Ертегілер елінде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегілер елінде

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың жыл бойы өткен сан және санау білімдерін бекіту.Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Жапсырудың меңгерген әдіс- тәсілдерін бекітіп, ұсақ қол маторикасын дамыту.Ертегілерді мазмұндай отырып байланыстыра сөйлеуледі дамыту,сөздік қорларын молайту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Мақсаты: Балалардың жыл бойы өткен сан және санау білімдерін бекіту.Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Жапсырудың меңгерген әдіс- тәсілдерін бекітіп, ұсақ қол маторикасын дамыту.Ертегілерді мазмұндай отырып байланыстыра сөйлеуледі дамыту,сөздік қорларын молайту.Шапшандыққа,тапқырлыққа,әсемдікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің бөлмеміз ерекше жайнап кетіпті, себебі бізге қонаққа апайлар келіпті. Қане ендеше бәріміз апайлармен амандасайық.(Балалар амандасады)

Енді шаттық шеңберін жасайық:

Алақанда ашайық,

Күннің нұрын шашайық.

Таза ауадан алайық,

Жүрекке жылу салайық

Осы жақсы лебіздерді.

Қонақтарға шашайық.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтпек.Сендер ертегілер еліне барғыларың келе ме?Ертегілер әлемінде қандай ертегінің кейіпкерлері балар едіңдер? (балалар өз жауаптарын айтады)

Өте жақсы олай болса менде сиықырлы таяқ бар,осы таяқтың арқасынды Етегілер әлеміне саяхат жасаймыз.

«Бір, екі,үш ертегілер әлеміне түс! » (таяқшамен сиқырлайды,сиқырлы әуен

ойнайды).

1.«Күлшеқыз» ертегісі.(Тақтада ертегі кейіпкерлерінің сереттері ілініп тұрады)

Тәрбиеші: Балалар біз қандай ертегіге келдік?

Балалар: «Күлшеқыз»

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар,осы ертегіде Өгей шеше Күлшеқыз патшаның кешіне бара алмай қалуы үшін не істеді?

Балалар: Дәндердің барлығын араластырып тастады.

Тәрбиеші:Ендеше біз сендермен Күлшеқызға көмектесіп, дәндерді бір-бірінен ажыратайық.Күлшеқыз кештен қаламай барсын.Солай емес емеспе балалар?!

1 тапсырма: «Дәндерді ажырат»

Тәрбиеші:Өте жақсы балалар Күлшеқызға көмектестік,енді арықарай саяхатымызды жалғастырамыз.

«Бір, екі,үш ертегілер әлеміне түс! » (таяқшамен сиқырлайды,сиқырлы әуен

ойнайды).

Тәрбиеші:-Ал бұл ертегіде кейіпкерлер бір-бірінен мықты-мықты ұсталып үлкен бір іс жасады. Бұл қандай ертегі балалар?

Балалар: «Шалқан ертегісі»

2 тапсырма: «Моншақтарда жіпке тіз»

-Сендер осы ертегіде қанша кейіпкер болса сонша моншақты жіпке тізесіңдер.Бірақ бірінші моншақ сары,ал үшінші моншақ қызыл болуы тиіс

- Моншақты кімге сыйлауға болады?

- Өте жақсы,келесі ертегіге аттанайық!

«Бір, екі,үш ертегілер әлеміне түс! » (таяқшамен сиқырлайды,сиқырлы әуен

ойнайды).

Тәрбиеші: - Ал бұл ертегіде бір кішкентай қыз бен оның досы,үй жануарларының бірі туралы айтылған.Үй жинап жүріп мейізді кім тауып алады? Кімге бермекші болады?Бұл қандай ертегі?

Балалар: «Мақта қыз бен мысық»

3 тапсырма: «Логикалық сұрақтар»

1. Екі сиырдың мүйізі нешеу?

2.Бір  мысықтың аяғы қанша?

3.Бес тауықтың басы нешеу?

4.Үш қыз суға келе жатыр,қолдарында бір-бір шелек, қыздардың шелегі нешеу?

5. Бес тышқанда қанша құйрық бар?

6. Үш алманы бақтағы

Кірпі алып  жинады

Ең әдемі   біреуін

Ақ  тиінге  сыйлады

Ыдыстағы  алманың

Санап  көрші қалғаны

Тәрбиеші:Балалар біз қаншама жол жүрдік аздап шаршадық,ендеше сергіту жаттығуын жасап бір серігіп алайық.

Сергіту сәті:

- Өте жақсы, серігіп алдық енді келесі ертегіге аттанайық!

«Бір, екі,үш ертегілер әлеміне түс! » (таяқшамен сиқырлайды,сиқырлы әуен

ойнайды).

- Бұл ертегінің кейіпкері адам емес,жануарда емес?Ол атасынын қашады,апасынын қашады,түлкіге келіп тап болады.Бұл қандай еретегі?!

Балалар: «Бауырсақ ертегісі»

4 тапсырма: «Сандарды ретімен қойып сөз құрастыр»

Тәрбиеші:-Балалар сендердің алдарыңда сандар жызылған карточкалар тұр Сендер сол сандарды ретімен қою арқылы қандай сөз шыққанын айтыңдар

Тәрбиеші: Бүгін балалар біз сендермен қаншама жерді аралап,қаншама тапсырмаларды орындадық.Енді балабақшамызға, өзіміздің тобымызға,қайтатын уақыт жетті. – Барлығымыз бірге сиқырлы сөдерді айтайық:

Балалар:

«Бір, екі,үш «Айгөлек » тобына түс түс! » (таяқшамен сиқырлайды,сиқырлы әуен ойнайды).

Тәрбиеші: -Балалар міне біз өз тобымызғада жеттік.Топтағы қонақ апайларға өзіміздің декупаж әдісімен әшекейленген заттарымызды көрсетіп Сол декупаж әдісін есімізге түсірейікші. Бұл әдістің қай жерден шыққанын білесіңдерме?

-Ең алғаш қай елде ол пайда болды?

-Оны не үшін пайдаланған?Дұрыс айтасыңдар,ендеше біз сендермен келген қонақтарға сыйлық жасап берсек қайтеді? Жасаймыз ба?Ендеше кірісейік!

5 тапсырма: «Декупаж әдісімен тақтайшаны әшекейлейміз»

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз қайда бардық?Сендерге қай ертегідегі тапсырма ұнады? Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма? Бүгін барлықтарың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,барлықтарыңа рахмет.

Сау болыңдар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2022
401
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі