Мақсаты:
Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың
ақыл-ойын, қиялын дамыту.
Есте сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары
жайында түсініктерін толтыру.
Көрнекіліктер:
«Шалқан» ертегісінің суреттері; көрініске керекті
құралдар.
Ертегінің
барысы:
Залда музыка ойнап тұрады, залға кірген балалар
қонақтармен амандасады.
Шаттық шеңбер
Біз
әдепті
баламыз,
Айтқан
тілді
аламыз.
Үлкендерді
көргенде,
Сәлеметсіздерме деп амандасып
аламыз.
Ғажайып
сәт
(Есік
қағылады)
Тәрбиеші:
Балалар, қанекей кім есік қағып тұрған,
қарайықшы
Тәрбиеші есік
ашады:
Балалар,бізге қонақ
келіпті.
Қоян;
Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Балалар
амандасады:-Сәлеметсізбе
Тәрбиеші:
-Балалар, бізге қонаққа келген бұл
кім?
-Балалар; Қоян
Қоян;
Мен бүгін сендерге әдейі орманнан «ертегілер
еліне» қонаққа келіп тұрмын. «Балдырған» тобының
бүлдіршіндері бақта жемістер мен
көкөністер жинағалы жүр деп естіп,көмекке
келдім
Тәрбиеші:
Қоян, сіз дәл уақытында келдіңіз, олай болса
балалармен қосылып, бізге бақта өсіп
тұрған шалқанды жинауға көмектесуге шақырамыз
Әуенмен шалқан ертегісі
басталады.
Тәрбиеші:
Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір
сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында шалқан егіпті.
Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып
өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып
қарайды.
Ата:
Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып
өсіпті. Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші:
Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы
болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды.
Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата:
Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой
көмекке кемпірді шақырайын.
— Кемпірім,
кемпірім, көмекке келші, қарашы, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз
өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге
тартайық!
Кемпір:
Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ
тартайық!
Тәрбиеші:
Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері
тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір
немересін
көмекке шақырады.
Кемпір:
немерем,немерем, бізге көмекке
келші. Атаң екеуіміз шалқанды жұла
алмай жатырмыз.
Немересі:
Жарайды апа сіздерге көмектесемін.
Тәрбиеші:
Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен
тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін
шақырады.
Немересі:
Итім, итім көмекке
келші.
Ит:
Аф-аф-аф көмектес десеңдер
көмектесемін
Тәрбиеші:
Ит қыздың етегінен, неересі
кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады,
бері тартады, бірақ шалқанды суыра
алмайды.
Енді ит көмекке мысықты
шақырады.
Ит:
Мысық, мысық, бізге көмекке
келші, атам еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Мысық:
Мяу-мяу, көмектесіп
жіберейін.
Тәрбиеші:
Мысық иттің құйрығынан ит
қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап
әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан
шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды
шақырады.
Мысық:
Тышқан, тышқан, маған
көмектесіп жіберші.
Тышқан:
Әрине көмектесіп
жіберемін.
Олар тарта-тарта шалқанды
суырып алады.
Шалқанды суырып алған
соң, шалқан ортада, ал балалар оны қоршап айналады
(музыкамен)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балапандар, енді
кішкене бойымызды сергітіп алайық
Сергіту
сәт:
(Музыкамен балалар қимыл
көрсетеді)
Тәрбиеші:
-Балалар,бүгінгі ертегіміз
сендерге ұнады ма?
-Бақшада ата не
екті?
-Шалқан көкөніс пе, жеміс
пе?
Қоян:
-Жарайсыңдар балалар, сендер
өте ақылды, әрі тапқыр бала екенсіңдер,сондықтан мен сендерге
әкелген сыйлықтарымды бергім келіп тұр(тәрбиешіге
береді)
Тәрбиеші:
-Рахмет
сізге қоян, бұл дәрумендерді балалар қуана-қуана
жейді.
-Ал,
балалар, біздің қонақтармен қоштасатын уақытымыз
келді
Балалар;- Сау
болыңыздар