«Ақ бота»бөбекжай-бақшасы МКҚК

Тәрбиеші мен балалар арасында ұйымдасқан
іс-әрекет
«Баурсақ» ертегісін
сахналау
Орындаған:тәрбиеші Сапиева А.С
12топ
Петропавл қ.
Мақсаты:ертегі әлеміне қызығушылығын
қалыптастыру.Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлық
жеткізе білуге үйрету.Сөздерді анық айтуға,есте сақтау қабілетін
дамыту.
Әңгімелесу.
Тәрбиеші: -Балалар,бүгін бізде ерекше
күн,бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Олай болса қонақтармен
сәлемдесейік.
Күннің көзі ашылып.
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті.
Амандасу үлкенге,ші,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,қанекей бәріміз,
Сәлем дейік
үлкенге.
Тәрбиеші: - Балалар,қане есімізге
түсіріп көрейікші,ертегілердің басы қалай
басталады?
Балалар:
-
«Ерте,ерте ертеде ешкі жүні бөртеде», «Ертеде бір шал мен кемпір
болыпты» т.б.
Тәрбиеші:
- Ертегі
әңгімелерден несімен ерекшеленеді?Онда қандай қызықтар
болады?
Балалар: - Ертегіде жамандық пен
жақсылық,зұлымдылық пен мейірімділік,жақсы жаман
кейіпкерлер,сиқырлы таяқша,сиқырлы сөздер т.б.
болады
Тәрбиеші:
-Ал,
ендеше, балалар,ертегі әлеміне саяхат жасайық.Ол жаққа бару үшін
қандай көлікпен барсақ екен?
Балалар:- автобуспен,поездпен т.б.
Тәрбиеші:-балалар қалай ойлайсыңдар
ұшқыш кілеммен барсақ тез жетеміз емес пе?
Балалар көрпенің үстіне отырып,музыка әуеніне
сәйкес ертегілер әлеміне ұшып келеді.
Тәрбиеші:
- Біз
ертегі әлеміне келдік.Бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарынды
білу үшің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Өзі қу,жүрген жері айқай-шу
(түлкі)
Далада жүр шапқылап,керемет тым
саққұлақ,
Тек есектен басқа да,оған ұқсас жоқ құлақ.
(қоян)
Ит сияқты пішіні,ұнатпайды ол кісін.
(қасқыр)
Қыс бойына жатады,тәттә ұйқыға батады.
(аю)
Өзі қып-қызыл боп піседі,
Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ)
Тәрбиеші:
-Сонымен,балалар,бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі
екен?
Балалар:
-Бауырсақ
ертегісінде.
Тәрбиеші:
-Сендер
бұл ертегіні қаншалықты білетіндеріңді білу үшін мен сендерге осы
ертегіні сахналап шығуға ұсынамын.
Автор: Тәрбиеші
Бауырсақ: Есқожа
Ата: Тәңірхан
Әже: Дарина
Қоян: Сайя
Қасқыр: Диас
Аю: Саят
Түлкі: Салтанат
Балалар ертегіні сахналап шығады.
Тәрбиеші:
-
Жарайсыңдар,балалар.Жақсы сахналап шықтыңдар.Ал енді ертегідегі
жануарларды сипаттап берейікші.
Олар туралы кім тақпақ біледі?
Қоян (Сайя):
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қасқыр (Диас):
Қасқыр орманда жортады.
Аяздан ол қорқады.
Аспанға қарап ұлиды,
Ауылда малды ториды.
Аю (Саят):
Менің атым аю,
Оңай маған баю.
Мал ішінде жүремін,
Балды иісінен білемін.
Түлкі (Салтанат):
Тәрбиеші: -Жақсы,балалар.Ертегі ұнады
ма?Несімен ұнады?
-Қай кейіпкер ұнады?
-Ата неге баурсақ пісір деді?
-Баурсақ не
істеді?
-Алдауға бола ма?
-Сендер ертегіні қалай аяқтар едіңдер?
-Келесі жолы сен қандай кейіпкер болғың
келеді?
-Онда сен түлкі болғың келе ме?
Ал бұл кейіпкерлерді біз тағы қай ертегі,
мультфильмдерде кездестіреміз?
-