Ертегілер еліндегі шалқан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегілер еліндегі шалқан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру. Жұмбақ жасыру, бейне тақта арқылы ертегі желісі туралы білімдерін бекіту. Балалар ,ертегілер елі қандай әдемі,мұнда бәрі бар екен. Бізде күн суық салқын болғанымен, бұл жерде жылырақ екен. Жапырақтар сарғайып жерге түсіп қалыпты. Егер жапырақтар сарғайып күн салқындаса бұл жылдың қай мезгілі?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліндегі шалқан».

Сабақтың мақсаты: Балаларға ертегілер туралы көркем мағлұмат бере отырып,диалогты сөйлеуін қалыптастыру.

Білімділік: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру. Жұмбақ жасыру, бейне тақта арқылы ертегі желісі туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Ертегіні сахналау арқылы тіл байлығын, ойын, зейінін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелілік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, достыққа, кішіпейілділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің макеттері,ертегі кейіпкерлері бетпердесі, ағаштар т.б

Сабақ барысы:

Балалар қараңдаршы,біз ғажайып ертегілер еліне келдік. Бізден бұрын мұнда апайлар да келіп қалған екен. Қош келдіңіздер біздің ғажайып ертегілер еліне.

Тәрбиеші : Қане балалар, амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме.

Тәрбиеші: Балалар ,ертегілер елі қандай әдемі,мұнда бәрі бар екен. Бізде күн суық салқын болғанымен, бұл жерде жылырақ екен. Жапырақтар сарғайып жерге түсіп қалыпты.

Егер жапырақтар сарғайып күн салқындаса бұл жылдың қай мезгілі?


Балалар: Күз мезгілі.


Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ертегілер елінде де күз мезгілі болады екен.Қане олай болса , біз тоңбау үшін бір- бірімізбен жүрек жылуын бөлісейік.


Жүрек жылуы.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен,

Ертегілер елінде,

Татумыз, доспыз, бәріміз,

Жылынсыншы жанымыз.


Тәрбиеші:Қазір қандай мезгіл дедік?

Балалар: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: 3 ай бар. ( Желтоқсан, қаңтар, ақпан)

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

Балалар: Күн салқын, аяз болады.Бас киім, қолғап, аяғымызға етік киеміз.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар,бәрін біледі екенсіңдер.

Балалар сендер ертегі білесіңдер ме?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Қандай ертегі білесіңдер?

Балалар: «Бауырсақ», «Маша мен аю» ,«Мақтақыз бен мысық», «Мақтаншақ қоян» т.б

Тәрбиеші : Балалар, сендер көп ертегі біледі екенсіңдер. Олай болса, бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Шалқан » .

Мұқият тыңдайсыңдар ма?

Балалар: Ия, апай, тыңдаймыз.


«Шалқан»

Тәрбиеші : Ерте, ерте, ертеде бір әже мен ата баянды өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп,күз айында бақшаның жемісін жинап жүріп,шалқанды көреді. Шалқан үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.

Ата: Ой бәрекелді,менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды,- деп шалқанды тарта бастайды. Тартып-тартып шалқанды тарта алмайды.Сөйтіп, көмекке өзінің кемпірін шақырады.Кемпір-кемпір, маған көмекке келші. Қарашы, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сен маған көмектесші депті.

Кемпір: Ой, шынында да үлкен болып өсіпті ғой, кел, тартсақ тартайық.


Тәрбиеші : Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта алмайды.

Тәрбиеші : Кемпір көмекке немере қызын шақырады.


Кемпір: Қызым-қызым, бізге көмекке келші.Атаң екеуіміз шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз: Жарайды әже, көмектесейін.


Тәрбиеші : Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет-ретімен тартады.Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады.


Қыз: Ақтөс-ақтөс ,сен бізге көмектесіп жіберші, біз шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Ит: Аф-аф-аф, көмектес десеңдер көмектесейін.


Тәрбиеші : Ит қыздың етегінен, қыз кемпірден,кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады,бірақ шалқанды суыра алмайды.

Енді ит көмекке мысықты шақырады.


Ит: Мысық-мысық, бізге көмекке келші. Біз шалқанды жұла алмай жатырмыз.


Мысық: Мяу-мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.


Тәрбиеші : Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, қыз кемпірден,кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады,бірақ шалқанды суыра алмайды.

Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

Мысық: Тышқан-тышқан, бізге көмектесіп жіберші.


Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.


Тәрбиеші : Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен , ит қыздың етегінен, қыз кемпірден,кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартып, бері тартып,ақыры шалқанды суырып шығарады.


Тәрбиеші : Міне балалар, осындай қызықты ертегіні тамашаладық

Тәрбиеші : балалар, тышқан бәріненде мықты ма екен?

Балалар: Иә апай, тышқан тісімен тартып еді, шалқанды жерден суырып алды.

Тәрбиеші : Балалар мен сендерге сұрақ қоямын.

1. Мына суретте қай ертегі бейнеленген?

Балалар: «Шалқан» ертегісі

2. Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Балалар:

Ата, әже, қыз, ит,мысық, тышқан

3.Ертегідегі шалқанды кім екті?

Балалар: Ата

4.Немересі көмекке нені шақырды?

Балалар: Ит

5.Шалқан ертегісіндегі ең соңғы көмекке келген кім?

Балалар: Тышқан

Тәрбиеші : Шалқанның түсі қандай?

Балалар: Қызғылт сары.

Тәрбиеші : Қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Балалар: Домалақ.

Тәрбиеші: Шалқан қандай қандай болып өсті?

Балалар: Үлкен

Тәрбиеші : Балалар ,ит үлкен бе,әлде тышқан үлкен бе?

Балалар: Ит.

Тәрбиеші : Бұл ертегіде неше ит және неше мысық бар?

Балалар: Бір-бірден.

Балалар мен енді сендерге жұмбақ жасырайын.

Бұл жұмбақтың шешуі шалқан ертегісінің бір кейіпкері екен.

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті қолын жуады. (Мысық)

Тәрбиеші : Балалар есігімізді біреу қағып тұрған сияқты.Қане, құлағымызды түріп тыңдайықшы.

Есікті тырс-тырс қағып ата мен әже қонаққа келеді.

Ата мен әже: Ой балаларым, амансыңдар ма шырақтарым.

Балалар: Сәлеметсіздер ме ата мен әже.

Тәрбиеші : Ата , әже келіңіздер, отырыңыздар. Атамыз бен әжеміз бақшасын суарып шаршап келген болар.(отырғышқа отырғызады)

Ата, әже біздің бақшамызға қош келдіңіздер. Біздің бақшамыздың балалары еңбек сүйгіш балалар.

Балалар: Иә ата, жазда сыртқа гүл егіп, су құйып, гүл өсіреміз. Бақшамыздың алдын әдемілеп қоямыз.

Ата: Өздері шынында да еңбекқор балалар екен.

Тәрбиеші : Балалар, шаршаған боларсыңдар. Ендеше орнымыздан тұрып, саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

Сергіту сәті

Бас бармағым, атам менің,

Балаң үйрек, әжем менің.

Ортан терек, әкем менің,

Шылдыр шүмек ,анам менің,

Кішкентай бөбек – мен


Ата: Кішкентай бүлдіршін немерелерім менің, шалқан ертегісін кім сахналап береді екен?

Балалар әр кейіпкерлерге рөлдерге бөлініп, « Шалқан» ертегісін сахналау.

Шал- Нұркен

Кемпір-Инабат

Қыз-Айша

Ит-Ержан

Мысық-Ерсұлтан

Тышқан-Наргиза


Тәрбиеші: Еңбек туралы кім қандай мақал-мәтел біледі екен?

Ақылбек: Еңбек етсең-емерсің,

Ерінбесең- жеңерсің.


Рамазан: Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


Кім осы ертегінің кейіпкерлеріне байланысты тақпақтар біледі?

Алина: Мен әжемді сүйемін,

Киімді өзім киемін.

Ақылына көнемін,

Өлең айтып беремін.


Сырым: Айтады ертек жан атам,

Ақ сақалын салалап.

Құмарымды таратады,

Жер мен көкті аралап.



Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар бүгін қандай ертегіменн таныстық?

Балалар: «Шалқан» ертегісімен

Тәрбиеші: Ендеше осы шалқан ертегісінің кейіпкерлерін рет-ретімен кім айтып береді.

Балалар: Ата,әже,қыз,ит,мысық,тышқан.

Дұрыс балалар, ертегінің мазмұнын жақсы тыңдағанн екенсіңдер,кейіпкерлерді рет-ретімен дұрыс айтып бердіңдер.

Тәрбиеші: Шалқан еккен кезде шалқан қандай болады?

Балалар: Кішкентай

Тәрбиеші: Шалқан не арқылы өсті?

Балалар: Күту арқылы, күннің жылуы арқылы.

Тәрбиеші: Шалқан қандай болып өсті?

Балалар: Үлкен.

Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегілер еліндегі саяхат ұнады ма? Олай болса , бізге ғажайып ертергілер елі сендер ертегіні жақсы ойнап шыққандарың үшін бақшаға сендерге сыйлыққа сиқырлы дәндерін қалдырып кетіпті. Қане, ыдысымызға дән алып отырғызып,тобымызға өсіріп баптауға алып кетейік.

Топта терезенің алдына жылы жерге қойып, су құйып өсіреміз.Кішкентай дән егеміз, соданкөшет яғни сабақ өсіп шығады.Оны далаға бақшаға егеміз. Оны жаздай қарап,шөбін жұлып суарып, күтіп баптаймыз. Күзде осындай үлкен шалқан өсіп шығады.

Бау- бақшамыздың жемістері көп болсын дей отыра «Ертегілер еліндегі» орыс халқының «Шалқан» ертегісі атты ашық сабақ аяқталды.





















«Ертегілер еліндегі шалқан»


«Балауса» тобы

Тәрбиеші: Бекенова Б.С






















2015 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
764
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі