400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ертегілер елінде

Материал туралы қысқаша түсінік
«Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шалқан»  орыс  халық  ертегісі

Тақырыбы:  «Шалқан»

Мақсаты:

Білімділік: «Шалқан»   ертегісі  туралы  мағлұмат  беру,  шалқанға  түсінік  беру.

Дамытушылық:  «Шалқан»  ертегісіне  сахналық  қойылым  көрсету.  Ертегіні  сахналау  арқылы  ой – қиялын  дамыту.

Тәрбиелік:  «Шалқан»  ертегісін  көрсете  отырып,  балаларға  бір  отбасының  татулығын,  бірліктерін  көрсету.

Көрнекіліктер:  «Шалқан»  ертегісінің  кейіпкерлерінің  костюмдері,  көкөністер.

Түрі:   Көрініс,  ертегі

Алғы  сөз:

Құрметті  әріптестер  және  балалар!  бүгінгі  біздің  балабақшамызда  өткелі  отырған  «Ертегілер  елінде»  атты  апталығымызда  «Естиярлар»  тобының  ертегілер  еліне  қош  келдіңіздер.  Бүгінгі  сахналайтын  ертегіміз  «Шалқан»  ертегісі. «Шалқан»  ертегісі  орыс  халық  ертегісі,  балалар.

Ертегінің  негізінен  көптеген  түрлері  бар,  олар:

1.Қиял –ғажайып  ертегісі.

2.Шыншыл  ертегі.

3.Жан – жануарлар  туралы  ертегі.

4.Тұрмыс –салт  ертегісі,  болып  бөлінеді  екен.  Ал,  осы, «Шалқан»  ертегісі  балалар,  тұрмыс – салт  туралы  ертегі  екен.

«Шалқан»  орамжапырақ  тұқымдасына  жататын  екі  жылдық  көкөніс.  Шалқанның  түсі  ақ   немесе  сары  болады  екен.  Шалқанның  құрамында  ағзамызға  пайдалы  көптеген  дәрумендер  бар.  Емдік  қасиеті  де  бар.

Ендеше,  апайлар  және  балалар,  мен  сіздері,  осы  «Шалқан»  ертегісін  «Естиярлар»  тобының  балаларының  сахналағанын  көріп – тамашалауды  ұсынамын.

«Шалқан»  ертегісінің  сахналық  қойылымын  тамашалаңыздар.

Ролдерде  ойнағандар:

  1. Автор Еркін Алинур

  2. Автор: Сержанова Кәусар

  3. Шалқан:  Адишев Арнав

  4. Атай: Ғазиз Мансұр

  5. Әжей: Әлімхан Аяла

  6. Немере қызы: Маратова Медина

  7. Күшік:  Дамирұлы Бақберген

  8. Мысық:  Сарсенбаев Қуаныш

  9. Тышқан:  Дауренбек Абылай

 

 

Баяғыда  бір  үйде,

Шал мен кемпір болыпты.

Тірліктеріне өмірде,

Көңілдері толыпты.

 

Бір күні шал аулаға,

Шалқан дәнін егіпті.

Шалқан қашан піскенше,

Маңдай терін төгіпті

 

Шалқан әбден піскесін,

Шал келеді жұлуға.

Арлы – берлі тартқылап,

Жұла алмасын біледі.

 

Шақырады көмекке,

Үйде жүрген кемпірін.

Екеуі жұлып ала алмай

Шаршап қалды ентігіп,

 

Шақырады тағы да,

Немересін үйдегі

Үшеулеп жүріп тартса да

Шықпайды шалқан түйнегі

Үшеуі жүріп ойланып,

Шақырады күшігін,

Жабылғанмен қолға алып.

Жетпестерін білді күшінінң.

 

Автор: Сержанова Кәусар

 

Төртеуі тартып ары – бері,

Шаршады, әбден терледі.

Мысығы келді көмекке,

Онда да әлдері келмеді.

 

Не істеу керек деп,

Отырып бәрі ойланды.

Көмекке енді келетін,

Үйде енді кім қалды.

 

Үйлерінде тышқаннан,

Басқа ешкім жоқ еді.

Шақырғасын тышқанды,

Көмекке ол да келеді.

 

Шалы барып шалқанның,

Сабағынан ұстайды,

Бір – біріне жалғасып,

Күштерін жиып нықтайды.

 

Жабылып бәрі тартады,

Күштері енді артады,

Бірлесіп тартып қалады,

Шалқанды жұлып алады.

 

Бірге:

 

Көрдіңдер ме, балалар,

Ауызбіршіліктің не екенін.

«Жұмыла көтерсе жүк жеңіл».

Мақсатыңа жетерсің.

Ән: «Ертегілер»



































Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта

білім беретін мектебі»КММ

















Тақырыбы: Ертегілер елінде



























2023-2024 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.05.2024
394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі