400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Топ: Даярлық сынып

Күні:

Тәрбиеші: Аманбек Нуржан

Білім беру салалары: «Коммуникация»

Бөлімдері: «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың әдібиетке деген қызығушылығын өнер ретінде арттыру, сауатты оқушыларды тәрбиелеу. Фольклор және көркем әдебиет шығармаларының мазмұнын меңгеру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту, шығармадағы образдардың іс-қимылдарын талдауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: балалардың әдеби фрагметтері арқылы, көрнекіліктер арқылы, кілт сөздері арқылы ертегілерді тануға үйрету. Эмоционалды қайырымдылық сезімдерін қалыптастыру. Балалардың сөйлеу барысында ертегінің атауын, ертегілердегі геройлардың аттарын белсенді түрде қолдану.

Дамытушылық: балалардың бастамашылдығын, сөйлеу мәнерін сонымен қатар қиялын, назарын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ертегілерге деген қызығушылығын және сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен жабдықтар: видеопроектор, тұсаукесер жазылған флешкарта, карта (жазба, екі түрлі сурет – пазл, доп, балалар санымен кітаптар)

Қызмет кезеңдері

Мұғалімінің қызметі


Балалардың қызметі

Мотивациялық - қозғаушылық










Көңілді музыка ойнайды.

Қол алысып, қане, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге,

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру.

Қандай жақсы дос болу!!!


Балалар, қараңдаршы сендердің жымиған күлкілерінен залдың іші жарқырап қалғандай.

Балалар, сендер ойнауға дайынсыңдар ма?

Мен сендерге орындықтарына жайғасуларыңды сұраймын.

Әлемде бар ертегілер көп дейді,

Сүйеді әр балақай ертегіні,

Ерте, ерте, ертеде деп басталады,

Біздің де бүгінгі ертегіміз

Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Тамаша!!!



Балалар көңілді музыкамен залға кіреді, қонақтармен амандасып қол алысып шеңберге тұрады.





  • Иә

Балалар орындықтарына отырады.




Иә, жақсы көреміз!!!

Ұйымдастыру- іздестіру




Ертегіге сенген балақайларға әрқашан өмір жолы ашық.

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде баяғыда бір үлкен Ертегілер елі болыпты.

  • Ертегілер саяхатына барғыларың келеді ме? Ол ертегілер еліне қалай ғана жетер екенбіз?

  • Жақсы, балалар, бірақ бүгін мен сендерге ертегілер еліне сиқырлы карта арқылы барғанымызды қалаймын. (картаны ашып қарайды, бірақ бұл карта емес таза парақ)

  • Мынау не? Балалар, қараңдаршы, мына жерде бірдене көріп тұрсыңдар ма, мында ештене жоқ қой. Нұрай, қарашы, мына жерде бірдене көріп тұрсың ба? Түсінсем болмас. Бізбен ойнап тұрған кім? Енді не істейміз?

  • Қараңдаршы мен бір жазба тауып алдым. Қазір білеміз бізбен кім ойнап тұрғанын. «Сендердің сиқырлы карталарыңды ұрлап алған мен, сиқырлы карталарыңды ешқашан көрмейсіңдер. Менің сиқырлы кітабым бар, бұл кітапта сендерге арналған қиын тапсырмалар бар. Егер сендер тапсырмалардың барлығын орындап берсеңдер, онда мен сендерге Ертегілер еліне баруға көмектесемін. Мыстан кемпір»


  • Балалар, енді қайтеміз? Мыстан кемпірдің тапсырмаларың орындаймыз ба? Қиындықтардан қашпаймыз ғой?! Онда кеттік!!!

(№1 слайд)

(№2 слайд)

  • Балалар, сендер экраннан не көріп тұрсыңдар?

  • Қандай кітап?

  • Кітаптың парақтары көп пе?

  • Парақтары көп болса, тапсырмалары да көп дегені. Сендер тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Жақсы! Ертегілер еліне жол бастаймыз.


(3 слайд)

Садақтың оғы ұшып барып батпаққа түсті,

Батпақта садақты біреу ұстап алыпты,

Үстін жасыл басқан біреу,

Сұлуға айналды дереу.

(4 слайд)

Шөлдеп келдім, шөл қанбай,

Ішсем судан лас болған,

Өте дәмді су екен,

Тұяқ ізі салынған.

(№5 слайд)

Есік ашып лақтары, кіргізді зұлым қасқырды.

(№6 слайд)

Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым,...

(№7 слайд)

Тышқан Арыстанға өтінді, мені жіберсең саған бір пайдам тиеді....

(№8 слайд)

Мысық ағашқа келді, жапырақ сурап...


(9 слайд) – 2 тапсырма: «Ертегілердің атың тауып көр?»

-Сендер көрнекіліктерге қарап ертегілердің атауын тауып көріңдер? Ертегілер: «Достар, атауымызды тауып көр?!»

10 слайд

«Қызыл телпек»

11 слайд

«Буратиноның басынан кешкендері»



12 слайд

«Үш аю»

13 слайд

«Түлкі мен тауық»

14 слайд

«Қасқыр мен лақ»

15 слайд

«Арыстан мен түлкі»

16 слайд – 3 тапсырма «Тауып көр»

17 слайд


  1. Бауырсақ қандай ән айтты?

  2. Ешкі өзінің лақтарына қандай ән айтты?

  3. Себеттің ішінде отырған Маша аюға қандай ән атты?

  4. Тауық ата мен әжеге қандай жұмыртқа бері?

  5. «Теремок» ертегісінде аңдар үйге кірмес бұрын не сұрады?

  6. Мысық Мақта қызға не әкеліп береді?

№ 18 слайд – 4тапсырма: «Суретші ертегіде нені шатастырды?»

№ 19 слайд

Қарт бауырсақты ұстап алды

№ 20 слайд

Буратино және алтын жұмыртқа

№ 21 слайд

Ешікі және 7 балапан

№ 22 слайд

Сергіту сәті «Мыстан кемпір»

№ 24 слайд – Мыстан кемпір

Қалың орманда бір үй бар,

Алды артымен тұрған үй бар,

Сол үйде бір кемпір

Мыстан кемпір үйде бар


Мыстан кемпір туралы тақпақ

Сығырайған көзі көрінбей,

Томар – томар былшықтан.

Отырса бойы аспайды,

Қолындағы сыпыртқыдан.

№ 25 слайд – 5 тапсырма: «Ертегідегі жаз»

Балаларға қиылған суреттер пазлдар беріледі: 2 топқа бөлінеді, суретті жинап ертегінің атың атау.


Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар!


№ 26 слайд – 6 тапсырма. «Бұл зат қай ертегілік кейіпкердің заты?»

№ 27 слайд – алтын кілт;

№ 28 слайд – Буратино;

№ 29 слайд – қызыл түсті телпек;

№ 30 слайд – Қызыл телпек

№ 31 слайд – алтын жұмыртқа;

№ 32 слайд – тауық Ряба;


№ 33 слайд – 7 тапсырма; доппен ойын жаттығуы «Ертегі кейіпкерлерінің атауын толықтыр»


  • Бұл тапсырманы орындау үшін, балалар, қане шеңберге тұрайық! Ертегі кейіпкерлердің екі атаулары мен есімдері бар. Қазір допты бір бірімізге беріп атауларын толықтырамыз. Мен бірінші сөзді атаймын, Мысалы: 7, ал келесісін сендер атайсыңдар- лақ. Және т б.

№ 34 слайд Сиқырлы сөзді айту керек!!!

Ахалай, махалай, бумс!!!



№ 35 слайд – сиқырлы кітап


№ 36 слайд – ертегілер елі



Балалар тыңдайды.



Балалар өз ойларын айтады.







Балалар қарайды, таза парақты көреді.





Қызыға тыңдайды.













  • Орындаймыз.







  • Кітап

Балалар жауап береді.

  • Көп



  • Иә










  • Бақа – ханшайымы





  • Әпкесі Аленушка және інісі Иванушка


  • Жеті лақ пен қасқыр



  • -бауырсақ



  • Арыстан мен тышқан


  • Мақта қыз бен мысық .












  • Қызыл телпек



  • Буратиноның басынан кешкендері


  • Үш аю


  • Түлкі мен тауық


  • Арыстан мен түлкі










Балалардың жауабы.















  • Қарт алтын балықты ұстап алды

  • Буратино мен алтын кілт



  • Ешкі мен жеті лақ.







Бір орында адымдайды. Бұрылады.





Балалар сурет-пазлдарды жинайды.











  • Буратино

  • Қызыл телпекке

  • Тауық Ряба









Балалар тапсырманы орындайды.







Балалар хормен сиқырлы сөзді қайталайды.

Рефлексивті - түзетушілік


  • Біздің саяхатымыз мәресіне жетті. Есімізге түсірейікші ертегілерде саяхаттап жүргенде қандай тапсырмаларды орындадық, қандай ойындар ойнадық?

  • Не нәрсе қызықты болып, естен кетпестей есімізде қалып қойды?

№ 36 слайд

  • Жарайсыңдар, балалар! Маған сендермен саяхаттаған өте ұнады. Ал сендердің саяхат кезінде тапсырмаларды орындап тырысқандарын үшін Ертегі елі ертегілерімен сандықты сыйға тартады.

Ертегілер елі сендер жүріп өткен ертегі кейіпкерлерінің суреттері бар кітапты ұсынады.

Көңілді музыкамен балалар залдан шығады.

Балалардың жауабы





Балалардың өз ойын айтуы



Балалар қуанып сыйлықтарын алады.







Қоштасып, топтарына қайтады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қазақ және орыс халық ертегілерін біледі, ертегілердің атауын, және ертегі кейіпкерлерінің атауын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: ертегілерге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артты, қиялы, елестеу қабілеті, есте сақтау қабілеті игерілді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ертегілерді кілт сөздері арқылы, көрнекіліктер арқылы тани біледі.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
2268
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі