Материалдар / Ертегілер еліне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі кейіпкерлері арқылы балаларды мейірімділікке ептілікке баулу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепалды жас тобы
Ертеңгіліктер: «Ертегілер еліне саяхат».
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Ертегілер еліне саяхат».
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ МАҚСАТЫ: балалардың Жаңа жыл мерекесіне
қызығушылықтарын ояту; жаңа жылдық көңіл күй сыйлау; сахнада өнер көрсету
мәдениетін үйрету (ән салу, би билеу, өлең оқу); шығармашылық және
коммуникативтік дағдыларды дамыту; рөлдерді ойнау қабілетін жетілдіру.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Интербелсенді тақта, музыкалық аппаратура, жаңа жылдық шырша, ертегілер
елінің суреті, шам, Алдар көсенің өлең айтып келе жатқаны көрсетілген
бейнежазба, Аяз атаның қарлы боранда адасып жүргені көрсетілген бейнежазба,
домбыра, сиқырлы таяқ, шырағдан, көзілдірік, жасанды шаш, сайқымазақтың
мұрны, әшекей, себет, қағаздан жасалған ұлпа қар кескіндері.
ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ БАРЫСЫ
КІРІСПЕ БӨЛІМ
(Жаңа жыл мерекесіне арналған әуен қосылып тұрады, сахна сыртында
Жезтырнақтың дауысы естіледі.)
Жезтырнақ:
- Ха-ха! Хи-хи! Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой.
Шыршаны безендіріп, мәз мейрам болып жүр ғой. Ха-ха! Ал мен өзім жалғызбын,
менде мереке де жоқ, шырша да жоқ. Қап, бәлем! Қоя тұрыңдар, көрсетемін
сендерге! Мерекені болдыртпаймын! Аяз атаны күтіп отырған болар.
Келтіртпеймін! Аяз аталарың ертегілер елінде адасып кетеді. Ха-ха-ха!
Жақсылыққа келтіртпеймін,
Жаңа жылға жеткізбеймін.
Мен тұрғанда адамға,
Мереке жоқ жалғанда. 

1

Ха-ха-ха! Хи-хи-хи!
(Керней ойналады, педагог ортаға шығады.)
Педагог:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қонақтар! Келе жатқан Жаңа
жылдарыңыз құтты болсын!
Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық,
Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық!
Құттықтаймыз келер жылды алдағы,
Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық.
Жүргізуші:
- Жаңа жыл қонақтарын қарсы алайық!
(Әдемі әуен ойнап тұрады. Балалар жұптасып алып, залға кіре бастайды.)
Балалардың тақпақтары.
Педагог:
Жылға шашу шашамыз,
Тойлап көңіл ашамыз.
Жаңа жылды қарсы алып,
Би билеп, ән саламыз!
Ән. (музыкалық жетекшінің қалауы бойынша)
(Екі қыз шығып кетеді. Қыздар аққала мен ақшақардың киімін киеді.)
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Педагог:
Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып.
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағынып.
Аяз ата келеді,
Балаларды сағынып!
- Балалар Аяз атаны шақырайық. 
Балалар:
- Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
(Мұңлы әуен естіледі. Ортаға Аққала шығады.)
Педагог:
- Ой, мынау Аққала ғой! Аққала, не болып қалды, неге жылайсың? Бүгін мереке
емес пе?!
Аққала:
- Сәлем, достар! Қиын жағдай болды. Аяз ата екеуіміз Жаңа жыл қарсаңында
сендерді қуантайық деп, көп сыйлық әзірлеген едік. Кенеттен қатты боран
2

соғып, бізді жан-жақтағы ертегілер әлеміне алып кетті. Енді, Аяз атаның қай
жерде, қай ертегіде жүргенін білмеймін.
Педагог:
- Аққала, қайғырма, мұңайма. Қарашы, біз көппіз. Аяз атаны құтқарамыз! Сен
бізбен бірге көңіл көтер. Солай емес пе, балалар? Ал, балалар, Аяз атаны құтқару
үшін барлығын жеңеміз! Ендеше, Аяз атаны табу үшін ертегілер еліне саяхатқа
шығуға дайынсыңдар ма? 
(Әуен ойналады, Жезтырнақ шыршаны айналып жүгіреді.)
Жезтырнақ:
- Тоқта, тоқта, қайда асығасыңдар? Қайда барасыңдар? Сендер менен рұқсат
сұрадыңдар ма? Мен ертегілер елінде жүз мыңдап өмір сүремін, сендерді ол
жерге кіргізбеймін. Естідіңдер ме?
(Жарық өшеді, Жезтырнақ ғайып болады.)
Педагог:
- Бұл не сұмдық! Сен бізді қорқыта алмайсың, Жезтырнақ! Біз бәрібір Аяз атаны
табамыз. Солай емес пе, балалар? Бірақ шыршамыз жанбай қалды ғой,
қараңғыда адасып кетуіміз мүмкін ғой. Енді қайттік?
(Әуен ойналады, қолында жарығы және сиқырлы таяғы бар Ханшайым шығады.) 
Педагог:
- Сәлеметсіз бе, сұлу қыз! Есіміңіз кім болады?
Ханшайым:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ертегілер әлеміндегі Ханшайыммын. Сендер
қандай әдемісіңдер, сәнденіп киініпсіңдер. Бірақ, сендер неге көңілсізсіңдер?
Педагог:
- Ханшайым, бізде қиын жағдай болып тұр. Жезтырнақ мерекемізді бұзып,
шыршамыздың жарығын сөндіріп, бізді ертегілер еліне кіргізбей, қорқытып отыр.
Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Аяз атаны табуымыз керек, әйтпесе, жаңа
жылымыз басталмай қалады.
Ханшайым:
- Достар, мен сендерге ертегілер еліне тез жетуге көмектесемін. 
(Қолындағы таяғын бір сермеп, жарықты жандырады. Жарық жанады.)
Педагог:
- Тамаша! Ханшайым, саған көп рақмет! Жолымыз қысқарсын, біз жаңа жылдық
ән айтсақ қалай болады? Олай болса, біздің балалардан әсем әнді қабыл
алыңыздар!
Ән. (музыкалық жетекшінің қалауы бойынша)
Ханшайым:
- Достарым, біз ертегілер еліндеміз!

3

Педагог:
- Ханшайым, орманның іші әлі де қараңғы, біз адасып кетуіміз мүмкін ғой. 
Ханшайым:
- Олай болса, балалар, шыршадағы жарықты жандырайық. Жұлдызшалар
сендерге жол көрсетсін. Ол үшін сиқырлы сөзді айтуымыз керек. Қане, шырша, 12-3. Жарығынды жандыр! (Бәрі бірге қайталайды, Ханшайым сиқырлы шыршаны
айналып жүреді.)
Шыршаның жарығы жанады.
Педагог:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған. 
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Осының құрметіне қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар.
Би. (музыкалық жетекшінің қалауы бойынша)
Ән. (музыкалық жетекшінің қалауы бойынша)
Педагог:
- Балалар, Ханшайым, бәрі жақсы болды. Біздің уақытымыз тығыз, жаңа
жыл келіп қалды. Алда көптеген ертегілер елі бар. Не істесек болады?
Ханшайым:
- Мен сендерге көмектесемін. Бұл қиын емес. Менде сиқырлы шам бар. Сіздерге
қажет болып қалатын шығар.
Осы кезде төбеден шам түседі.
- Балалар, есте болсын, шам жақсы адамның қолында ғана болуы тиіс, әйтпесе,
жағдайымыз қиын болады. Менің уақытым келді. Кетуім керек. Сау болыңдар,
балалар!
(Әуен ойналады. Ханшайым залдан шығып кетеді.)
Педагог:
- Ой, балалар! Біз сиқырлы шамды қалай қолдану керектігін сұрамадық ғой. Енді
не істейміз? Сендер білесіңдер ме? Енді не істейміз? Мына жерде бір
сөздер жазылып тұр ғой. Жазу түсініксіз екен. (шамды сүртеді)
Сахнаға шамның ішіндегі Жын келеді.
Педагог:
- Сен кімсің? 
Жын:

4

- Мен Жынмын. Сиқырлы шамның құлымын.
Педагог:
- Мүмкін сиқыршы шығарсың?
Жын:
- Мен сиқыршыдан да мықтымын. Әрі күштімін. Қалаған тілектеріңді
орындаймын.
Педагог:
- Бізде Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Ал біз Аяз атамыздың қай ертегіде
жүргенін білмейміз. Аят атасыз мереке де басталмайды. Аяз атаны табуға
көмектесе аласың ба?
Жын:
- Көмектесейік. Бірақ, бір өтінішім бар. Мен мына шамның ішінде мың жыл
отырдым, ішім әбден пысты. Көңілімді бір көтерсем деймін. Сендер менімен
ойнайсыңдар ма?
«Кім жылдам?» ойыны.
Ойын барысы: бұл ойынға барлық балалар қатысады. Балалар шеңбер
құрып тұрады. Педагог ортадағы үстелдің үстіне әртүрлі заттар бар табақты
қояды. Табақта кез келген заттар болуы мүмкін. Мысалы: көзілдірік, жасанды
шаш, сайқымазақтың мұрны, әшекей және тағы басқа. Бірақ табақтағы заттар
ойынға қатысушылардың санынан бір затқа кем болуы керек. Музыкалық
жетекшінің қалауына қарай көңілді ән қосылады. Балалар әнге билеп жүреді. Ән
тоқтағанда балалар табақтың үстіндегі заттарды жылдам алып алулары керек.
Кімге заттар жетпей қалса, сол бала ойыннан шығады. Ойында ең ұзақ қалған
бала жеңіске жетеді.
Жын:
- Ой, балалар, көңілімді бір көтеріп тастадыңдар ғой. Рақмет сендерге! Енді
алғысымды білдіретін уақыт келді. Қанекей, менімен бірге қайталаңдар. 
Бірге шапалақтаймыз
Бірге аяқты топылдатамыз.
Айналамыз, айналамыз.
Бір-бірімізге қараймыз.
1-2-3.
- Қане, ертегіміз тірілсін!
(Әуен ойналады, Жезтырнақ кіреді.)
Жезтырнақ:
- Болдыртпаймын! Ертегіге келтіртпеспін. (шамды ұрлап алады) Мен енді
сиқырлы шамның иесімін. Мен не қаласам, сол болады! Ха-ха-ха!
Педагог:
- Енді не істейміз? Бізде сиқырлы шам да, Жын да, көмектесетін ешкім де жоқ.
5

(Әуен ойналады, интербелсенді тақтадан Алдар көсенің өлең айтып келе
жатқаны көрсетіледі.)
Бейнебаян.
(Залға Алдар көсе кіреді.)
Педагог:
- Балалар, кім келе жатыр? Сендер оны танисыңдар ма? Иә, бұл Алдар көсе ғой.
Мүмкін, ол бізге көмектесе алатын шығар.
Алдар көсе:
- Охо-хо, мына жерде қонақтар көп екен ғой! Барлығың әп-әдемісіңдер! Ой, мен
өзі қайда келдім? Қандай мереке болып жатыр?
Педагог:
- Сәлеметсіз бе, Алдар көсе! Бізде Жаңа жылдың келуін мерекелеп
жатырмыз. Аяз атамыз ғана жоқ. Жағдайымыз қиын болып тұр. Жезтырнақ Аяз
атамызды қай ертегіге апарып тастағанын білмейміз. Жын көмектесуге үлгере
алмады. Жезтырнақ сиқырлы шамды ұрлап кетті. Алдар көсе, сен өз ертегіңде
Аяз атаны көрмедің бе?
Алдар көсе:
- Жоқ, Аяз атаны кездестірмедім, бірақ қайда жүргенін көрсете аламын. Қанеки,
мына жаққа қараңдар!
Интербелсенді тақтадан Аяз атаның адасып жүргенін көрсетеді. 
Бейнебаян.
Алдар көсе:
- Ал, балалар, сендерге көмектесетін уақыт келді. Менің сиқырлы домбырам бар.
Жақсы адамға көмектеседі, жамандарды жазалайды. Қазір мұны өздерің
көресіңдер.
Би. (музыкалық жетекшінің қалауы бойынша)
Домбырада күй ойналады, Жезтырнақ ортаға билеп кіреді.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

Жезтырнақ:
- Бұл не сұмдық! Жаныңның барында тоқтат! Менің билегім келмейді. Тоқтат
деймін! Әйтпесе, сиқырлы шамдағы Жынға айтамын, көздеріңді жояды.
Алдар көсе ойнағанын бірден тоқтатады, Жезтырнақ орындыққа құлайды.
Алдар көсе: 

6

- Құрметтім, сен не дедің? Мен шалыс естідім бе? Бұл кімге жаман болады? Қане,
Аяз атаны балаларға қайтар.
Жезтырнақ:
- Ойламаймын да! Болдыртпаймын мерекені! Қане, бәрің ортаға шығыңдар!
(Балалар қатарға шығады) Ал енді қатып қалыңдар! (Балалар қатып қалады.)
Домбыраны алып кетеді, Алдар оны артынан қуып, сыртқа шығып кетеді.
Педагог: 
- Енді қайттік? Енді бізге кім көмектеседі? 
Ханшайым келеді, балаларды таяғымен сиқырлап, ұйқыдан оятып жібереді.
Жезтырнақ:
- Жарайды, мен келістім. Аяз атаны қайтарам, әуенді тоқтатыңдар.
Туф, суф, суф, дарадай,
Күйген бақа қапшық ай.
Қырғи, тырғи,
Ащысыз, тұссыз,
Сыбырлап, сиқырлаймын,
Тұздаймын, бұрыштаймын. 
Айтқанымды орында,
Айға апарып тастаймын.
Алдар көсе:
- Не дейсің?
Жезтырнақ:
- Жәй, әзілдедім. Аяз атаны залға шақырып жатқаным ғой.
(Әуенмен бірге Жезтырнақ ғайып болады, Аяз ата келеді.)
Аяз ата:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Армысыздар, қадірлі қонақтар! Жезтырнақты
жеңіп, мені құтқарғандарыңа үлкен рақмет! Ал, балалар, Жаңа жылды қарсы
алып, қуаныш пен шатыққа кенелейік.
Ақшақар:
Төрле, төрле, құтты жыл!
Қуаныштан айтылады әсем жыр,
Балалардың бақытында шек болмай,
Жүректері қуаныштан толқып тұр!
Аяз ата:
- Ал енді, балалардың көңілін көтеру үшін мерекемізді жалғастырайық!
(Сахна жабылады.)
Балалардың тақпақтары.
Педагог: 
- Балалар, біз сиқырлы шам туралы ұмытып кетіппіз. Аяз ата, Жезтырнақ
7

сиқырлы шамды ұрлап әкетті. Сиқырлы шам жаман адамның қолына түссе өте
қиын болады.
Аяз ата:
- Сиқырлы шамды қайтару керек.
Педагог: 
- Қайтаруымыз керек. Жезтырнақты қайдан іздейміз. Қап, менің қалауыммен
Жезтырнақ көзіме көрін десең, сол сәтте көріне қалса ғой!
Аяз ата:
- Бұны болдыртуға болады. Ұмытпаңдар! Мен де сиқыршымын. Ақшақар, маған
сиқырлы таяқшамды берші.
Осы кезде қатты соққан боранның дыбысы естіледі.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

Желдетіп, борандатып ойнаңдар,
Иіліңдер ақ қайыңмен шыршалар.
Менің барлық орманымның ішінен,
Жезтырнақты маған көрсетіңдер.
(Сахна ашылады. Жезтырнақ шамды сүртіп отырады.)
Жезтырнақ:
- Шық!
Жын:
- Шықпаймын!
Жезтырнақ:
- Шық деймін!
Жын:
- Шықпаймын!
Жезтырнақ:
- Мен шамның иесімін, айтқанымды орындауың керек!
Жын:
- Әміріңізге құлдық!
Аяз ата:
- Ееее, мында екенсің ғой! Шамды қайтар.
Жезтырнақ:
- Мен шамның иесімін! Мен не қаласам, ол соны орындайды. Қайтармаймын, шам

8

менікі! Шыршадағы жарық сөнсін. Ха-ха-ха!
(Жарық өшеді.)
Аяз ата:
- Бәріміз сиқырлы сөз айтып, шырша шамдарын жағамыз!
Бәрі бірге:
- Қане, шырша! 1, 2, 3. Жарығыңды жандыр!
(Жарық жанады.)
Жезтырнақ:
- Аяз ата, саған ауру жіберем, беліңнен ұстасын.
(Аяз ата белін ұстап қалады.)
Аяз ата:
- Ой, оңбаған! Ойбай, белім-ай! Қане, таяқшам! 1, 2, 3! Ауруыңды аластат!
Жезтырнақ:
- Бәрібір жеңе алмайсың! Менен мықты, күшті жоқ.
Аяз ата:
- Сен күшті емессің. Сенен мықты Жын бар.
Жезтырнақ:
- Мен күшті Жын болғым келеді.
Аяз ата: 
- Жақсы! Дегенің болсын. (Аяз ата таяғы сермеп қалады.)
(Әуен ойналады. Жезтырнақ ғайып болып кетеді, Жын қалады.)
Аяз ата:
- Жезтырнақты алдап жеңдік! Жын, сен енді сиқырлы шамнан босадың. Енді,
шамның құлы басқа. Зияны басқаға тимес үшін, мен бұл шамды Солтүстікке
алып кетемін.
Педагог: 
- Аяз ата, біз жамандықты жеңдік. Жынды босаттық. Ал, Жаңа жылымыз әлі
басталған жоқ. Қалай болады енді?
Жын:
- Жаңа жылымыз міндетті түрде келеді. Сендер өздеріңнің кішкентай сиқыршы
екендеріңе сенесіңдер ме? Қанекей, бәріміз саусақтарымызды сықырлатып,
алақанымызға үрлесек, сол кезде Жаңа жылымыз басталады.
Саусақтарын сықырлатып, алақандарына үрлейді.
Әуен ойналады, Тышқан шыршаны айналып (жыл жануарын ауыстыруға болады)
келеді.
Тышқан:
Сәлеметсіздер ме!
Мен тұрмын қуанып,
Шатыққа бөленіп,
9

Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
- Балалар, маған дайындаған қандай өнерлерің бар?
Педагог: 
- Тышқан, төрлет! Біздің қонағымыз бол! Біздің биші қыздарымыздың
орындауында «Жаңа жыл» биі.
«Жаңа жыл» биі.
Тышқан:
- Тамаша! Менің көңілім көтерілді. Қазір сіздермен ойын ойнағым келіп тұр. 
Педагог: 
- Олай болса, балалар, қазір ата-аналармен ойын ойнайық.
«Мергендерді анықтаймыз» ойыны.
Ойын барысы: ойынға қатысушы ата-аналар екі топқа бөлінеді. Педагог әр топқа
алдын ала дайындалған қағаздан жасалған ұлпа қар кескіндерін береді.
Олардың алдына 2,5-3м қашықтықта себет қойылады. Педагогтің белгісінен
кейін әр ойыншы себетке ұлпа қарды (кішкентай ақ доптар) кезек-кезек көздеп
лақтырулары керек. Ең көп ұлпа қар жинаған топ жеңіске жетеді.
Педагог: 
- Аяз ата, сіз әнді жақсы айтады деп естідім. Балалар, Аяз ата, Тышқан бәріміз ән
айтып, би билейік пе?
(Балалар қуана келіседі де, шеңберге тұрады.)
Би. (музыкалық жетекшінің қалауы бойынша)
Педагог: 
- Енді, біздің балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Балалардың тақпақтары.
Педагог: 
Мінекей, Жаңа жыл да келді!
Ән тыңдап, би биледік бүгінгі тойда.
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Қуанып, Жаңа жылға қадам бастық,
Құтты болсын, Жаңа жыл баршамызға!
Ән. (музыкалық жетекшінің қалауы бойынша)
Аяз ата:
- Міне, Жаңа жылымыз келді! Жаңа жылда бақытты күндерің көп болсын! Ал
енді, сендермен қоштасатын уақытым келді. Сау болыңдар!
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен қошасады, залдан шығып кетеді.)
ҚОРЫТЫНДЫ
Педагог: 
10

- Жаңа жылдық ертегіміз соңына жетті. Жаңа жылда жаңа білім, жаңа өнер
үйренейік! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!
Күлкісімен жеткізіп бабаға сыр,
Қуаныштан салады бала да асыр.
Жұмбақтанып, жаныма жырды ақтарып,
Елімізге қош келдің жаңа ғасыр!

11

12
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!