400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер елінде.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


4-ұОқ. ЕРтЕГіЛЕР ЕЛіндЕ

(заттық аппликация)

мектеп/мұ:


Күні:

Педагогтің аты-жөні:


сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:


ұОқ оқыту мақсаттары

0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану.

0.2.1.2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қию.

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-жапсырма құрастыру үшін үлгіқалыптарды пайдалана алады;

-жапсыруға арналған материалдарды тиімді пайдалана алады;

-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады.


Көптеген тәрбиеленушілер:

-бөлшектерді дұрыс жапсыру кезектілігін пайдалана алады;

-симметриялы заттарды қия алады;

-қағаз түстері мен олардың реңктерін өз бетімен таңдай алады.


Кейбір тәрбиеленушілер:

-заттардың тиісті түсін, пішінін, пропорциясын және фактурасын өз бетімен таңдай алады;

-композиция заңдарын қолдана алады;

-бейнені әсерлі етіп көрсету үшін жапсыруда сұлбалық қию немесе жырту әдістерін пайдалана алады.


тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-жапсырма жасау бойынша ой ұсыну;

-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;

-жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айтып беру;

-түпкі ойды түсіндіру;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;

-түстерді, пропорциялық қатынастарды сөзбен сипаттау;

-тақырыпқа қызығушылық туғызатын көркемсөзді тыңдау;

-қазақ халық шығармашылығы кейіпкерлерімен танысқан кезде сөздік қорды байыту.

Көптілділік: ертегі – сказка – fairy-tail.


негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-түс, пішін, пропорциялар, контур, қағаз, қайшы.


талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай қию тәсілін пайдаланасың?

Бөлшектерді қағаз парағына қалай орналастырады? Қандай түстерді пайдаланасың?

Қажет болатын геометриялық фигураларды ата. Жапсырма бөлшектерін қалай жапсыру керек?


Алдыңғы білім

Қайшыны пайдалану білігі: таспаларды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу. Екіге, қатпарлап бүктелген қағаздан әртүрлі бейнелерді қию дағдылары.

Қазақ ертегілері мен әлем халықтары ертегілерінің кейіпкерлерін білу.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


і. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Амансың ба, көк аспан! (Қолымызды жоғары көтереміз.) Сәлеметсің бе, алтын күн! (Қолымызды басымыздың үстіне көтеріп, үлкен шеңбер сызамыз.)

Есенсің бе, Жер-ана! (Қолымызды бірқалыпты төмен түсіреміз.)

Сәлеметсіңдер ме, балалар! (Барлық балалар қол ұстасып, қолдарын жоғары көтереді.)

Музыкалық сүйемелдеу.


II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою

2–5 минут

(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге «Алдаркөсе» мультипликациялық фильмінен қысқа үзінді көруді ұсынады.

Балалар Алдаркөсенің айлакер атануының себебі туралы өз пікірлерін айтады.

Педагог балаларды алдағы жұмысқа жұмылдырады.





Иллюстрациялық материал.


III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6–25 минут

(ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс. Педагог балаларға қазақ ертегілері бойынша суреттерді көруді ұсынады. Қай кейіпкерді таныдың?

Ертегілер қалай аталады?

Қай ертегі кейіпкеріне ұқсағың келеді? Не себепті?

Балаларды «үлгіқалып» және «трафарет» ұғымдарымен таныстырады. Үлгіқалыпты сыртынан бастырады, ал трафаретті ішінен бастырады.

Педагог балаларға жұмыстың құрал- жабдығының: төсеніш клеенка, қайшы, желім, желім жаққыш, шүберек, қоқыс салғыштың дайындығын тексеруді ұсынады.

Әліппе-альбом.









Музыкалық сүйемелдеу.



(ұ) саусаққа арналған жаттығу.

  1. Алақандар үстел үстінде («бір­екі» деп санағанда саусақтар қосылып – ажыратылады).

  2. Алақандар («бір­екі­үш» деп санағанда жұдырық қырынан қойылады.)

  3. Саусақтар амандасады («бір­екі­үш­төрт­бес» деп санағанда екі қолдың саусақтары қосылады: бас бармақ бас бармақпен, сұқ саусақ сұқ саусақпен және т.с.с.).

  4. Қояндар тұр (сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ жоғары қарай созылады; бас бармақ, кішкентай саусақ және аты жоқ саусақ қосылады).

  5. Қояндар тығылып қалды (жұдырық түйіледі).

  6. Ағаштар жайқалып тұр (саусақтарды тарбитып, алақандарымызды өзімізге қарай бұрып, қолымызды жоғары көтереміз).

  7. Ағаштар жоқ (қолдарымызды төмен түсіреміз). (ұ, Ж) Жұмыстың орындалу технологиясы Педагог тәрбиеленушілерге қандай ертегі кейіпкерін бейнелегісі келетіндігі туралы ойлануды ұсынады. Өзінің шаблондарын қолдануға мәжбүрлемей, дене мүшелері туралы келіседі. Қандай трафареттер мен үлгіқалыптар қолданылады.

Проблемалық сұрақ: қандай заттарды үлгіқалып ретінде пайдалануға болады?

Трафаретті немесе үлгіқалыпты бастыру үшін жай қарындашты пайдалануға болады. Қиып алынған бөлшектер дайындалған фонға жапсырылады.

Педагог желімнің парақтың жиегі бойынша жағылатынын ескертеді. Бұдан басқа, қағазды тура бүктеу сызығы бойынша және нұсқаны қайшыны қағаздан ажыратпай ойша көзге елестету арқылы қиюларына назарларын аударады. Симметриялы емес заттардың суреттерін қиғаны үшін мадақтайды.

Педагог тәрбиеленушілерге фигураларды қиған кезде қағазды тиімді пайдалану керектігін ескертеді. Ірі қиындыларды лақтырмау қажет, оларды ұсақ бөлшектерді қию үшін пайдалануға болады.

Тәрбиеленушілер қарындашпен немесе фломастермен ұсақ бөлшектерді толықтырып салады.

Сурет салу процесін, жапсырманы орындау кезектілігін көрсету үшін педагог тікелей оқыту әдісін пайдаланады. Жұмыс кезектілігі барлық орындау кезеңдері көрсетілген схема түрінде тақтада бейнеленеді.

Үлгіқалыппен немесе трафаретпен жұмыс істеу тәсілін көрсету үшін педагог балалардың бірін шақыра алады. Тәрбиеленушілердің түсініктерін бекітуі және кезектілікті тағы да бір рет қайталауы үшін оның іс-қимылын нақтылап түсіндіреді. Тәрбиеленушілерге өз бетінше қателерін тауып, оның себебін түсіндірулерін ұсынады. Түстердің үйлесімдігіне, әдемі қиылған сызықтарға және жұмыстың жалпы сапасына көңіл бөледі.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жасау ережелері.

Сабақ шеңберінде педагог желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін еске салады:

Желіммен жұмыс істеген кезде қажет болса, жаққышты пайдалан.

Желімді осы кезеңде жұмысты орындау үшін қажетті мөлшерде ал.

Желімнің артық мөлшерін жұмсақ шүберекпен немесе майлықпен мұқият сүртіп ал.

4. Жұмыс істеп болғаннан кейін желім жаққышты және қолдарыңды сабындап жу.















Педагог дайындаған трафареттер.

Мыналарды: көлемі әртүрлі қорапшалар, шынылар, стақандар, ағаш құрастырғыш бөлшектері және басқаларын шаблон ретінде қолдануға болады.



Жадынама.


IV. ұОқ қорытындылау. Рефлексия.

26–30 минут

(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:

Жұмысты талдау: бөлшектердің дәл және мұқият қиылуы. Нәтиже қорытындыланады. Мазмұны бойынша символдық бағалау: бала өз әрекетін символдар (карточка, жетон, қимыл және т.б.) арқылы жай бағалайды.

Карточкалар, жетондар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
2129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі