400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ертегіні баяндау. Дауысын ырғағын келтіріп рөлдерде ойнауға балаларды бейімдеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бауырсақ ертегісі.

Мақсаты: Ертегіні баяндау. Дауысын ырғағын келтіріп рөлдерде ойнауға балаларды бейімдеу.

Тәрбиеші: Ерте де бір атаймен әжей болыпты.

Атай: Кемпір – ау қарным ашты бауырсақ пісіріп берші.

Әжей: Үйде ұн жоқ немен пісіремін.

Атай: Қаптың түбінде қалған ұннан пісіріп берші дейді.

Әжей: Жақсы пісіріп берейін.

Тәрбиеші: Сөйтіп әжей қаптың түбінде қалған ұннан бауырсақ пісіріп, суысын деп терезе алдына қойса, бауырсақ жолға түсіп домалап кетеді. Домалап келе жатып қоянды көреді.

Қоян: Бауырсақ – бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жоқ жеме мен саған өлең айтып беремін.

Қоян: Ал айта ғой.

Бауырсақ: Әжем қойма тырнаған

Қос уыс ұнын жинаған

Мен бауырсақпын зырлаған

Атадан құтылдым

Әжейден құтылдым

Қоян сенен құтылу, қиын емес ол маған.

Тәрбиеші: Сөйтіп бауырсақ қояннан құтылып ары қарай жолға түсіп домалап кете берді. Жолда қасқырды көреді.


Қасқыр: Бауырсақ – бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жоқ жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Қасқыр: Ал айта ғой.

Бауырсақ: Әжем қойма тырнаған

Қос уыс ұнын жинаған

Мен бауырсақпын зырлаған

Атадан құтылдым

Әжейден құтылдым

Енді қасқырдан құтылу, қиын емес ол маған.

Тәрбиеші: Бауырсақ осылай деп жолға түсті ары қарай домалай жөнелді. Домалап келе жатып, аюды көреді.

Аю: Бауырсақ – бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ : Жоқ - жоқ жеме мен саған өлең айтып беремін.

Аю: Ал айта ғой.

Бауырсақ: Әжей қойма тырнаған

Қос уыс ұнынын жинаған

Пісіріп маймен шылаған

Мен бауырсақпын зулаған

Қояннанда құтылдым

Атай – әжейден құтылдым

Қасқырдан да құтылдым

Аю сенен құтылу қиын емес, ол маған.

Тәрбиеші: Сөйтіп бауырсақ жолға түсіп ары қарай домалай берді. Домалап келе жатып қу түлкіні көреді.

Түлкі: Бауырсақ достым қайдан келесің.

Бауырсақ: Мен өлең айтып беремін, мені жемей – ақ қой.

Түлкі: Ал айта ғой.

Бауырсақ: Әжей қойма тырнаған

Қос уыс ұнынын жинаған

Пісіріп маймен шылаған

Мен бауырсақпын зулаған

Қояннанда құтылдым

Атай – әжейден құтылдым

Қасқыр менен аюдан да құтылдым

Түлкі сенен құтылу қиын емес, ол маған.

Түлкі: Бауырсақ құлағым естімейді, тұмсығыма келіп айтшы.

Тәрбиеші: Сөйтіп бауырсақ тұмсығынын үстіне шығып айта бергенде аһ деп жеп қояды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі