400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Ертегілер елі ЭКСПОның төрінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ақпарат балабақша педагогтарына қажет деп білемін. "Коммуникация" білім беру саласы бойынша драмадан балаларды осы ертегі желісі бойынша дайындауға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертегілер елі экспоның төрінде!


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: Драма (көлеңке театры)

Мақсаты: Балаларға экспо туралы жалпы түсінік бере өтіріп, бас қаламыз Астана қаласындағы түрлі зәулім, тарихы терең ғимараттар туралы айту. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге Экспоның төрінде қонақтай отырып, жақсы әсер алу.

Ертегілер елінің тұрғындары Сырғалым орманының баурайында өмір сүріпті. Аң патшасы Арыстан әр жыл сайын «Экспо» ғажайып көрмесін тамашалау үшін аңдарға жүргізеді екен. Ең алғаш бұл көрме Франция, Белгия, Қытай елдерінде өткен. Енді мұндай мәртебе Қазақстанға бұйырып отыр.

Арыстан: Саламатсыңдар ма, «Ертегілер елінің» тұрғындары! Бұл жиынымыз Қазақстан елді мекенінде өтіп жатқан «Экспо - 2017» көрмесіне байланысты. Жылдағы дәстүріміз бойынша биыл да ертегі кейіпкерлері ғажайып көрмені тамашалауға аттанады. Менің шешімім бойынша биылғы таңғажайып көрмеге көрермен ретінде «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері жол тартады. Бұған қарсылық білдірем дейтіндерің болса, ортаға шығып сөйлеңдер!

Автор: Олай болса «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін ортаға шақырайық.

Бауырсақ. Қоян. Касқыр. Аю. Түлкі.

Бауырсақ: (жылап) Мына жерде менің атам мен әжем көрінбейді ғой. Мен атам мен әжемнен адасып қалдым.

Арыстан: Сабыр ет, Бауырсақ, жылама. Біле білсең бұл жер тек қана аңдардың патшалығы. Мен аң патшасы – Арыстан болам. Сенің де өмір сүретін ортаң емес.

Бауырсақ: Иә, кешіріңіз, хан ием, шынымды айтсам бұл жерге қалай тап болғанымды да білмеймін. Атам мен әжемнен адасып қалдым.

Арыстан: Бауырсақ, сен негізі дұрыс келдің. Мен сенің әжең мен атаңды табуға уәде беремін. Ол үшін сен мына патшалықтың тұрғындарымен бірге әлемдегі ең керемет Қазақстан дейтін шырайлы, қонақжай патшалыққа аттанасың. Сенің жаныңда менің саққұлақ та желаяқ қояным, мені барлық қауіптен қорғайтын қорғанышым, сенімімді ақтайтын азу тісті айбатты қасқыр батырым, бұл сапарда сенің қарныңды тоқ қылатын, шаршағанда арқасына салатын, қорғаныш аю атаң және осы сапарда кездесетін қиындықтардан алып шағатын айлакер де қу, сөзшең түлкі дейтін тәтең болады.

Арыстан: Ал менің сенімді тұрғындарым Бауырсақты өздеріңе тапсырдым. Әрі қарай өздерің атасы мен әжесіне табыстайсыңдар. Сендерге сенімім мол. Қазақстан патшалығына біздің аңдар патшалығынан сәлемімізді жеткізіңдер. Сендерге керемет демалыс тіледім. Жолдарың ақ болсын.

Автор: Сөйтіп, аң патшасы Арыстан патшалықтағы сенімді тұрғындарын әлемдегі ең керемет Қазақстан патшалығына аттандырды. «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері таңғажайып көрмені тамашалау үшін «Экспо» әуе щарымен аттанды. Көзді ашып жұмғанша Қазақстан патшалығына жетіп қонды.


Экспо – 2017

Бәйтерек. Ханшатыр. Экспо ғимараты. Парламент үйі.

(Таңғалады).

Қоян: Қандай керемет! Бұндай патшалықты өмірімде алғаш рет көруім.

Бауырсақ: (Жыламсырайды.) Мені әжем мен атаммен кездестіремін деген уәделеріңіз қайда. Мен ол кісілерді көре алмай тұрмын. Өтінемін, тездетіп тауып беріңіздерші.

Түлкі: Әй, Бауырсақ, неменеге жылай бересің? Келгеніміз жаңа ғана. Қане, жасыңды сүрт. Одан да мына керемет патшалықты тамашалайық.

Аю: Қане, бауырсақ, міне мына балдан алып же. Қарныңды тойдыр.

Қасқыр: Алақай, маған бір ой келді. Бауырсақ, сенің атаң мен әжең де осы жерде жүр. Оған сенімім мол.

Қоян: Онда іздеп табайық. Қане, бәріміз бірге жүрейік.

Автор: Аң патшалығының тұрғындары бірге бауырсақтың ата әжесін табуға жөнелді.

Қоян: Мына үлкен ғимарат не ғамарат? Түлкі әпке, қасқыр аға бұл ғимаратты не деп ойлайсыздар? Өзі шар секілді дөңгелек. Сондай әдемі, зәулім екен. Көлемі де өте үлкен.

Түлкі: Сүйінші, сүйінші, Бауырсақ, мен саған айттым, жылама деп. Әжең мен атаңды мен табам әлі. Ана жаққа қара.

(Экспо ғимаратының артынан Ата мен әже шығып келеді.)

Бауырсақ: Алақай, алақай! Ата! Әже!

(Әже мен ата және бауырсақ құшақтасады.)

Ата-әже: Айналайын, жарығым менің. Алтыным сол сені осы жерде кездестіретінімізді ішім сезіп еді.

Түлкі: (Күледі) Бұның бәрі де менің арқам. Мен бірінші көрген.

Ата-әже: Барлықтарыңа көп рақмет! Біздің бауырсағымызды аман-есен жеткізгендерің үшін сендерге мына көрмені аралатайық. Қане атасы жол бастаңыз.

Бәйтерек. Экспо ғимараты. Ақорда.

Атасы: Анау тұрған БӘЙТЕРЕК. Бұл ғимараттың көп жылдық тарихы бар. Ғимараттың күмбезінің астында елбасымыздың қолы бейнелеген. Сол қолға келген қонақтар қолдарын қойып, арман-тілектерін айтады.

Әжесі: Мына ғимарат. Ақорда. Бұл жерде Елбасымыз отырады.

Атасы: Ал шырақтарым, ең зәулім ғимарат міне алдарыңда. Бұл «Экспо» ғимараты. Бұл ғимартқа елімізден бөлек шет елдерден де көөөөптеген қонақтар келіп тамашалауда.

Әжесі: Ертегілер патшалығынан келген қонақтарды «Экспо» ғимаратында жүріп жатқан таңғажайып көрмемен таныстырайық.

Автор: Немересінің амандығын көрген ата мен әженің қуаныштарында шек болмады. Бауырсақтың да қуанышында шек жок.


Нағмет Самал

Қызылорда қаласы,

«Сырғалым» балабақшасының әдіскері






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі