400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ертегілер елінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға өз тәжірибелерінде театр элементтерін:мимика,ыммен,қимылмен көрсетуді қолдануды,өздеріне таныс ертегілерді сахналай білуді,кейіпкерлерді сомдағанда дауыс ырғағын дұрыс қоя білуді үйрету. Балалардың танымдық, театрға деген қызығушылығын,бір-бірімен келісіп әрекет ете білу іскерліктерін арттыру.Көру,есту,есте сақтау,байқампаздық,тапқырлық,ойлау қабілеттерін,қиялын дамыту. Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»


Мақсаты: балаларға өз тәжірибелерінде театр элементтерін:мимика,ыммен,қимылмен көрсетуді қолдануды,өздеріне таныс ертегілерді сахналай білуді,кейіпкерлерді сомдағанда дауыс ырғағын дұрыс қоя білуді үйрету. Балалардың танымдық, театрға деген қызығушылығын,бір-бірімен келісіп әрекет ете білу іскерліктерін арттыру.Көру,есту,есте сақтау,байқампаздық,тапқырлық,ойлау қабілеттерін,қиялын дамыту. Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: таспаға жазылған дауыс, Ә.Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер» әні,атрибуттар,смайликтер, «ғажайып ағаш»,саңырауқұлақ,гүлдер,сиқырлы шеңбер,ертегі кейіпкерлерінің суреттері,бетперде.

ҰОҚ-нің барысы:

Тәрбиеші балаларға сыбырлап: балалар,менің телефоныма қызықты хабарлама келді.Тыңдап көріңдерші!

Телефоннан дауыс естіледі: «Сәлеметсіңдер ме, «Жұлдыз»тобының сүйкімді де,ақылды балақайлары!Ертегілер елінде, таңғажайып ағаштың түбінде,сендерге арналған сый тұр!Ортадағы сиқырлы шеңберге жақындасаң дар,Ертегілер еліне тап боласыңдар!»

Тәрбиеші: ой,балалар,мына жерде жалт-жұлт еткен шеңбер жатыр екен,ертегілер еліне барайық ендеше!

Балалар: барайық!

Балалар қол ұстасып,шеңберге жақындайды.

Тәрбиеші: балалар,көзімізді жұмайық! Енді ашайық!

Міне, біз,Ертегілер еліне тап болдық!

(Әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің суреттері ілінген ширманың алдына келеді.)

Тәрбиеші: балалар,бірақ ертегілер елінің қақпасы жабық тұр ғой.Балалар сендер байқадыңдар ма,Ертегілер елінде,жаз мезгілі екен,ия,қазір бізде қыс!Шіркін, мына гүлдің әдемісін-ай!(Тәрбиеші еңкейіп гүлді алып,таңданады)Балалар,бұл жай гүл емес екен! «Ертегілер еліне кіру үшін,ертегі кейіпкерлерін қай ертегіден екенін тауып,қимылдарын салып беру керек!»деп жазылған.

Дидактикалық ойын: «Қай ертегінің кейіпкерлері?»

Тәрбиеші: мына суретте қай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген?

Балалар: «Қызыл телпек»

Тәрбиеші: қасқырдың Қызыл телпекті жейтін кезін көрсетіп жіберіңдерші ?!

Балалардың бірі шығып көрсетеді.

Тәрбиеші: мына суретте қай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген?

Балалар: «Бауырсақ»

Тәрбиеші: балалар,түлкі бауырсақты қалай алдап жеп қояды?Кім көрсетеді?

Балалардың бірі шығып көрсетеді.

Тәрбиеші: мына суретте қай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген?

Балалар: «Үйшік» ертегісі.

Тәрбиеші: бұл ертегідегі үйді не сындырады?

Балалар: аю сындырады.

Тәрбиеші: сол аюды кім көрсетеді.

Балалардың бірі шығып көрсетеді.

Тәрбиеші: балалар,керемет, міне,Ертегілер елінің қақпасы да ашылды!Жұптасып қол ұстасып,кірейік!Ертегілер елі ғажап екен!Балалар,хош иісті гүлдер жайқалып өсіп тұр екен!Біз де әдемі гүлдерге айнала аламыз,қане!

«Әдемі гүлдер» ойын-жаттығуы.

Тәрбиеші:

Арайлап таң атып,

Алтын күн әлемге шуағын төкті!

Әсем гүлдер таң нұрымен оянып,

Айналасына қуаныш сыйлауға асықты.

Күн сәулесіне еркелей көтеріліп,

Күлтелерін ашып,хош иісін шашты!

Кенет аспанды бұлт торлап,күн күркіреп,

Жаңбыр жәй ғана себелей бастады.

Жауын үдей түсті,ірі-ірі суық тамшылардан,

Әсем ,нәзік гүлдер тоңып әлсіреді.

Бір сәт жаңбыр толастап,Күн ару

Жер бетіне жылуын,нұрын аямай төкті,

Әсем гүлдер қайтадан бой көтеріп,

Жайқалып, бақыт биін биледі!

Балалар мәтін жолдарына сәйкес қимылдар орындайды.

Тәрбиеші: қайтадан балаларға айналамыз,Ертегілер еліндегі табиғат қандай тамаша еді,ауасы қандай таза,қане,иіскеп көрейікші!

Балалар тыныс алу жаттығуын жасайды.

Тәрбиеші: балалар,жарайсыңдар,енді біз ғажайып ағашты тауып өзімізге арналған сыйымызды алайық!Алға қарай жүрейік!

Тәрбиеші бастап,балалар алға қарай жүреді.

Тәрбиеші кілт тоқтап: балалар,жолымызда тастар жатыр екен қаптап,қазір мен алып тастайын!(Тәрбиеші бір тасты көтеріп,таңданады)

Тәрбиеші: бұл жай тастар емес екен,тыңдаңдаршы: «Бұл смайликтерді қайталамасаң,әрі қарай жүре алмайсың!»

Тәрбиеші: балалар,бұл тасқа ұқсайтын смайликтер екен!Менің қолымдағы смайлик күлімдеп тұр!Мен де күлімдеймін!(Күлімсірейді)Енді сендер кезек-кезек алып,қайталап көріңдер,жолымызды тазалайық!

Ойын:«Көңіл-күй»

Балалар қорыққан, таңғалып тұрған,ашулы,мұңлы,ренжулі,шаршаңқы смайликтерді қайталайды.

Тәрбиеші: өте жақсы, балалар!Әрі қарай жүрейік!Ой,мына қызықты қараңдар,балалар!Бұл не?

Балалар: бетперде ғой!

Тәрбиеші: бұл не үшін қажет,қайда қолданады,сендер білесіңдер ме?

Балалар: жаңа жылдық той-маскарад болғанда киеді,театрда ,әртістер киеді.

Тәрбиеші:дұрыс айтасыңдар!Мұнда да тапсырма бар екен балалар, «Қимылмен көрсет» ойынын ойнаңдар!деген.Ол біз үшін қиын емес солай емес пе !Мен қимылды білдіретін сөздерді айтамын, сендер қимылмен білдіресіңдер!

Тәрбиеші: «биік,аласа,үлкен,кішкентай,ана жақта,иә,сау бол,сәлем,болмайды,кел мында,бұл жерден кет,тыныш» деген сөздер айтады,балалар қимылмен көрсетеді.

Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар!Керемет,мен ғажайып ағашты көріп тұрмын!

Балалар: алақай!

Тәрбиеші балалармен ғажайып ағаштың түбіне жақындайды.

Тәрбиеші: ғажайып ағаштың түбінде мен сыйлық көрмей тұрмын.Жалғыз саңырауқұлақ өсіп тұр екен!(еңкейіп алады)Балалар саңырауқұлақтың қалпағында былай жазылған: «Сендер татусыңдар ма,достарың көп болғанын қалайсыңдар ма?Достықты үндейтін ертегі сахналап беріңдер!»

Тәрбиеші: балалар,сендер татусыңдар ма?

Балалар: ия,өйткені біз бір топқа келеміз,бір үйдің балалары секілдіміз!

Тәрбиеші: ал,достарың көп болғанын қалайсыңдар ма?

Балалар: ия көп болғанын қалаймыз!

Тәрбиеші: кейіпкерлер дос болатыны туралы қандай ертегілер білесіңдер,естеріңе түсіріп көріңдерші!

Балалар: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білеміз!

Бір топ бала көрермен болып,бір тобы кейіпкерлерге бөлініп, «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналайды.

Тәрбиеші: тамаша,балалар,сендер ертегіні сахналап бола бергенде ғажайып ағаштың түбінде мынау әдемі сый-дорба пайда болды.Бұл сендерге арналған сыйлық! Бірақ балалар,бұл сый дорбаны біз өз елімізге оралғасын ашамыз!Қане,келген ізімізбен жүріп,тезірек сиқырлы шеңберді тауып,елімізге,балабақшамызға оралайық!

Балалар тәрбиешінің ізінен жүріп,сиқырлы шеңберді айнала тұрып,шеңберге жақындайды.

Тәрбиеші: міне,біз өз бақшамыздамыз!Ертегілер елінде,ұнады ма сендерге балалар?Ал,мен ғажайып ағаштың түбінен алған сыйды сендерге көрсетпес бұрын бір сергіп алайық!

Ойын-жаттығу:«Қайтала»

Тәрбиеші: сонымен балалар,біз сендермен қайда бардық?

Балалар:Ертегілер еліне!

Тәрбиеші: Ертегілер елінің қақпасы қалай ашылды?

Балалар: біз ертегілерді дұрыс атап, ертегідегі кейіпкерлерді көрсеттік!

Тәрбиеші:одан кейін біз жолда не көрдік?

Балалар: смайлик тастарды көрдік.

Тәрбиеші: оларды біз не істедік?

Балалар: біз оларды қайталадық.

Тәрбиеші: қалай?

Балалар: ашулы,қуанышты,ренжіген,таңданған түр көрсеттік.

Тәрбиеші: одан кейін біз не көрдік?

Балалар: бетперде көрдік.

Тәрбиеші: онда қандай тапсырма берілген?

Балалар: «Қимылды көрсет»ойынын ойнауды.

Тәрбиеші: қандай қимылдар көрсеттік?

Балалар көрсеткен қимылдарын көрсетеді.

Тәрбиеші: Ертегілер елінде қандай ертегіні сахналадық?

Балалар: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар,енді ғажайып ағаштың түбінен алған сыйлықтарды тарататын да кез келді!

Тәрбиеші балаларға сый-дорбадан шыққан сыйды үлестіреді.





































ЖШС «Ақ-Еркеш» балабақшасы











«Жұлдыз» ортаңғы тобында өткізілетін ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.


Тақырыбы: «Ертегілер елінде»








Тәрбиеші: Қартбаева.Ж.Б.





2016-2017 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі