Білім беру
саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем
әдебиет
Тақырыбы: «Ертегілер еліне
саяхат»
Мақсаты: Ертегіні айтып түсіндіру және
сахналау барысында кейіпкерлердің мінез құлқын ажырата білуге
үйрету. Көркем тілдік және орындау қабілеттерін дамыту. Саусақпен
сурет салуға және қағаз қиындыларынан үйшік құрастыруға, өз
беттерінше жұмыс жасау дағдыларын
қалыптастыру.
Иновациялық
технология: ТРИЗ
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісіне арналған
суреттер, «Шұбар тауық » ертегісінің мнемокестесі, суреттер, гуашь,
қағаз қиындылары.
Әдіс-тәсілдері: Ертегіні сахналау,
сұрақ-жауап, ТРИЗ технологиясы элементін
пайдалану.
Шаттық
шеңбер:
Алақанды
ашамыз,
Күнің нұрын
саламыз.
Таза ауаны
жұтамыз
Жүректегі
жылуды
Бір-бірімізге
сыйлаймыз.
-Балалар шеңберге тұрып мәтін
сөзін қайталай отырып, іс- қимыл арқылы
орындайды.
-Сәлеметсіздер
ме!
Ә.Қалаубаеваның «Ертегілер»
әуені естіледі.
Балалар қандай әуен естіп
тұрсындар?
Олай болса балалар ертегілер
әлеміне саяхатқа баруға қалай қарайсыңдар.
Балалар ертегілер әлеміне
саяхатқа немен баруға болады.
Олай болса балалар бүгін біз
сиқырлы автобусқа отырып барлығымыз саяхатқа
барамыз.
-Ертегі әуенін Балалар куана
келіседі.
Балалар
біз I- аялдамағада
келдік.
Балалар «Шалқан» ертегісін
мәнерлеп айтып түсіндіру, және оны сурет бойынша орындарына
орналастыру.
Балалар
бір
II-аялдама: «Орман»
Сол орманда аю жылап
отырады.
-Аю сен неге жылап отырсың,
саған не болды?
Аю: Калай жыламаймын мына
жерде үйшігім тұрды мен соған симай сындырдым, содан бәрі кашып
кетті, енді кім маған көмектеседі?
-Жылама Аю, біздің
балалар
Сондай әдемі, үлкен үйшікті
жасай алады. Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып, келесі аялдамаға
барайық, сол жерде біздің балаларымыз үйшік салуға
көмектеседі.
III-аялдама
«Шұбар
тауық»
Сол аялдамада оларды Шұбар
тауық күтеді. Олармен сәлемдеседі.
Мнемо кестесін
көрсетеді.
-Балалар, сендер мына кесте
бойынша ертегіні айтып бере аласыңдар ма?
1-2 бала ертегіні айтып
береді.
«Шұбар тауық» рақмет
айтады.
-Сендер менім балапандарыма
тары жасай аласындар ма?-деп сұрайды
-Ия, біз оны жасай
аламыз.
Балалар екі топқа
бөлінеміз?
1-топ: Аюға мына кағаз қиындыларынан
үйшік жапсырып береміз.
Балалар бірігіп аюға үйшікті
жапсырады.
2-топ: Шұбар тауықтың балапандарына
тарыны саусақпен саламыз.
Балалар қызығушылығын Шұбар
тауықтың балапандарына тарыны саусақпен
салады.
Аю мен Шұбар тауық балаларға
рахмет айтады.
Балалар автобусқа отырып
тобымызға оралайық. Балалар автобусқа отырып тобымызға
оралайық.
Қызықты
сәт:
Бауырсақ секіріп топқа
кіреді.
Балалалардан
сұрайды?
-Балалар мен таныдыңдар
ма?
-Мен кімнен кашып
келем?
-Бауырсақ Ата-Ажеден кашып
келеді.
Бауырсақ:- Сіздің балаларыңыз
өте ақылды екен,олар маған қайда барғандарын айтып юере алады
ма?
-Егер сендер толық жауап
берсеңдер , мен сендерге сыйлық беремін.
Бауырсақ:- Мен өз ертегіме
барайын, ал есіктің артында сендерге сыйлығым бар,ол сендерді кұтіп
тұр.
Күтілетін
нәтиже:
Білу: Ертегі кейіпкерінің атын
атауды біледі.
Түсінеді:кейіпкерлердің мінез-
құлықтарын ажырата отырып, жақсы жаманды ажырата
алады.
Қолданады: Ертегілер мазмұнын
айта біледі.