400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық муғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: «Ертегілер еліне саяхат»

(сахналау)


Мектеп / МҰ: 41

Күні: 25 04 2020ж

Педагогтің аты-жөні: Мухаметжанова Ж С

Сынып/ топ: 0 «Б»

Қатысқандар саны:

саны: 21

Қатыспағандар саны:

0

Сабақтың оқу мақсаттары

0.1.1.2 Ертегінің мазмұнын білу.

0.2.1.2 Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін ажырату, адамгершілік қасиеттерін сипаттау.


Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Ертегінің мазмұнын айтады.Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін ажыратады,адамгершілік қасиеттерін сипаттай алады.


Көпшілік тәрбиеленушілер: Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін ажыратып, рөлге бөліп ойнай алады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Ертедегі кейіпкерлерге сипаттама бере алады. Әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасайды.


Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілердің дағдыларының дамуы:

сөздерді анық айтуға үйренеді; сөздік қорын молайтады, өз ойын еркін жеткізеді, толық жауап береді.

Үштілділік:

ертегі – сказка – fairy-tale

көңілді – веселый – merry

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сахналау, ертегі, Алдаркөсе.

Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

2-5 минут

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбер:

(Ұ) Педагог тәрбиеленушілермен амандасып, жақсы ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру үшін шаттық шеңберіне шақырады.

Бір-бірімен жер аспан

Мейіріммен жарасқан

Ұстаз шәкірт жарасып

Мейіріммен қарасқан

Қош келіпсіздер қонақтар!


-Ал, қанекей балалар өз орнымызға отырамыз.

- Ал балалар бүгін бізге ертегілер елінен хат келіпті. Балалар қане біз әр топтан бір баланы шақырайық.

Балаларға хаттың ішін ашқызызайық. Әр топқа пазл беріледі. Әр топ сол пазлды құрау керек. Құрап болған топ құраған жұмысын көрсетеді. Құраған пазлдан әр топтың аты шығады.

  1. Топ Ертөстік

  2. Алдаркөсе

  3. Мақта қыз


-Балалар үш топқа бөлініп отырады.







































Сабақтың ортасы 6-22мин

-Балалар міне сендер ертегілермен таныстыңдар.

Балалар Ертөстік деген ертегі қиял-ғажайып ертегісі. Ертөстік деп қойған себебі, анасы құрсақ көтергенде төс жеген екен содан Ертөстік деп атаған екен. Ол ерекше бала болыпты. Ертөстік ай сайын өсіпті.

Балалар Алдаркөсе өте айлакер қу болыпты. Ол жақсы адамдарға көмектесіп жаман адамдарға көмектесіпті.

Мақта қыз өте ақылды оның жалғыз мысығы бар екен.

Балалар сендерге ертегі ұнадыма ?

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма: Суреттен Алдаркөсені көрсет. Ол неге Алдаркөсе аталды деп ойлайсың? Алдаркөсе қандай кейіпкер?

Тәрбиеленушілер ертегі көріністерінен Алдаркөсені тауып, оның ерекшеліктерін атайды.

(ПК) 2-тапсырма: Алдаркөсенің жақсы көретін әнін бірге айтуды ұсынады.



Алдаркөсенің әнін қатты, ақырын дауыспен айту.

Мен Алдармын, Алдармын,

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұрт та жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сусыз жерде өсемін,

Сондықтан да көсемін.



















Әліппе-дәптер







Балалар хормен орындайды.


Үштілділік:

ертегі – сказка – fairy-tale көңілді – веселый – merry

  • Алдаркөсе туралы тағы қандай ертегіні білесің?

(Ұ) 3-тапсырма: Суреттегі ертегі желісі бойынша досыңмен диалог құр.

Тәрбиеленушілер «Алдаркөсе мен бай» ертегісін тыңдайды Алдаркөсе қандай адам? ( Көңілді. ) – Бай қандай? ( Ақшақұмар, сараң. ) Тәрбиеленушілер «Алдаркөсе мен бай» ертегісінен көрініс қояды.

Сергіту сәті:

«Көңілді күн»

Автор: Қыстың бір қақаған күнінде Алдар жаурап тұрған байға кезігеді.

Алдар: О, байеке, мына қалың, әдемі шапаннан қалай ғана жаурап тұрсың?

Бай: Е, сен мына жыртық шапаннан қақаған, ызғарлы қыстың күнінде қалай ғана жаурамай тұрсың?

Алдар: О, байеке, менің мына шапаным жай шапан емес, сиқырлы. Суық мына жыртықтан кірсе, мына жағынан шығып кетеді, жылу мына шапанда қалады.

Бай: Олай болса, кел, екеуміз шапанымызды айырбастайық.

Алдар: Сенен немді аяйын, кел, айырбастайық.

Автор: Сөйтіп, Алдар байдың жылы шапанын алдап киіп кетеді.

Бай: Мына сиқырлы шапанның еш жылуы жоқ қой. Қап, мына қу Алдар мені тағы да алдап кетті-ау.

Қане балалар ендеше мен үш топқа тапсырма берейін.

Дескриптор:

  • Балалар Алдаркөсе мен бай ертегісін сомдап шыға алады.

ҚБ: «Бас-бармақ» арқылы бағала у.

  1. Топ Алдаркөсені суретін боясын

  2. Топ Байдың суретін боясын

  3. Топ Адасқан әріптен сөз құрау керек.

Дескриптор:

  • Балалар ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді.

  • Адасқан әріптерден кейіпкерлерді атын таба алады.

ҚБ: «От шашу» бағалау


Әліппе-дәптер





Балалар көрініс қояды.























Суреттер

Адасқан әріптер

Рефлексия.

3 минут

(Ө, Ж) Тәрбиеленушілерден сабақта өзінің жұмысына баға беруін сұраңыз.

Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.


Әліппе-дәптер, түрлі түсті

қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі