жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегілер еліне саяхат
Сәлеметсіздер ме, құрметті де қадірлі қонақтар, балалар!
Жүргізуші:Бүгінгі біздің "Ертегілер еліне саяхат"атты ашық оқу іс-әрекетіне қош келдініздер! Ал балалар ертегілер еліне саяхат жасауға дайнысындар ма?
Балалар: ия
Жүргізуші: Балалар музыка залына қолдарын белдеріне қойып әуенмен кіреді. Бір шеңбер айналып шығып аяқтың ұшымен жүреді. Өкшемен жүру арқылы жаттығулар орындайды. Сап түзеп төрт қатарға бөлініп дене қыздыру жаттығуын жасаймыз. Терең тыныс алып сергіту жаттығуын әуенмен билейміз. Орнымызға жайғасып отырамыз.
Ендеше бірінші "Бауырсақ" ертегісіне саяхат жасайық. Бауырсақ ертегісін кім біліді? Балалар бауырсақ ертегісін еске түсірейік.
Балалар ертегі не жайында. Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлеріге қонаққа келіп отыр екен.
Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді)
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
Музыка ойнап тұр. «Ертегілер» әні.
Автор
Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал: -Кемпір-ау,маған бауырсақ пісіріп берсеңш
Кемпір: – Неден пісірейін? Ұн жоққой.
Шал: – Әй, кемпірім-ай! Қойманың түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян: – Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: – Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда .
Автор:
Қоян құлағын түреді , ал бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ:
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған
Бал қаймаққа шылаған, пісіріп маймен сыйлаған .
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған !
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым
Қоян: – Қой, бауырсақ сенің өленің жақсы, сен одан да менің тапсырмамды орында. Ал балалар, қояннан бауырсақты құтқарып, сұрағына жауап берейік .
Қоянның тапсырмасы:
– Ұн неден алынады ?(Бидайдан)
Бауырсақтың түсі қандай? (Сары)
Автор: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіпті:
Қасқыр: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: -Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін .
Автор: Бауырсақ әндете жөнеледі.
Бауырсақ:
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған
Бал қаймаққа шылаған, пісіріп маймен сыйлаған .
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған !
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған.
Қасқыр: – Жоқ, бауырсақ, өленің керек жоқ, сен менің тапсырмамды орында.
Қасқырдың тапсырмасы: Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.
1.берілген сөздерді буынға бөл:алмұрт, бала, машина,қалам.
Автор: Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса, оған аю қарсы шығады.
Аю: -Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған
Бал қаймаққа шылаған, пісіріп маймен сыйлаған .
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!
Аю:
Әй балалар, балалар!
Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойыңдар
Кәне, тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы,
Бұлжытпай орындайық.
Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
Автор: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнелді.
Түлкі: – Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Автор: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей, бауырымен сырғып, жақындай берді.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған
Бал қаймаққа шылаған, пісіріп маймен сыйлаған .
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған !
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу,
Қиын емес бұл маған!
Түлкі:оңай құтыла алмасаң, менің тапсырмамды орында
Түлкі:(қолында бір бума қағаз).Онда менің жұмбақтарымды шешіп көршіңдер.
-
Қыста ақ,
Жазда сүр.
(қоян)
-
Қорбаң-қорбаң етеді,
Орманда ол журеді.
(аю)
-
Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу
(түлкі)
Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Балалар: – Жоқ, қу түлкі олай болмайды, біз сенің тапсырмаларыңды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың, – деп бауырсақты алып кетеді.
Түлкі ештеңе істей алмай жөніне кете береді. Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.
Би: "БАУЫРСАҚ"
Балалар Бауырсақ биін билеп орындарына жайғасады.
Жүргізуші: Тағы қандай ертегілергі саяхат жасағыларың келеді?
Балалар: Маша мен аю деп жауап береді.
Жүргізуші:Маша мен аю бір-біріне адал дос екенін жақсы білеміз ба? ендеше сол көріністі биден тамашалайық.
Би: Маша мен Аю
Қорытындылау:
Балалар "Ертегілер еліне саяхат" сендерге ұнады ма? Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегіде жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін қандай тапсырмалар орындадық.
– Неліктен бұл жерде аю, қасқыр жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ)
– Өте жақсы!
– Ал, түлкі ше? (Түлкі – қу, айлакер)
– Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
– Ұн неден алынады?(Бидайдан)
Билингвалды сыңарларын білеміз ба?
Бауырсақ- колобок, ата-дедушка, апа-бабушка, қоян-зайц, қасқыр-волг, аю-медведь,түлкі-лиса.
Жүргізуші: Бауырсақтың түсі қандай?
Бауырсақ: Сары
Жүргізуші:Бауырсақтың пішіні қандай?
Бауырсақ: Домалақ,шеңбер.
Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
Жүргізуші: Рахмет балалар сендерге бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіне қатысқандарына көңіл күйіміз өте тамаша болды. Сендерге Бауырсақ силық алып келіпті қабыл алыңдар. Ал ендеше біздің бишілеріміздің биін қарсы алыңдар.
Би: "Періштелер"
Тараз қаласы №42 "Жұлдыз" балабақшасы

"Ертегілер еліне саяхат"
Би жетекшісі: Үсенова.Ж.Ж
Тараз қаласы -2018жыл

шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген