Материалдар / "Ертегілер еліне саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ертегілер еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
1) Балалардың бойна ертегілер тарихына деген, қазақ ертегілеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2021
322
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: "Шығармашылық", "Коммуникация", "Әлеумет", "Денсаулық", "Таным"

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат"

Мақсаты: 

1) Балалардың бойна ертегілер тарихына деген, қазақ ертегілеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

2) Ертегі кейіпкерлері арқылы жақсы мен жаманды ажыратуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлап, достарына көмек көрсетуге дайын болуға тәрбиелеу.

3) Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айта білуге, қысқаша әңгіме құрап айтуға, диалогты сөйлесе білуге, сұрақтарға толық жауап беруге, ертегі кейіпкерлері арқылы ертегі тақырыбын атауға баулу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, жұмбақ шешу, сахналау, дыбыстық жаттығулар.

Көрнекілігі:  мультимедиялық тақта, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, слайд.

Жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалар кіріп, шаттық шеңберін құрады.

Ғажайып саз әуені естіледі.

- Балалар, не естіп тұрсыңдар?

- Әдемі саз әуенін.

- Әуен сондай сазды, сиқырлы екен. Бізді ертегілер еліне шақырып тұрғандай. Мүмкін, біз ертегілер еліне саяхат жасап қайтарамыз. Ендеше алдымен менің сұрақтарыма жауап беріп көріңдерші. Ертегілер қалай басталады?

- Ерте, ерте, ерте де,

Бар екен де, жоқ екен,

Баяғы өткен заманда, т.б.

- Ертегіні кім жазады?

- Ертекші жазады.

- Әңгімені кім жазады?

- Жазушылар.

- Өлеңді кім жазады?

- Ақындар.

- Жарайсыңдар, балалар! Ертегілер еліне баруға дайын екенсіңдер. Ертегілер еліне немен барсақ екен?

Балалар жауабы.

-Балалар, ертегілер еліне ұшатын кілеммен ұшсақ қайтеді? Ендеше сиқырлы кілемге жайғасып отыралық (мультимедиадан көк аспан, ақша бұлттар көрінеді. Бұлттар арасынан ғажайып сарайлар мен әдемі үйшіктер көрінеді).

- Балалар, міне, ертегілер еліне де келіп қалдық. Қараңдаршы, қандай әдемі үйлер. Бірақ бәрі де құлыптаулы тұр. Қане, санап көрелік. Үйдің есіктері ашылу үшін менің жұмбағымның жауабын табыңдар.

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан.

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан.

Бұл не, балалар?

Міне, есіктің бірінші құлпы да ашылды. Терезеден «Бауырсақ» ертегісінің суреті көрінеді.

Балалар, бауырсақ қандай? (домалақ, сары, атасы мен әжесін тыңдамайтын) Бауырсақ кімдерден қашып кетті? (атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан)

Бауырсақты кім жеп қойды? (түлкі)

Түлкі қандай аң? (жабайы, қу) кәне, түлкіше майысып жүріп көрсетелік.

Міне, тамаша. Балалар, терезенің тағы бір бөлігі ашылуы үшін тағы да жұмбақ жауабын табамыз.

Кішкене тышқан бір күні

Үйшік тауып алады

Ормандағы достары

Іздеп оны табады?

Бұл қай ертегі? (Үйшік) (тәрбиеші есіктің құлпы мен терезесінің екінші бөлігін ашады. Терезеден «Үйшік» ертегісінің суреті көрінеді)

Үйшікті кім бірінші табады? (тышқан)

Соңынан кім келеді? (аю)

Аю келген соң не болды? (ол үйшікті сындырып тастады)

Кәне, аюша жүріп көрелік. Балалар, бұл ертегі бізді неге үйретеді? (бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүруді)

Саусақ жаттығуы: «Үйшік»

Саңырауқұлақтың астында

Үйшік жасап басына

Көңілді бір тышқан

Өмір сүріпті расында .

Тышқан үйіне барамыз,

Есігін біз қағамыз.

Тышқан айтты: «Кел, төрлет»

Үйшікке кірдік бір бірлеп.

Келесі жұмбағымды тыңдаңдар:

Кішкене қыз орманға

Жалғыз өзі барады.

Әжесіне қартайған

Бәліш салып алады.

Бұл кім балалар? (Қызыл телпек) (тәрбиеші екінші үйдің есігінің құлпы мен терезесін ашады. Терезеден «Қызыл телпек» ертегісінің суреті көрінеді)

Суретпен әңгіме: «Күзгі орман»

Суретте күзгі орман бейнеленген. Айнала сары алтынға малынған. Аспанды бұлт торлаған. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Қызыл телпек орманның шетінде тұратын әжесіне қонаққа келе жатыр. Ол жылы киінген. Үстінде жылы күртеше, аяғында етік, басында телпегі бар.

Қызыл телпекті қасқыр жеп қоймай ма, қалай ойлайсыңдар?

-Жоқ, қасқырды аңшылар ұстап алды. (үш бала тақпағы)

Күз мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?

Тамаша, келесі есіктің де есіктері құлыптаулы. Тағы да жұмбақ шешеміз бе?

Үй жинаған ұқыпты

Бір қыз бопты ертеде.

Тыңдамаған мысықты

Салыпты ғой әлекке.

Бұл мысықты әлекке салған қыз кім деп ойлайсыңдар? (Мақта қыз) (тәрбиеші есіктің құлпымен терезенің бір бөлігін ашады) Терезеден «Мақта қызбен мысық» ертегісінің суреті көрінеді.

«Мақта қызбен мысық» ертегісін кім жазды? (Ы.Алтынсарин)

Ендеше, балалар, осы ертегіден үзінді тамашалап көрелік.

Ертегіден үзінді

Дыбысты жаттығу:

Күз келді, күз келді

Жаңбырменен жел келді

У,у,у

Сарғайып жасыл бақ,

Ұшты талдан жапырақ

Шу, шу, шу, шу, шу

Көліктер жүр зуылдап

Зу, зу, зу

Қызу еңбек қырманда:

Ду, ду, ду

Бидай жинап жатқанда

Бу, бу, бу

Жалқаулықты өзіңнен

Қу, қу, қу.

Осы кезде ішке жылап Қызыл телпек кіреді.

-Қызыл телпек, саған не болды? Неге жылап келесің?

Балалар, ертегілер елінде кеше ертегілер елінде үлкен жел тұрып, дауыл соқты. Барлық ертегі кейіпкерлерін ұшырып тастады. Енді кейіпкерлер өздерінің қай ертегіден екенін білмей абыржып отыр. Енді бізге кім көмектеседі?

Жылама, Қызыл телпек, балалар саған көмектеседі.

Д/о: «Орындарын тап»

М/ы: балалрды ертегі кейіпкерлері арқылы ертегі атауын таба білуге, тапқырлыққа, ойланып жауап беруге баулу.

Шарты: ертегілерден үзінді суреттер көрсетіледі. Балалар адасқан кейіпкерді атап, оның қай ертегіден екенін табады. («Шалқан» ертегісіндегі ата шалқанымен, «Шұбар тауық» ертегісіндегі тауық жұмыртқасымен, «Торғай мен түлкі» ертеісіндегі торғай, «Масақ» ертегісіндегі әтеш)

Қызыл телпек: Балалар, сендере көп рахмет. Енді ертегілер елінде барлығы өз орындарына келді.

Балалар, әр ертегі бізді түрлі жамандықтан аулақ болуға үйретеді. «Масақ» ертегісі бізді неге үйретеді? (достыққа адал болуға, бірлікке еңбексүйгіштікке)

Еңбек туралы мақал-мәтел білеміз бе?

«Еңбек етсең емерсің», «Еңбек түбі береке», «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».

Д/о: «Сөйлемді жалғастыр», «Қарсы мағынасын айт», «Шын ба, жалған ба?»

Балалар, сендер білімдерің арқылы барлық үйшіктің есіктері мен терезелерін аштыңдар. Ертегі кейіпкерлері сендерге дән риза.

Қызыл телпек:

Балалар, расымен де сендер білімді екенсіңдер. Ертегілер елінен сендерге арнаған сыйлықтарымыз бар. (үйшіктің терезесін ашып балаларға кітаптарды сыйға тартады) Бұл ертегі кітаптарын күтіп ұстаңдар. Кітаптар сендерге көп білім беріп, көп нәрсені үйретеді. Сау болыңдар!

Балалар, бізде Қызыл телпекпен қоштасып, балабақшамызға қайталайық. Ол үшін қайтадан ұшатын кілеме мінелік.

Балалар, біз бүін қайда бардық?

Ертегілер елінде сендерге ұнады ма?

Балалар, сендер бүгін әдемі ғажайып ертегілер елінде өздерінің білімдеріңді көрсете біліңдер. Енді біз өзіміздің ауылымызға қайтып келдік. Ауылымыз қалай аталады?

Енді маған кім өзіміздің ауылымыз туралы әңгімелеп береді?

Балалармен оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балаларды мадақтау. Қоштасу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!