Материалдар / Ертегілер еліне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегіні айтып түсіндіру барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйрету. Көркем тілдік, танымдық қабілеттерін дамыту. Балаларға әрбір дене мүшелерінің қызметін атай білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2022
274
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты: Ертегіні айтып түсіндіру барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйрету. Көркем тілдік, танымдық қабілеттерін дамыту. Балаларға әрбір дене мүшелерінің қызметін атай білуге үйрету.

Көрнекі- құралдар: Ертегілерге арналған суреттер. Үлестірмелі материалдар.Қолғап, моншақтар, асық, слайд, күлекештер, жабыстырғыштар.

Тәрбиеші: Нұрын шашқан күнімізбен, ашық көк аспанымызбен, нәрін берген жер анамызбен, келген қонақтармен амандасайық.


Балалар:

Күн күн– алтын күн!

Жарқыраған жарқын күн!

Арайланып таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар?!


Сұрақ –жауап :

Тәрбиеші: балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз.

Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар.

-Тәрбиеші: Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады ?

-Күн салқындайды, бұлтты болады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

-Тәрбиеші: иә, дұрыс айтасындар. Балалар ерте ерте ертеде деп не басталатын еді?

-Ертегі

-Т: Қандай ертегілерді білесіңдер? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.Ертегілер еліне бару үшін көлік керек. Қандай көліктерді білесіңдер? (балалардың жауабы)

Тосын сәт: Желаяқ қонаққа келеді

-Балалар бізге кім келді? (балалардың жауабы)

Т:Ия, дұрыс таптыңдар, бұл жай пойыз емес сиқырлы желаяқ пойыз. Қане желаяқ пойызбен амандасайық.

-Салематсызба!

Пойыз: Сәлем менің достарым! Мен желаяқ пойызбын. Мен сендерді ертегілер еліне апарамын, Бірақ мен сендерге әр аялдамада тапсырмалар дайындап қойдым. Сол тапсырмаларды орындап саяхатымызды жалғастырамыз. (балалар пойыздың артына ілесіп тұрады)

Желаяқ пойыздың әні:

Қане кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың.

Қатар қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық

1-Аялдама: Мақта қыз бен мысық аялдамасы.

Т: балалар бұл қандай ертегі?

Б: Мақта қыз бен мысық.

Т: Иә дұрыс айтасыңдар балалар. (ертегі желісінде бірнеше сұрақтар қойылады) Балалар «Мақта қыз бен мысық аялдамасында» бізге хат келіп тұр.

Бұл хат бізге Мақта қыздан екен. Ішінде не жазылғанын ашып қарайық. Балалар Мақта қыз үйін жинап жүріп мейіздің орнына асық тауып алыпты және сол асықты бізге беріп жіберіпті, енді сол асықтан не істеуге болатынын бізден сұрап жатыр екен. Балалар «Асық ату» деген қазақтың ұлттық ойыны бар және сол асықпен түрлі ойындар ойнауға болады. Қане олай болса біз осы асықпен бір ойын ойнайық.

«Бағдарлау асықпен»

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, кеңістікті бағдарлай отырып оң және сол, жоғары және төмен ұғымдарын қалыптастыру.

Т:Жарайсыңдар балалар. Желаяқ пойызға отырып келесі аялдамамызға аттанайық.

Желаяқ пойыздың әні:

Қане кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың.

Қатар қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

2-Аялдама: «Қызыл телпек аялдамасы»

Т: балалар бұл қандай ертегі?

Б: Қызыл телпек

Т: Жарайсыңдар балалар. (ертегі желісінде бірнеше сұрақтар қойылады)

Т: Балалар қызыл телпек аялдамасында себет бар екен, бұл себеттің ішінде бізге тапсырма бар екен.(себеттің ішінде ғажайып саусақтар бар), осы тапсырманы орындап келесі аялдамаға аттанайық. (орындарына отырып тапсырманы орындайды).

2-Тапсырма: Д/о: «Ғажайып саусақтар»

Мақсаты: Моншақтарды сандармен сәйкестендіру. Танымдық қабілетін дамыту.

Шарты: балалар қолғаптың ішіндегі моншақтарды сандармен сәйкестендіреді.

Күтілетін нәтиже: Балалар 1-5 дейінгі сандарды таниды, санайды.

Т: Жарайсыңдар балалар. Желаяқ пойыз саған біздің балалардың орындаған тапсырмалары ұнадыма?

Желаяқ пойыз: Әрине, өте ақылды балалар екенсіңдер, жарайсыңдар. Олай болса саяхатымызға аттанайық.

Желаяқ пойыздың әні: Қане кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың.

Қатар қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

3-Аялдама: «Шалқан аялдамасы»

Т: балалар бұл қандай ертегі? (балалардың жауабы), (ертегі желісінде бірнеше сұрақтар қойылады) Шалқан аялдамасында бізге арналған сыйлық бар екен, бұл сыйлықтың ішінде не бар екен, қане ашып көрейік.(сыйлықтың ішінде дене мүшелеріне арналған тапсырмалар бар)

Желаяқ пойыз: Осы тапсырманы орындап, саяхатымызды жалғастырайық. (балалар орындарына отырып тапсырманы орындайды)

3-тапсырма:Д/о: «Пантомимо»

Мақсаты:Балаларға әрбір дене мүшелерінің қызметін атай білуге үйрету.Мимика арқылы дене мүшелерін дұрыс қойып шығу.

Шарты: Әрбір дене мүшелерінің қызметін айтып береді.

Күтілетін нәтиже: Дене мүшелерін таниды, атай біледі.

Т:Жарайсыңдар балалар, олай болса саяхатымызды жалғастырайық. (желаяқ пойыздың артынын ілесіп саяхатқа аттанады)

Желаяқ пойыздың әні:

Қане кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың.

Қатар қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

4-Аялдама: «Ертегілер әлемі аялдамасы»

Ғажайып сәт: Ертегілер әлемінен балаларды әжей қарсы алады.

Әже: Балалар амансыңдарма? Ертегілер әлеміне қош келдіңіздер! (Балалар амандасады)

Әже: Балалар Ертегілер әлеміне немен келдіңдер?

Б: Желаяқ пойызбен. Әр аялдамада тапсырмалар орындадық.

Әже: Ой, жарайсыңдар балалар. Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?

(Балалардың жауабы)

Әже: Олай болса ертегіні қаншалықты білетіндеріңді сұрақтар қою арқылы тексерейін.

4-тапсырма: «Ертегілер әлемі» ертегілер туралы сұрақтар.(слайдпен жұмыс)

Әжей: 1.Мақта қыз бен мысық ертегісінде, мысыққа соңында кім көмектеседі? (балалардың жауабы)

2.Қызыл телпек ертегісінде, орманда қызыл телпектің алдынан не шықты? (балалардың жауабы)

3.Шалқан ертегісінде, шалқанды кім екті? (балалардың жауабы)

Әже: Ой, жарайсыңдар! Ақылды балалар екенсіңдер. Алыс жолдан шаршаған боларсыңдар. Сендерге арналған сыйлығым бар. Келгендеріңе рахмет! Сауболыңдар. (балалар әжеймен қоштасады)

Т:Балалар енді бізде келген Желаяқ пойызымызмен балабақшамызға қайтайық.

(балалар балабақшаға оралады)

Желаяқ пойыз: Балалар біздің бүгінгі саяхатымыз ұнадыма?

(балалардың жауабы)

Желаяқ пойыз: олай болса өз көңіл күйлеріңді тақтадағы күлекештерге, алдарыңда тұрған жабыстырғыштар арқылы жеткізіңдер. ( балалар стикерлерді кері байланыс ретінде тақтадағы күлекештерге жабыстырады) (осыдан кейін желаяқ пойыз қоштасады)

-Балалар мен енді кетейін, басқа балаларменде саяхатқа шығуым керек. Сауболыңдар балалар! (пойыз шығып кетеді)

Т:Балалар біз бүгін қайда бардық? (балалардың жауабы). Бізге қонаққа кім келді? (балалардың жауабы) Ертегілер әлемінен бізді кім күтіп алды? (балалардың жауабы) Жарайсыңдар балалар сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізден не ұнады? (балалардың жауабы)

Осымен біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Назар аударғандарыңызға рахмет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!