Материалдар / Ертегілер еліне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
бала бақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2019
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Коммуникация.Бөлімі: Сөйлеуді дамытуТақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. 2ші сәбилер тобыМақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп жақсы көңіл күй сыйлау.Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып,тақпақтар,жұмбақтар ертегілер арқылы тілін дамыту.Үстел үсті және шарлар театыры арқылы сөздік қорын молайтып,диалогты сқйлеу мәдиенетін әрі қарай дамыту.Логикалық ойлауын жетілдіріп,адамгершілік тірбиесіне баулу.Билингвиалды компонент: қыс-зима,ертегі –сказкаБарысы: Балаларды шеңберге тұрғызу. Шаттық шеңбері: Үлкен шеңбер құрайық,Алақанды ұрайық Күлімдесін күндеКүлімдейік біздеАлақанды ашайықКүннің нұрын салайықЖүрек жылуын салайықЕнді бәрін қонақтарға сыйлайық. Жұмбақ:Аяз қысып,өрнек сызып,Терезені торлайды Қарға омбығып,бет домбығыпСырғанап балалар ойнайдыАйтыңдаршы бөбектерім,Бұл қай мезгілде болады ? Балалар қыс мезгілінде.Сұрақ-жауап:Тәрбиеші: Дұрыс, балалар.Ал қазір жылдың қай мезгілі? Балалар:Қазір қыс мезгілі. Т: Қыс деген сөзді екі тілде айтып корейік. Қыс-эима Т:Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.Б: Қыста суық болады,аяз болады,қар жауады,боран болады және т.б Қыс мезгілінде неше ай бар ? Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. Желтоқсан,қаңтар,ақпан Т:Қазір қандай ай?Балалар: қазір ақпан айы.Т: Қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдерме? Тақпақ: Қыс айлары көңілді, Ақ қар жапты өңірді. Үйренеміз жалықпай, Коньки,шаңғы тебуді. ( балалар бірге айтады)Т:Жарайсыңдар,өте ақылды екенсіңдер (Тәрбиеші есік қасында хатқа назар аударады)Т: Балалар, қараңдаршы бізге біреу хат әкелген.Кәне,ашып оқиық.Кімнен екен?Хатты ашып оқиды.Сәлеметсізбе Мен Машамын.Мен туралы мультфилимдерден естіген боларсыңдар. Мен,қысқы орманға серуендеп барғанмын.Ал мені Қыс ханшайымы ұстап өзінің қарлы үйіне қамап қойды.Мында өте салқын.Үйіме барғым келеді. Атам мен әжемді сағындым.Мені құтқарыңдаршы !!! Т: Машаны құтқарамызба ? Қысқы орманға барамызба? Ертегілер еліне енемізбе? Балалар: Ия!!! Т: Балалар,ертегі сөзін екі тілде айтып көрейікші:ертегі-сказка. Жарайсыңдар!

Т: Енді бәріміз автобуспен қысқы орманға барамызәне, кеттік

(«Ертегілер» ән қосылып, безендірілген қысқы орман алаңқайындағы орындықтарға барып отырады) Т: Балалар, міне бізде қысқы орманға келіп қалдық. Қысқы орман әдемі ме? Балалар: Ия! (Осы кезде Қыс ханшайымы алаңқайға келеді) Қыс ханшайымы( ашулы дауыспен айтады):Кім менің қарлы патшалығыма келген ?Т: Балалар, кәне,Қыс ханшайымымен амандасайық. Балалар: Сәлеметсізбе! Қыс ханшайымы: Амансыңдарма! Менің патшалығыма қайдан келдіңдер? Не істеп жүрсіңдер? Т: Қыс ханшайымы,біз Машаны іздеп жүрміз.Қыс ханшайымы: Ха ха ха ! Жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен.Мен оны үйіме Кілтеп қойдым.Енді ол менің үйімді жинап,маған қардан тағамдар пісіреді. Т: Балалар,орманда немесе көшеде жалғыз серуендеп немесе ойнап жүруге бола ма? Б: жоқ. Т. Қыс ханшайымы, Машаны кешірші,оны жіберші,ол кішкентай қыз ғой. Атасы мен әжесі сағынып жатқан болар. Қыс ханшайымы: Ммм, егер сендер менің тапсырмамды орындай алсаңдар,жіберемін. Т: Балалар,тапсырманы орындаймыз ба Б: Ия Бірінші тапсырма: «Жұмбақтар жасыру» Аяна: Суда мұз бар,Жерде қар бар.Боран боп соғады,Бұл қай мезгілде болады?(Қыс) Жалт-жұлт етеді, Ұстасаң еріп кетеді.(Қар) Жібек: Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тонады.(Қар) Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады.(Аяз) (Жұмбақтардың жауабын тапөан сайын,слайдта сызықтармен жабық Тұрған шалқанның суреті ашылады) Т: Балалар, ненің суреті шықты? Б: шалқанның. Қыс ханшайымы: Дұрыс,ендеше келесі екінші тапсырма «Шалқан» ертегісін сомдау. Т: Балалар шалқан ертегісін үстел үсті театыры арқылы сомдаймыз.Кәне, еріктерімен айтыңдар, қай кейіпкерді сомдайсыз.(автор,ата,әже,немере қыз,күшік,мысық,тышқан) Т: Жарйсыңдар балалар! Ертегіні өте жаөсы сомдадыңдар. Балалар , қазір сергіп алайық. Орнымыздан тұрайық. Сергіту сәті: Боран соғады оң жақтан, Боран соғады сол жақтан, Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолғаптан. Қыс ханшайымы: тапсырма: Жарайсыңдар,ал сендер ертегілерді бідһлесіңдерме? Балалар: Ия! Үшінші тапсырма: «Ертегінің атын тап?» Слайдта кқрсетілген ертегі суретіне қарап,қай ертегі екенін айту.Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар! Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер,рахмет! Т: Төртінші тапсырма мына жұмбақты шешкенде белгілі болады: Қашып кеткен атадан, Қашып кеткен әжеден. Орманда кеше жүр еді, Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ) Төртінші тапсырма: «Бауырсақ» ертегісін шарлар арқылы сомдау. (Шарға кейіпкерлердің суреті жапсырылады,балалар қолдарына ұстап ойын түрінде сомдайды) Ата,Әже,Бауырсақ,Қоян,Аю,Түлкі.Т: Керемет,балалар,өте жақсы сомдадыңдар!Енді бесінші тапсырмаға назар аударайық. Жеке жұмыс. Бесінші тапсырма: «Лақтарға дұрыс жол тап»(«Жет лақ» ертегісі бойынша). Шарты: Лақтарды анасына апаратын жолдың үстінен сызып бастыр.Егер жолдан қателессең лақтар қасқырға барып, қасқыр лақтарды жеп қояды.(Балалар үстел жанына барып сызады.Бір бала тақтаға келіп көрсетіп,сызады) Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар.Тапсырманың бәрін жақсы орындадыңдар.Ендеше мен Машаны жіберейін. (Есіктің арғы жағынан Машаны лестіріп келеді)Маша: Рахмет,сендерге балалар! Сендер көмектеспегенде не істер едім.Тонып,қамауда жүрер едім.Қыс ханшайымы,сізге де рахмет.Мен енді үйімнің қасынан ешқайда кетпеймің.Балалар, сендер орманға,көшеге жалғыз ойнап бармаңдар,жарайма!«Бауырсақ» ертегісін сомдау.Т:Балалар, «Бауырсақ» ертегісін сомдау Т: Балалар ертегіні сомдайды.Т: Жарайсыңдар,балалар. Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар балалалар. Тапсырманы жақсы орындадыңдар.Ендеше мен Машаны жіберейін. (Есіктің арғы жағынан Машаны лестіріп келеді) Маша: Рахмет: сендерге балалар . Сендер көмектеспегенде не істер едім.Тонып ,қамауда жүрер едім.Қыс ханшайымы, сізгеде де рахмет.Мен енді үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін.Балалар, сендердер де орманға,көшеге жалғыз ойнап бармаңдар,жарайма.Балалар енді автобусымызға отырып балабақшамызға қайтайық, Қорытындылау: Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнадыма.Біз автобуспен қайда бардық? Қыс ханшайымы Машаны жіберді ме.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!