400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер елі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас тәрбиешілерге ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тобы: II – кіші Құлыншақ

Вариативтік компонент: Ертегілер елінде

Тақырыбы: Шалқан (орыс ертегісі) сахналау

Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын естеріне түсіре отыра, сұрақтарға дұрыс жауап беруін қадағалау. Сахналау кезінде балаларға ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін және атрибуттарын дұрыс таңдауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінң қимыл – қозғалыстарын жасауға үйрету.

Әдіс – тәсілі: Ертегіні оқу, әңгімелеу, сахналау.

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары

Билингвальды компонент: шалқан –репка, ата – дедушка, әже - бабушка

Шаттық шеңбері

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, тауып көріңіздер.

Ақ сақалды, ақ шашты

Әкемнің ол әкесі

Кім болады ол саған (ата)

Аймалайды күнім деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп

Тәтті-ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп. Ол кім? (әже)

Түнде жортады

Мысықтан қорқады. (тышқан)

Өзі жап-жас, мұрты бар

Ет пен сүтке ұмтылар

Тастамайды жылы үйде

Түкті тонын шұп-шұбар. (мысық)

Дұрыс балалар, енді осы кейіпкерлердің бәрі қатысатын «Шалқан» деген ертегіні айтып беремін. Әрі теледидардан суреті шығады.Балалар енді біз рөлге бөлініп ойнаймыз.

Шалқан- Мансур

Ата-Нұрсұлтан кемпір, кемпір, кел

Әже-Айша қызым, қызым, кел

Немере қыз- Айшат күшігім, күшігім, кел

Күшік-Нұрислам мысығым, мысығым, кел

Мысық-Әмина тышқан, тышқан, кел.

Тышқан-Әділхан

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың, құлпынайы көп екен

Теріп, теріп, алайық, қалтамызға салайық.

Тәрбиеші: Балалар, біз қандай ертегіден көрініс көрдік?

Фланеграф тақта ілінеді. Сұрақтар қойылады. Жауап айтылған сайын тақтаға сурет ілінеді.

Атай не екті? Шалқан

Шалқанды жұлуға бірінші кім келді Атай

Атай көмекке кімді шақырды? Кемпірді, әжені

Әжей көмекке кімді шақырды? Немере қызын

Қызы көмекке кімді шақырды? Күшігін

Күшік көмекке кімді шақырды? Мысықты

Мысық көмекке кімді шақырды? Тышқанды

Дұрыс, балалар, сендер жақсы жауап бердіңдер.

Енді «Кім тапқыр» деген ойын ойнаймыз.

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін арттыру, қызығушылығын ояту, тапқырлығын таныту.

Балалар, сендер көздеріңді жұмыңдар. Мен бір кейіпкерді алып тығып қоямын. Сендер қай кейіпкердің жоқ екенін айтасыңдар.

Дұрыс, балалар, жарайсыңдар ойынға өте жақсы қатыстыңдар.

Қортындылау.

Біз қандай ертегі өттік. «Шалқан» ертегісі дұрыс. Сендер барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Сұрақтарға жауап бердіңдер, жарайсыңдар. Сол еңбектеріңе қарай сыйлық үлестірейін. Осымен сабағымыз аяқталды.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі