қонып алып жарға,қарқылдайды... (Қарға)

Өзі жасыл,әрі батыр ,ол не? (Дәуіт)

Өзі қара ,бауыры ақ,ол не? (Қарлығаш)

Өте жақсы балалар!

- Балалар, қарлығаштың шырылдаған дауысы естіледі ғой. Енді бәріміз үн таспадан «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін тамашалайық.
Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаттары қатпаған балаландары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні балапандарды жеуге қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр - шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса:
- Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, - дейді көкек. Одан шығып, қарғаға барса:
- Үйленгелі жатқанымда мазамды алма, - дейді. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр - шыр еткен даусын естіп:
- Достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды. Қарлығаш сонда:
- Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмей жүрмін, - деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп - төгіп жібереді.
- Олай болса, мені жеткіз тезірек, - дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Олар көзді ашып - жұмғанша қарлығаштың ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйықтамақшы екен.
Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтсе де, екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.

Тәрбиеші: - Балалар, ертегіде Қарлығаш өз балапандарын қалай құтқарды? 

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар. Қарлығаш өз балапандарын Дәуіттің көмегімен аман алып қалды. Енді Қарлығаш пен Дәуіт нағыз достар. Бізде дәуіт сияқты достарымызға көмектесуіміз керек. Достарымыз қиналған кезде қамқор болып, көмек беруіміз керек.

Сонда біз нағыз дос боламыз.Бір-бірімізді сыйлаймыз,бір-бірімізге мейірімді болайық.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді қорытындылау мақсатында үстел үстіндегі тапсырмаларды орындап,топтастырып шығайық.

Ал, енді балалар, бәріміз қарлығаштың бейнесін түрлі–түсті қағаздан жапсырып үйренейік.

Ал енді балалар осы ертегі бойынша мақал- мателдер айтып көрейікші.

Мақал-мәтел айту.

  1. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

  1. Жақсы дос- жанға серік,

Жаман дос- малға серік.


Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Өз жұмысымызды бағалап қорытайық.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12