Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегилер елине саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабакша балаларына арналган оку кызмети
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»

Мақсаты:Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар.

Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін, байқампаздығын, сабаққақызығушылығын дамыту, өздігінен талдау жасауға үйрету.Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.

Әдіс –тәсілдер:сұрақ-жауап, көрініс ертегі кейіпкерлерін жандандыру.

Қажетті көрнекі құралдар:магниттік тақта, геометриялық пішіндер.

Қостілдік компонент:пішін-фигура,бауырсақ-колобок.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығу-

шылығын

ояту

Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.

(бауырсақ келеді, музыкалық әуен ойналады).


Бауырсаққа қызыға қарайды.

Ұйымдас-тырушыл-ық

ізденіс

кезеңі

Бауырсақ : Менің атым Бауырсақ,

Мені пышақпен қырып алды,

Қанатпен сыпырып алды.

Қаймаққа иледі,майға пісірді.

Мен атадан кеттім,

Мен әжеден кеттім,

Тыңдамадым атамды Тыңдамадым әжемді Үйімді мен сағындым,көмектесші балақай.

Тәрбиеші : Баурысақ қай ертегінің кейіпкері?.

Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?

Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай?

- Балалар, біз бауырсақты атасы мен әжесіне апаруға көмектесейік. Оған баратын жолды көрсетейік. Енді орманға серуенге барайық (әуен ойналады).

Балалар бір шыршаның түбінде жылап тұрған қоянды көреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, қоян. Сен неге жылап тұрсың?

Қоян : Менің тұратын үйім жоқ.Соны маған табуға

көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: Біз саған көмектесейік. Мынау геометриялық пішіндер.

Балалар мынау қандай пішін, сендер білесіңдер ме?.

Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі.

Қоян : Балалар сендерге көп-көп рахмет.Менің енді баспанам болды.Рахмет мен енді өз жөнімен кетейін.

- Орманда келе жатқанда алдынан қасқыр кездеседі.

Қасқырдың сөзі: Балалар менің қарыным ашып тұр. Мен

бауырсақты жеймін.

Қасқыр :Онда сендер, мені сиқырлы көпірден өтуге көмектесіңдер. «Не көп, не аз» деген тапсырмамды орындаңдар.

Суретте шырша, қозықұйрық, мандарин, жапырақ салынған.

Қасқыр : Рахмет балалар, мен сендерден көп нәрсе үйрендім.

Мені сиқырлы көпірден өткізуге көмектесіңдер.

Мен енді өз жолыммен кете беремін.

Сергіту сәті : Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен Теріп,теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз Түс пен пішінді ажырата білу (қызыл шеңберге секір, жасыл төртбұрышқа аяқ қой, көк үшбұрышты атта, аяқ табанының массажы).

Бауырсақ: Келе жатып түлкіні кездестіреді.

Түлкі :Бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші, мені. Мен балалардан көп нәрсені үйреніп келе жатырмын. Сен бізді бір сынап көрші.

Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.

1. Қыста ақ,

Жазда сүр.

(қоян)


  1. Мен бал құмар қорбанбаймын,

Тәтті ұрлауға қорланбаймын.

(аю)


  1. Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай-шу.

(түлкі).


Түлкі : Сендер менің тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар. Мен сендерге ризамын.Бауырсақты жемеймін.

Бауырсақ :Мен сендерден көп нәрселер үйрендім. Сендерге

рахмет. Атам мен әжем тосып отырған шығар. Үйіме қайтайын.

Қош сау болыңыздар.






Тыңдайды.






Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.Сары.


Домалақ, шеңбер











Төртбұрыш (оның төртбұрышы бар).Мынау үшбұрыш (оның үш бұрышы бар).Мынау шеңбер (ол домалақ болады).











-Жоқ сен бауырсақты жемеші, біз бауырсақты атасы мен апасына апаруға көмектесейік деп келе жатырмыз.Балалар тапсырманы орындайды.





















Қоян



Аю




Түлкі

(Біз бауырсақпен

қоштасамыз).




Бауырсақ, мына жолмен тура жүрсең атаң мен әжеңе барасың.


Оқу іс-әрекетті бағалау

Балалар бүгін біз сабақта немен таныстық?





Балаларды мадақтау.

Ең бірінші қоянға көмектестік.Онда біз геометриялық пішіндер үй жасадық.

Екінші қасқырға көмектесіп көп аз ойының ойнадық.

Түлкінің жұмбақтарын шештік.


Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек:геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгеруді.

Нені игерді:өздігімен жұмыс істеуге машықтануды

Нені біледі:өздігінен талдау жасауды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12