«Шалқан» ертегісін
сахналау.
Мақсаты:
Шалқан ертегісін
сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын
дамыту.
Есте сақтау
қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары жайында түсініктерін
толтыру.
Көрнекіліктер:
«Шалқан» ертегісінің
суреттері; көрініске керекті құралдар.
Ертегінің
барысы:
Залда музыка ойналып
тұрады, залға кірген балалар қонақтармен
амандасады.
Есік
қағылады:
Тәрбиеші:
Балалар, қанекей кім
есік қағып тұрған, соны қарайықшы есікті
ашып.
Тәрбиеші есік
ашады:
Тәрбиеші:
Балалар, бізге жыл
басы қоян қонаққа келіп тұр.Қанекей бәріміз қоянмен
амандасайық.
Қоянның
сөзі:
Саламатсыңдар ма,
балалар! Мен бүгін сендерге әдейі орманнан «ертегілер еліне»
қонаққа келіп тұрмын. «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері «Шалқан»
ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп сауысқаннан естіп, арнайы
келдім.
Тәрбиеші:
Қоян, сіз дәл
уақытында келдіңіз, олай болса балалармен қосылып, ертегіні
тамашалауға шақырамыз, балалардың арасынан орны алып, орналаса
қойыңыз.
Әуенмен шалқан
ертегісі басталады.
Тәрбиеші:
Ерте, ерте, ертеде.
Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің
алдында шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық
сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып
қарайды.
Ата:
Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті.
Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші:
Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі
тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке
кемпірін шақырады.
Ата:
Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке
кемпірді шақырайын.
—
Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен
болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге
тартайық!
Кемпір:
Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ
тартайық!
Тәрбиеші:
Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады.
Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке
шақырады.
Кемпір:
Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла
алмай жатырмыз.
Қыз:
Жарайды апа сізге
көмектесемін.
Тәрбиеші:
Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады.
Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін
шақырады.
Қыз:
Итім, итім көмекке келші.
Ит:
Аф-аф-аф көмектес десеңдер
көмектесемін
Тәрбиеші:
Ит
қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал
шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра
алмайды.
Енді ит көмекке мысықты
шақырады.
Ит:
Мысық, мысық, бізге
көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Мысық:
Мяу-мяу, көмектесіп
жіберейін.
Тәрбиеші:
Мысық иттің
құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал
шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан
шықпайды.
Енді мысық көмекке
тышқанды шақырады.
Мысық:
Тышқан, тышқан, маған
көмектесіп жіберші.
Тышқан:
Әрине көмектесіп
жіберемін.
Олар тарта-тарта
шалқанды суырып алады.