"Ертегілер еліне саяхат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ертегілер еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. Мақсаты: Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ертегілерді рөлдерге бөліп ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру, өз бетінше ойлап, əр кейіпкердің өзіндік ерекшелігін ажыратуға үйрету, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, достыққа, адал болуға, мейірімділікке баулу. Əдіс-тəсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сахналау, ойын. Сөздік жұмыс: аңқау, қу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ертегілерді рөлдерге бөліп ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру, өз бетінше ойлап, əр кейіпкердің өзіндік ерекшелігін ажыратуға үйрету, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, достыққа, адал болуға, мейірімділікке баулу.

Əдіс-тəсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сахналау, ойын.

Сөздік жұмыс: аңқау, қу.

Көрнекіліктер: ертегілердің суреттері, слайд «Шалқан» ертегісі, доп, ертегіге

керекті заттар.

Барысы: Балалар қонақтармен сəлемдесіп, шаттық шеңберін құрады.

Алақанды ашайық,

Күнге қолды созайық.

Жүрекке жылу салайық,

Жүректегі жылуды

Қонақтарға сыйлайық.

- Балалар, бүгінгі тіл дамыту оқу іс - əрекетінде ертегілер еліне қонаққа барамыз. Ертегілер еліне бармас бұрын білетін ертегілерімізді еске түсірейік. Дидактикалық ойын «Ертегіні ата».

Ойынның шарты: Қазір шеңбер болып тұрамыз. Мына допты бір – бірімізге беріп, əрқайсысымыз бір ертегіден атаймыз.

- Балалар, сендер көп ертегі біледі екенсіңдер, жарайсыңдар! Ал енді ертегілер еліне пойызбен барамыз. Пойыз болып жүріп, ертегілер еліне бару. Тышқан келіп, балалармен сəлемдеседі:

- Сəлеметсіңдер ме, балалар! Ертегілер еліне қош келдіңдер!

- Сəлеметсің бе, тышқан. Балалар, тышқан қай ертегілерде кездеседі?

- «Шұбар тауық», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Шалқан» ертегілерінде тышқан кездеседі.

Тышқан: Балалар, сендер маған «Шалқан» ертегісін айтып беріңдерші.

«Шалқан» ертегісін слайд арқылы балалар айтып береді.

- Балалар, «Шалқан» ертегісін сендер жақсылап айтып бердіңдер, жарайсыңдар! Енді тышқанға тақпақ айтып берейік.

Димаш: Тышқан қашты мысықтан,

Қатты-қатты жүгірді,

Тышқан, тышқан, тышқандар,

Сақ болыңдар мысықтан.

- Енді балалар тұрып, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сəті: Аяқпенен топ-топ-топ, Бір оңға,бір солға,

Алақанмен хлоп-хлоп-хлоп. Ойнайықшы, кел мұнда.

Бір оңға, бір солға, Секіреміз жоғары,

Айналайық кел мұнда. Қиын емес секіру.

Қолымызды бір сілтеп, Бір оңға, бір солға,

Басымызды шайқайық. Секірейік,кел мұнда!

Қоян келіп, сəлемдеседі: Сəлеметсіңдер ме, балалар! Ертегілер еліне қош келдіңдер!

- Сəлеметсіңдер ме, балалар. Балалар сендер ойын ойнағыларың келеді ме? Жүріңдер, «Ертегілерді құрастыр» дидактикалық ойынын ойнайық.

Ойынның шарты: төртке бөлінген ертегі бейнеленген суретті құрастыру. Қай ертегі екенін айту, кейіпкер не істеп жатқанын айтып беру.

Ойынды ойнау.

Ахметжан: Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

- Балалар, ойынды өте жақсы ойнадыңдар, жарайсыңдар!

Мияулап, мысық келіп, балалармен сəлемдеседі. Мысыққа арнап тақпақ айтайық.

Нұрсұлтан: Пеш үстінде мысық отыр,

Екі көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі келіп,

Тісі оның қышып отыр.

- Ал енді мысық қай ертегілерде кездесетінін маған айтыңдаршы?

- «Шалқан», «Мақтақыз бен мысық» ертегілерінде мысық кездеседі.

- Дұрыс, онда барлығымыз тұрып, «Мақтақыз бен мысық» ертегісін рөлдерге бөліп, сахналайық. (ертегіні сахналау)

- Балалар, «Мақтақыз бен мысық» ертегісін жақсы сахналадыңдар.

Қорытынды: Балалар, бүгінгі оқу іс-əрекетінде біз қайда келдік?

Бізді қандай кейіпкерлер қарсы алды?

Қандай ертегілерді еске түсірдік?

Қандай ойындар ойнадық? Балаларды мадақтау.

Балалар, қоян, тышқан, мысықты өзімізбен бірге алып кетейік. Бізде қонақта болып қайтсын. Бəріміз пойызға мініп, топқа қайтайық.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2019
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі