«Ертегіде қонақта»

Қабидуллина
Ләззат, №42 «Түймедақ
балабақшасы»
Жедел басқару құқығындағы МКҚК-нің
тәрбиешісі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Мақсаты:балаларды ертегі
әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар
орындата отырып, сұрақ-жауаптар мен ертегілер арқылы танымдық
қабілеттерін арттыру. Сөздік қорын дамыту.
Билингвальды компонет:
Ертегі-сказка, тауық курица,
ата-дедушка,әже-бабушка
Әдіс-тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, сахналау,
сұрақ-жауап.
Балалар,бүгінгі
ұйымдастырылған оқу қызметі ерекше болғалы тұр. Бізге қонаққа
көптеген апайлар келді. Орнымыздан тұрып, қонақтармен
амандасайық.
-Сәламатсыздарма?!
-Балалар, бәріміз шеңберге келейік.
Шаттық шеңбері.
Сәлем, саған алтын
күн,
Сәлем, саған
жер-ана.
Сәлем саған достарым,
Сіздерді көрсем қуанам!
Здравствуй, солнце
золотое,
Здравствуй, небо
голубое.
Здравствуй, вольной
ветерок,
Здравствуй, маленький дружок!
-Балалар,көңіл күйлеріңіз қалай?
-Жақсы
-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне дайынбыз
ба?
-Ия
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар.
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер
болады?
-Қар жауады, күн салқын
болады.
-Жарайсыңдар.
Бүгінгі біздің оқу
қызметіміздің ерекшелігі «Ертегілер еліне» қонаққа баратын
боламыз.
Алдымен, өткен ұйымдастырылған оқу қызметін
есімізге түсіріп алайық.
-Қандай тақырып өтіп едік?
-Көліктер
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
-Әуе көлігі,жер көлігі, су көлігі?
-Бұл қандай көлік?
-Қайық, су көлігі
-Бұл қандай көлік?
-Автобус, жер
көлігі
-Бұл қандай көлік?
-Ұшақ, жер
көлігі
-Дұрыс айтасыздар.
-Балалар, мен жолда келе
жатып, мынандай әдемі қобдиша тауып алдым.
-Қане, ішін ашып
көрейік.
-Балалар, бұл қобдишада хат
бар екен, сіздерге оқып берейін.
-Сәлеметсіздер ме, балалар?
Мен орманға серуенге шығып едім, мені қасқыр ұстап алды. Мені
құтқарыңыздаршы.-деп жазылған
-Балалар, бұл хат Қызыл
телпектен екен. Қызыл телпекті құтқарамыз ба,
балалар?
Балалар, біз орманға пойыз құрап
барайық.
ПШ-ПШ, біз кеттік
Жүрісті тым үдеттік.
- Міне, балалар, біз орманға
келіп қалдық.
- Балалар, орманда шулауға
болмайды. Бұл жерде түрлі аңдар бар.
-Мынау-қоян. Мынау орман құсы
тоқылдақ.
Балалар,қасқыр ызақор, ашулы
аң. Оған жақындауға болмайды.
- Алдарынан қасқыр шығады.
-Сіздер, кімсіздер, мұнда не істеп
жүрсіздер.
-Біз «Қызыл телпекті»
құтқаруға келдік.
-Мен қызыл телпекті бермеймін.
Қызыл телпекті құтқарғыларыңыз келсе, менің тапсырмамды
орындаңдар.
-Балалар, қасқырдың
тапсырмасын орындаймыз ба?
-Ия.
-Менің ертегі тыңдағым келіп тұр.
-Біз ертегі айтып берсек,
қызыл телпекті жібересің ба?
- Ия.
Қасқыр, сенің айтқандарыңды
орындаймыз.
-Балалар, біз топқа келдік.
Қасқырдың тапсырмасын орындайық.
-Алдымен ертегіні тыңдап алайық.
-Балалар, ертегі ұнады
ма?
-Ертегі не туралы екен?
-«Шұбар тауық» туралы
Балалар, осы сөздерді орыс тілінде айтып
көрейік.
Ертегі-сказка, ата-дедушка,
әже-бабушка
-Балалар, шаршаған
шығарсыздар. Бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту
сәті:
-Балалар, біз енді ертегіні өзіміз
сахналайық.
-Біз қасқырдың тапсырмаларын
дискге жазып, қобдишаға салып, пошташыдан беріп
жіберейік.
-Балалар, сіздер ойын ойнағыларыңыз келе
ме?
-Ия
Бұл ойын «Ертегі кейіпкерлерін
тап» -деп аталады. Сіздерге ертегіге байланысты суреттер берілген.
Сол ертегі кейіпкерлерін қыстырғышпен
қыстырасыздар.
-Ойын шарты түсінікті ме?
- Ия
-Ішке қызыл телпек кіреді.
-Рахмет, балалар. Сіздер мені
құтқардыңыздар.
-Қызыл телпек, балалар,
естеріңізде болсын, үлкендердің көмегінсіз далаға шығуға болмайды.
Ата-аналарыңызды тыңдап жүріңіздер.
Қорытынды:
-Балалар, біз қайда
бардық?
-Орманға
бардық.
Орманнан нені көрдік?
-Қасқырды көрдік.
Қандай ертегімен таныстық?
- «Шұбар тауық» ертегісімен таныстық.
-Жарайсыңдар. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі
ұнады ма?
-Ия
Балалар, біздің бүгінгі
ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталды. Сіздер оқу қызметіне жақсы
қатыстыңдар.
-Сіздерге сыйлығымыз бар.
-Қонақтармен
қоштасайық.
-Сау болыңыздар.